Алтын диск-2015 бай?ауыны? сценариі


Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Алтын диск-2015» информатика пәні мұғалімдерінің Қызылорда облыстық байқауына қош келдіңіздер! жүргізуші: Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21 -ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын ол тастайды
Бұл Байқаудың басты міндеттері
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында иформатика пәні оқытушыларының практикалық икемділігі мен дағдысы деңгейлерін анықтау;
Информатика пәнін оқыту барысында инновациялық идеяларды, формалар мен әдістерді анықтау;
Ақпараттық – коммуникациялық және интерактивтік технологияларды қолданудағы информатика пәні оқытушыларының кәсіби құзыретін көтеру;
Информатика пәні оқытушыларының озық іс- тәжірибесін тарату.
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды
Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы
дей келе бүгінгі байқауымызды бастаймыз.
  «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай информатика пәнінің мұғалімдері бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда маңызды орын алып отыр.
Ал,құрметті ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа ,
Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.Байқауға қатысушылар
№ Оқу орны Қатысушының аты-жөні
1 Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі Елдеева Динара
2 Байқоңыр «Космос» колледжі Төлегенова Назым
3 Қызылорда политехникалық колледжі Нысанқулова Бақыт
4 Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі Мұратова Айгерім
5 Арал көпсалалы колледжі Тажибаева Замзам
6 И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Сейдахметова Манат
7 Қазалы көлік- техникалық колледжі Каликова Жанар
8 Қармақшы аграрлық техникалық колледжі Қошманова Данагүл
9 Шиелі индустриалды - аграрлық колледжі Мырзахмет Айсұлу
10 Қазалы аграрлық техникалық колледжі Медетова Арайлым
11 Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техикалық колледжі Айбусынова Жазира
12 Жалағаш индустриалды - аграрлық колледжі Диуанова Зухра
13 Сырдария аграрлық техникалық колледжі Мығымбаева Мақпал
Байқаудың 1 кезеңі сырттай өткізілді.
Бүгінгі болатын 2-Кезеңнің турлары:
Білім сынағы (арнайы пән деңгейінде білім дәрежесін анықтау, тест сұрақтары бойынша )-50 минут
Жеребе бойынша кез –келген бағдарлама құру -5 минут
Өз –өнерін көрсету (хобби)-5 минут
Байқауды бастамас бұрын оқытушыларды жеребье арқылы оқытушылардың реттік санын анықтап аламыз.
(Жеребье жүргізіліп оқытушы реті анықталады.)
Жүргізуші:
Әділ-қазы алқасына бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
Мынау заман ақпараттың ғасыры,Интернетсіз бағынбастай бар шыңы.Бэббидж, Лейбниц, Гейтстер ойлап тапқан,Информатика ғылымдардың асылы.дей отырып 1-тур Білім сынағын өткізі үшін келесі кабинетке оқытушылардың баруын сұраймын. -50 минут
2-тур
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене дей отырып
2-тур Жеребе бойынша анықталған реттік сандар бойынша кез –келген бағдарлама құру сайысын бастаймыз.5 минут
3-тур
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпаз болу шарт сол.
Еңбек етіп жалықпай,
Сәтті сапар тілеумен.
Сайысты біздер бастайық,
Көрсетіңдер өнерді,
Қарап қалма жасқаны, -дей келесі сайысымызды 3-тур Өз –өнерін көрсету (хобби)-5 минут бастаймыз .
Білімдіден шығады білгір маман,Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.Ақпараттық ғасырың – болашағың,Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-
дегендей сайысымыз осымен мәресіне жетті.Сайыс қорытындысын жасауға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.Арнайы осы кеш үшін жасалған мақтау қағаздарымен марапаттау рәсімі.