Мектепалды даярлы? сыныбына 8-Наурыз мерекесіне ?ткізілген Б?лдіршін ару бай?ауы. Ма?саты балаларды ?аза?ты? салт-д?ст?рлерін д?ріптеуге, аналарды ??рметтеуге т?рбиелеу.


Тақырыбы: «Бүлдіршін аруы -2017» Мақсаты: Оқушыларды тәрбиелікке, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Бір-бірлерін тыңдап, қолпаштап, тыңдай алуға үйрету.  балалардың ойлау қабілетін арттыруға, алған білімдерін ары қарай дамыту. Сегіз қырлы, бір сырлы етіп білім беру.  Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плокат, магнитафон, мақал-мәтел, шар, гүлдер.  Жоспары: I. «Сәлем-сөздің анасы» -Өзін-өзі таныстыру. II. « Шебердің қолы алтын» (гүл үлгісін жабыстыру) III. «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерлерін көрсету IY. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету V. "Спорт денсаулық кепілі" Спорттық сайыс. шығырық тастау.
VI."Шашты әсемдей білеміз" Аналармен сайыс Марапаттау. Сабақтың барысы: - Армысыздар, құрметті көрермендер! «Бүлдіршін аруы-2017» сайысына қош келіпсіздер! Сіздерді міне келіп жеткен көктем мерекесімен аяулы да ардақты қыздарымызды, аналарымызды, әжелерімізді 8-наурыз мейрамы мен құттықтаймыз. Қыз баланың бойынан табылуға тиіс қасиеттер- ата-тегі, ақыл- парасаты, сымбат көркі және іс-өнерін бағалау- «қыз сыны» деп аталады. - Осы тұста айта кетер бір жай, ертедегі қазақ елінде қыздарымызға осындай мақсатты талаптар қойылуымен қатар, табиғат сыйлаған дарын-қасиеттерінің жарқырай ашылуына да көптеген мүмкіндіктер, жағдайлар туғызып отырған. - Енді әділқазылар алқасымен сіздерді таныстырып өтейік. (есімдері аталады) Әділқазылар 5 балдық жүйесімен есептеп қорытындыда хабарлайды. Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып-тасып, Аруларын сыйлаған халқым менің Көңілді қошаметпен қарсы алайық- деп аруларымызды ортаға шақырамыз. 1 Аруымыз Айзере2 Аруымыз Аяжан3 Аруымыз Елдана 4 Аруымыз Гаухар 5 Аруымыз Гүлнұр Кімдер жүйрік, өнерпаз білейінші, Аруы деп Балаусаның жүрейінші. Әділдік әділқазы алқасынан, Ал аруларға сәттілік тілейікші. 1- сайысымыз бойынша өзін-өзі таныстыру. (Кезекпен шығып таныстырады) 5ұпаймен бағаланады
Уа,бүлдіршін арулар!
Ешкім жоқ сені алалар
Бүлдіршіндер сайысса,
Оны қазы бағалар.2-сайысымызда халқымыз «Шебердің қолы алтын» деп тегін айтпаған. Соның дәлелі ретінде біздің аруларымыз гүлдер жабыстырып аналарына ашықхаттар жапсырып шеберліктерін көрсетеді. Аруларымыз гүлдерін жабыстырғанша Ата аналармен «Мақалдың жалғасын тап» ойынын ойнап жіберейік. 1. Жақсы қыз жағадағы құндыз,.........(Жақсы ұл аспандағы жұлдыз) 2.Ауылдан қыз кетсе,...........(қызық кетеді) 3.Екі елдің арасын қыз қосады,.............(Екі жолдың арасын жол қосады) 4.Ақылды қыз,............... (Ауыл көркі) 5.Қыздың аңқауынын сақта,........(Ұлдың жалқауынан сақта) 6.Бір жақсы қыз,...........(Екі жаман ұлға татиды)
- Рахмет! Қыздарымыз келесі бөлімге дайындалғанша біз мерекемізді жалғастыра берейік. - Келесі сайысымызға аруларымыз дайын болғанша Ерсұлтан мен Даяна өздерінің өнерлерін көрсетіп жіберсін.  - Иә, жарайсыңдар ұлдар! Көркем өнер – жас бөбек, Сүйкімді болар баптаса, Қайсысы әнші, кім биші? Талабына қарайық, Кімдер зерек, кім жылдам? Таланттарын табайық. Қыздарымыздың өнерімен танысайық. 3- сайысымыз «Өнерлі өрге жүзеді» аруларымыз ортаға өз өнерлерін көрсетеді.  4- сайысымыз Құрметті ару қыздарымыз! Таныстық, шеберлігімізді көрсеттік, өнерімізді көрсеттік, ендігі кезек киім үлгісінде. - Қазақ халқымыз ежелден қыздарымыздың киіміне үлкен мән берген. Киім-кешектің ең сәндісін, әшекей бұйымдардың ең асылын қыздарына, қарындастарына беру ежелгі дәстүр. Осы сөзімнің айғағы ретінде аруларымыздың киім үлгісін көрсету кезеңімен ортаға шақырамыз. Сән үлгісінен кейін келесі сайысымызды бастайық  5- сайысымыз" Спорт денсаулық кепілі"Шырық лақтырудан сайысады.
6-сайысымыз"Шашты әсемдей аламыз"Ата -аналармен сайыс.- Қорытындылау сөзін әділқазы алқасына берейік Аруларымызға лента тағады ,мақтау қағаздарымен марапаттау.«Сүйкімді ару» «Өнерлі ару» «Биші ару» «Көрікті ару» «Бүлдіршін аруы » Көгере бер, көркейе бер, өсе бер. Өмір жолы еңбекпенен шешілер Шыңға шығар шынар болып шынайы, Кездеспесін ешқашанда кесірлер. Келесі кездескенше сау болыңыздар! Ата-аналарға сөз беру. Бүгінгі «Бүлдіршін аруы» сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Ертеңгілік тақырыбы:Ана – өмір шуағы.МАДМақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер,плакат.шарлар, ноутбук. Ертеңгіліктің барысы: Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналарҚош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Аріздерді мысыздар әжелер,аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың . (Сыныпқа күн кіреді)Сәлеметсіздер ме балалар
Таңмен көзін ашатын
Әлемге нұрын шашатын
Мен күнмін әлемге жылуын шашатын
Жүргізуші:Арайлы күн,бізге жылу беретін,көңілімізді көтеретін сенсің,олүшін саған мың алғыс.
Күн жылынып,мұз еріп,
су көбейіп,сай-салаға ағады.
Жапырақ ашып,
гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады?
Кәне ортаға Көктемді шақырайық.(Ортаға көктем келеді)
Көктем:Сәлеметсіздер ме аналар, балалар,
Маған еріп құс келді,
Әнге бөлеп даланы.
Дала ерек түске енді.
Киінгендей жаңаны.
Көктем гүлдерінің тапсырмаларын орындайық.
1-гүлдің тапсырмасы
Жұмбақтар шешу
2--гүлдің тапсырмасы
Ребус шешу
3-гүлдің тапсырмасы
"Кім жылдам"(Мнимотехникамен тақпақ жаттау)
4--гүлдің тапсырмасы
Аналарға арнап өнерлеріңді көрсетіңдер.
1-оқушы:Ерлік
Жылбасы Наурыз мереке,
Нұрға әлем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
2-оқушы:Ерсұлтан
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Апамды да сыйлаймын.
Ән:Дос болайық бәріміз(Ұлдар)
Ата аналарымызбен ойын"Кімнің қолы"
3-оқушы:Нұрсұлтан
Бала, бала,бала деп,
Түнде ұйқысын төрт бөлген.
Түнде төсек таянған,
Апатайым жан анам.
4-оқушы:Шаттық
Таусылмайдыөлеңі,
Күнде күліп жүреді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Ән:Қошақаным(Нұрсұлтан,Ерсұлтан)
5-оқушы:Жанарыс
Шалқып тасып әніміз ,
Жадыратып жанымыз.
Апа сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз
6-оқушы:Санжар
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді ақтармын.
Би:Вальс (Ерсұлтан,Даяна)
7-оқушы:Естай
8-оқушы:Даяна
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым 8-Наурызбен!
Ән:Ақ мамам(барлығы)
Жүргізуші:Құтты болсын,осы шаттық күніңіз,
Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп Қана жүріңіз. деп осы баларрымыздың күшімен дайындалған ертеңгілігіміз аяқталды.Мерекелік құттықтау сөзді директордың тәрбие ісінің орынбасары Есбердинова Гүлшатқа береміз.