Саба?ты? та?ырыбы: «Наурыз мейрамы» аппликациясы


Тақырыбы: «Наурыз мейрамы» аппликациясы.
Мақсаты: Халықтық мерекелермен және дәстүрлермен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: арнайы суреттер. Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті мата қиындылары, қатты қағаз, желім, қайшы.
Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Наурыз қазақша «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы бұл мейрамға ерекше дайындалады. Киіз үйлер тігіліп, халық жаңа, таза киімдерін киіп, наурыз көже пісіреді, айтыс, ат жарысын ұйымдастырады.Ұлттық ойындар ойналады. Міне, енді түрлі-түсті матадан осы көріністің аппликациясын орындайық. Сергіту сәтіIV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап 3. Практикалық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:
Ұзындығы 30 см, ені 20 см қатты қағаздың төменгі бөлігіне жасыл түсті матаны, жоғарғы бөлігіне көкшіл түсті матаны желімдейміз. Жайылып кетпеуі үшін желімді аздап жағамыз. Қатырма қағаздан киіз үйдің қалып үлгісін дайындап аламыз. Ақ түсті мата қиындысының бетіне дайын қалып үлгіні қойып, киіз үйді жасаймыз. Қызыл түсті матадан оюын дайындап, киіз үйге желімдейміз. Киіз үйдің есігін қиып, қайырып қоямыз. Одан кейін дайын киіз үйді жасыл матаның бетіне жапсырамыз. Жылқылар мен ешкілерді ақ, қара, қоңыр матадан қиып алып, желімдейміз.
4.Техника қауіпсіздігін сақтау.
V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер? Наурыз мейрамы аппликациясын неге жасыл түспен алдық? Наурыз мейрамы қай мезгілде болады?
VI. Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.