Та?ырыбы: «Ал?ыс айту парызым!» Ма?саты: балаларды? «сыйласты?» ??ндылы?ы туралы т?сініктерін ке?ейту. Ал?ыс айту?а т?рбиелеу. Міндеттері: -ризашылы? пен ал?ыс туралы т?сінік беру -?лкен-кішіге деген с?йіспеншілігін, сыпайылы? ?арым-?атынасын дамыту


Тақырыбы: «Алғыс айту парызым!» Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Алғыс айтуға тәрбиелеу.Міндеттері: -ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;-әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.Көрнекіліктері: оқулық,дәптер,сандықшаШаттық шеңбері:Ризамын бүгінге,Ризамын бүгінге,Ризамын бүгінге,Ризамын қазірге!Ризамын,ризамын, ризамын бүгінге,Ризамын,ризамын, ризамын қазірге.Әңгімелесу-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?-Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?Балалардың жауаптары тыңдалады.Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.-Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.Мәтінмен жұмысАлғыс-Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?-Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?-Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?Балалардың жауаптары тыңдалады.Данышпан атаның алғыс сөздерінен күн жасауСахналауІ-топ:Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналауІІ-топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналауДәйексөз. «Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады.Жаңа ақпарат«Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. »Видео ролик./ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері/Дәптермен жұмысҚорытындылау-Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы:  «Алғыс айту парызым!».
Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,  - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Секторлық тақтайша, мақал- мәтелдер
Шаттық шеңбері
Амансың ба Алтын Күн!
Амансың ба Асыл жыр!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба жан досым!
Жылуыма жылу қос!
Міне менің қолым! –
Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық, алғыс айтуға байланысты «Сыйласаң- сыйлы боласың» деп аталады.
Ал ,балалар осы сыйластыққа арналған тақпақтарымызды айтып шығайық.
1.Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Сыйлы болмақ, өзі де,
Үлкен болған кезінде.
(С.Мәуленов)
2.Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
(Е.Ерботин)
3.Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
(К.Байзақов)
4.Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдепті қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
(Е.Өтетілеуов)
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.
- Бүгін балалар сыйластыққа байланысты тәрбие сағатымызда  біз «Ғажайып алаң» атты ойын ойнаймыз. Оған 3 ойыншыдан 3 кезеңге қатысады. Мен бүгінгі тақырып бойынша тапсыраманы  тақтаға іліп қоямын, ал қатысушылар алдында тұрған секторлы тақтайшаны айналдыру арқылы өздеріне ұпай жинайды және жауаптарын айтады.   Бірінші кезеңге қатысушы балаларды ортаға шақырайық.
Барат Анар, Болат Думан, Серік Абылай
І- кезең сұрағы.
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? Жасырылған сөз (әдепті)
Әдепті екен бұл дейміз!  
Көрермендермен ойын: «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» Тәрбиеші басқы сөзін айтады, балалар ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Балабақшаға.............................(кешігуге болмайды.)
- Топта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Ойыншықтарды.................. (сындырмай ұстау керек.)
Енді ортаға ІІ кезең қатысушыларын шақырамыз.
Хамраева Айша, Шпекбай Айханым, Сарсенов Айбек
-Сендерге берілетін тапсырма мынадай:
Кітап, дәптер, қаламы,
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Жасырылған сөз (Ұқыпты)
Ұқыпты екен бұл дейміз!
Көрермендермен бірге ситуацияны шешу.
1.Көше бойымен таяққа сүйенген ата келе жатады. Басын көтеріп жолбағдарлауға шамасы келмей келе жатыр. Сен оған қарсы кездестің. Недейсіз?
 Не істейсіз?
Балалардың жауабы.
2.Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Әрине тұрып орын бересіз. Әже қуанып қандай  алғыс айтады.
Ортада ІІІ кезең ойыншылары. 
Отан Жанерке, Сейдахметов Дильяр
Тапсырмаларың мынадай:
Таудай биік талабы,
Жақсы баланы
Кім дейміз?
Жасырылған сөз (үлгілі)
Үлгілі екен бұл дейміз.
Жеңімпаздарды атау.
Жақсы ,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік
Апаң сенің базарданАлма сатып әкелді!
Ең үлкенін,  жақсысын
Саған таңдап әкелді!
Не деп барып жеу керек? (рахмет)
Балалар жүр көшеде
Естіледі айғай-шу.
Сенде шықтың, көршіңді
Қойып кеттің байқамай.
Не деу керек? (кешіріңіз)
Осы келген бетіңде
Допты қудық, жарыстық.
Көшенің сол шетіңде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз бе?)
Қорытынды:
Тәрбиеші:
1. Балалар, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білейік.
2. Қоғамдағы ең жақсы адам- әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі.