Тренинг Татулы? — досты? кепілі


Татулық -достық кіліті .
Мақсаты :Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру ,кәсіби бірліктерін арттыру және жақсы ,қасиеттерін , жетістіктерін айту .Сенімді мінез-құлықтың мәнін түсініп ,өзіне деген сенімділігін арттыру .Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиясының мәдениетін жетілдіру бір-бірлеріне деген достық сезімін артытру.
Қатысушылар : тәрбиешілер .
Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер !Біздің барлығымыз да үнемі табыс биігінен көрініп ,керемет болғымыз келеді . Ал енді «керемет» дегеніміз не ? Біздің бүгінгі кездесумізде осы керемкт сөзін педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік .Енді барлығымыз «Керемет» сөзіне ұқсас бір-бір сөзден айтып көрейік : Идеал ,үлгілі ,өте жақсы , тамаша т.б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «керемет» сөзіне анықтама бар :бұл «үздік,өте жақсы ,ғажайып, тамаша» деген меғына береді . Еді осы өте жақсы қасиеттерді өз бойымыздан іздеп көрейік , керемет болмаса да бойымызда таң қалаларлық , елді елең еткізерлік мінез болуы мүмкін .
Сол үшін бір-бірлерімізбен жылы жүзбен амандасып алайық . Барлық қатысушылар шеңберге тұрып «Сәлемдесу» жаттығуын жасайық.
Көршіңді оң жақтан құшақта .
Көршіңді сол жақтан құшақта .
Өң жақтағы көршіңе бір жымиып
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып
Бүгінгі «Татулық достық-атты тренингді бастайық.
Сұрақ -жауап .
Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат .(Стандарт)
Балабқшада білім беретін бағдарлама неше бөлімнен тұрады.(5сала бөлімі)
«Құрастыру» бөлімі қай салада .(таным)
Балабқшадағы 2-3 жас аралығындағы топ қай бағдарламамен жұмыс істейді .(Алғашқы қадам)
«Көңілді музыка» ойыны
Мақсаты: Бойдағы шаршаудан стрестен арылу .
Шарты:Бір-бірінің иықтарына қолдарын қояды.Музыканың ырғағымен билеп , ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды . Ойын кері қайталанып отырады .
«Комплимент ойыны »
Мақсаты: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен кез-келген жағымды сөздер айтады ., мысалы : «өте жаңашыл», «нағыз кәсиби педагог» т.б .) Ал қалғанары ол сөздің кімге арналғанын табады .Сөз иесі ойынды ары қарай жалғастырады . Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын жалғаса береді .
«Әуенді терапия» (Баяу әуен ойналады) Көзімізді жұмамыз . Денемізді бос ұсаймыз .Сіздер өзен жағасында отырсыздар ,судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады . Жалаң аяқ құмның үстінде жүресіздер , құм аяұтарыңызды күйдіріп барады .Су денелеріңізді жеңілдетіп ,өзіңізді жақсы сезінудесіз . Өте жақсы демалдық .Қандай ғажап табиғат , таза ауа , жұмсақ құм , жылы су ! Терең демаламыз , ақырын демімізді шығарамыз . Біздің басымыз артық ойлардан тазарады. Біз өзімізге күн бойға жетер жігер , қуат жинадық, біздің көңіліміз көтеріңкі . Біз осы өмірдегі ең бай , байсалды,білімді ,керемет жандармыз !Енді ақырын ақырын көзімізді ашамыз .Бір-бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз . Біз қандай бақыттымыз ! Қандай кереметпіз!Біздің кездесуміз аяқталып кележатқан секілді . Кәне бәріміз шеңберге тұрып «Тілік шамы» арқылы бірлерімізге жақсы тілек білдірейік .
Психолог :Біздің сіздермен кездесуміз аяқталды .Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ біз әрдайым қозғалыстамыз .Көздеген мақсатымызға жеткенде біздің алдымыздан тағы да жаңалықтар ашылады . Олай болса жаңашыл ХХІ ғасырдың керемет педагогтары бола берейік .Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін .