Та?ырыбы: “ Наурыз?а шашу!”


Күні: Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: “ Наурызға шашу!”
Мақсаты: Наурыз мерекесі жайлы білімдерін кеңейту.Мазмұнды суреттерді қолданып, балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Наурыз, уыз, ұршық т.б
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Бала әрекеті жағымды
жағымсыз
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III. Рефлексия 1.Балаларды шеңберге тұрғызу:
Мысалы: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай берсін қаламыз.
2.Балалармен әңгімелесу.
- Біздің тұратын қаламыз қалай аталады?
-Қазақстан республикасының - астанасы қай қала?
- Қандай ұлттар тұрады?
-Қандай мерекелерді білесіңдер?
Жақында Наурыз мерекесі болады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі- “ Нау”- жаңа, “руз”- күн деген сөздерінен алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.
Наурыз- бақыттың бастамасы, ұлылықтық ұйтқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі,өмірге нұр сыйлаған ,сезімге гүл сыйлаған ,халық қастерлейтін күн.
3.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Балалардың алдына Наурыз мерекесі туралы суреттер (киіз үй,от,қазан,әже)
- Суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Адамдардың көңіл-күйлері қандай?
- Не істеп жатыр?
-Ауа-райы қандай?
4.Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
5.Жұмбақ жасыру.
1. Дәмді –дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)
2. Төрт бұрышты ,бір ауызды (Сандық)
3.Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.( Таба нан)
6. Сұрақтар қою.
- Балалар,сендер ұлттық –дәстүр деген не екенін білесіңдер ме?Халқымызда мынадай сөз бар.
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады “надан” деп.
Қазір ,мына сан жалыған асықтарды аласыңдар.Бұл жай асық емес, сиқырлы асық. Асықтар мына сұраққа жауап беріңдер,-дейді.
Жеті атаңды атап бер.
Ұлттық ойындарды ата.
Қандай ұлттық тойларды білесің?
Ұлттық киімдерді ата.
Ұлттық тағамды ата.
Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап толықтырылады.
Наурыз күні не пісіріледі?
Наурыз көжеге қандай дән салынады?
7.Сабақты қорытындылау
Бағалау:өз-өзін бағалау түрі;
- досын бағалау. Өлең жолдарын қайталайды.
Сұраққа жауап береді.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Сергіту сәтін орындайды.
Жұмбақты шешеді.
Сұрақтарға жауап береді. Күтілетін нәтиже:
Білу:Наурыз жыл басы екенін білуі тиіс;
Игеру :Наурыздың көктем мерекесі екенін игерілуі ;
Меңгеру:Наурызда бүкіл табиғат оянып,тазалық жұмыстары жүргізілетінін меңгерілуі;