Этносты? ?арым-?атынас пен толеранттылы?ты дамытуды? психологиялы? ал?ы шарттары


Этностық қарым-қатынас пен толеранттылықты дамытудың психологиялық алғы шарттары
Тұрсынғали Аида психология кафедрасының ПХ 515 топ студенті
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Астанада өткен Қазақстан халқының Ассамблеясының 15-ші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда білім беру жүйесі мен тәрбие арқылы азаматтық сәйкестендіру, этностық қарым-қатынас пен толеранттылықты дамыту қажеттілігі жайында сөз айтып республикамыздың мектептеріне толеранттылық негіздері атты курстар енгізуді ұсынды.
Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. “Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Ұлтаралық қатынастарды реттеу және ұлттық- саяси жанжалдарды реттеу жолдары қоғамның қорғанысы және тұрақтылығына жоғары мәселелігімен шарттасады. Ұлттық- саяси аймақтағы жағдайлардың өзгеруі мен түпкілікті анализі қажет. Ұлттық саяси мемлекетті, мақсатты түзету, оның қорларын анықтау және әдістерін зерттеуді оңтайландыру үшін ұлтаралық қатынастың динамикасын ғылыми анализдеу қажеттілігі туып отыр. Этникалық топтар және олардың ұлттық- мәдени ұйымдары этносаяси үдерістің белсенді мүшелері бола бастады. Келу аймақтарының әлеуметтік- экономикалық тауашасын игеру барысында, қорлар үшін жергілікті қоғамдастықтың жемісті және белсенді бәсекелестігі этникалық топтардың жетістіктері әлеуметтік ақиқаттың дерегі болып табылады. Қазіргі замандағы қарқынды түрде ақпараттың, капиталдың, адам массасының таратылуы, диаспоралардың әлеуметтік үрдістерге шексіз түрде ықпал етуіне мүмкіндік беріп отыр. Өзекті мәселелерді зерттеу мақсатында диаспоралардың желілік трансұлттық құрылымдарды жасау, қоғам өмірінің экономикалық және саяси өмірінің маңызды факторлары болып табылды. Сондықтан да, этникалық топтарды сол желілердің көзі ретінде зерттеу менеджментті этноәлеуметтік қатынас аясында оңтайландыруға мүмкіндік беріп отыр. Алайда диаспоралардың рөлі мен орны әлеуметтік өмірде өзінің ерекшелігіне ие. Зерттеу этникалық топтардың әлеуметтік бейімделу үрдісінің өзарабайланыс мәселелеріне арналады. Осыған байланысты, этникалық топтардың өкілдерін бейімделуін психолингвистикалық зерттеме негізінде жаңа стратегиялық зерттеме ұсынылып отыр. Қазақ газеттеріндегі дау-жанжалды тақырыптарды талдау барысында дискурс-анализге пайдаланылған газеттерге жалпы сипаттама жасалды. Осыған орай талдаудың алдына мынадай міндеттер қойылып отыр: қазақ баспасөзіндегі дау-жанжал мәселесі тақырыптардың аясын анықтау; баспасөздегі өзекті тақырыптарды анықтау; өзекті тақырыптардың мазмұнының ашылу деңгейін анықтау; өзекті мәселелерге арналған мақалалардағы тақырып саны.
Зерттеу объектісі: қазақ баспасөзіндегі, соның ішінде, «Егемен Қазақстан» газетіндегі дау-жанжал мәселесі тақырыптардың аясы және олардағы өзекті мәселелер.
Зерттеу методологиясы: Контент-талдау қазақ баспасөзінің беделді басылымы негізінде жүргізілді. Сараптама жасауға «Егемен Қазақстан» газеті пайдаланылды. Газет бетінде ең жиі жарияланатын мақала тақырыптарының бірі – этносаралық қатынастарға байланысты мәселесі екені анықталды.
Егемен Қазақстан газетінде этносаралық қатынастарға байланысты мақалалардың бір жылдық көрсеткіші
№ Айы, жылы, күні Бет Тақырыбы
1 27.08.2015 6 Ұлтаралық татулықтың алтын деңгейі
2 15.08.2015 2 Халықаралық арбитражды орталық келешегі
3 30.08.2015 1 Қазақстан – Ресей қатынастарының деңгейі биік
4 14.05.2015 1 Түрлі ұлттың 570 өкілі Қазақстан азаматы атанды
5 02.05.2015 1 Татулық пен тұрақтылық, тыныштық тұрағы. Елбасы Н.Назарбаев халықты бірлік мерекесімен құтықтады
6 02.05.2015 6 Ұлттар бірлігі
7 04.05.2015 11 Достыққа арқау болған алтын көпір
8 05.02.2015 3 Ұлттар достығының ұясы
9 31.10.2014 1 Халықаралық құжаттар қабылданды
10 15.10.2014 1 Қазақ этно ауылы
11 15.10.2014 17 Халықтардың халықтығы
12 21.11.2014 15 Этносаясат және этносаралық қатынастар
13 28.11.2014 7 Ұлт пен ұлыс ұйытқысы
14 14.07.2015 2 Халықаралық ұйым өкілдері бас қосты
15 21.03.2015 9 Өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы талқыланды
16 16.12.2014 9 Тілегіміз – татулық
Тірегіміз – тұрақтылық
17 16.12.2015 12 Көптүрлілікті біртұтас татулыққа айналдырған
18 08.09.2015 9 Ұлттарды ұйыстыратын ұя
19 05.09.2015 5 Біз Қазақстандықтармыз татулықтың бірегей үлгісі
20 03.09.2015 7 Ел бірлігі – біздің барша табысымыздың кілті
21 01.04.2015 4 Ұлттар ынтымағын паш еткен фестиваль
22 14.01.2015 5 Отанымыз ортақ үйімі. Бірлік береке бастауы
Сондықтан да бұл талдаудың басты мақсаты жастарға тақырыптар мазмұның этностық қарым-қатынас пен толеранттылық туралы ақпараттық түсіндірілуімен сипатталуы қажет деген ойдамыз.
Ұлтаралық қатынастарды реттеу және ұлттық- саяси жанжалдарды реттеу жолдары қоғамның қорғанысы және тұрақтылығына жоғары мәселелігімен шарттасады.
Газет бетінде этносаралық қатынастарға байланысты мақалалардың бір жылдық көрсеткіші

Суреттен көріп отырғанымыздай: «Халықтардың халықтығы», «Этносаясат және этносаралық», «Көптүрлілікті біртұтас татулыққа айналдырған» көп қаралған тақырыптар болса, «Халықаралық ұйым өкілдері бас қосты», түрлі ұлт өкілдері мәселелері қарастырылғанымен жалпы халыққа көп тарқатылмаған мәселе болды. Бұл біздің биылғы мерекелі жылға жасаған аздаған зерттеуіміз деп есептеймін. Ұлттар достығын, татулық пен тұрақтылық, тыныштық тұрағы т.б. мәселелерді кеңінен бұқаралық ақпарат құралдарында тарату әлі де болса жүзеге асырылатын тақырыптар екендігі даусыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
2.Логинова А.А. Толерантность молодежи в современном обществе / А.А. Логинова, Л.И. Атаева // Актуальные вопросы современной педагогики: материалы IV междунар.науч. конф. (г. Уфа, ноябрь 2013 г.). – Уфа: Лето, 2013.
3. Макарова Т.В., Ларионова Г.Ф. Толерантность и правовая культура дошкольников. Методические рекомендации. – М.: Сфера, 2008.