Бала с?лтан 3-4 сыныптар аралы?ында ер балалар арасында ?ткізілген бай?ау




Бала сұлтан
3-4 сыныптар аралығында ер балалар арасында өткізілген байқау
Ұйымдастыру комитеті: «Таланттар академиясы»
дарындыларды қолдау орталығы
2013ж,желтоқсан
«Бала сұлтан»байқауының сценарийі
1-жүргізуші Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас! 2-жүргізуші Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас! .. 1-жургізуші Бағына бақытты елдің туған ұлан, Бойына бар асылды жиған ұлан. 2-жүргізуші Қазақтың қасиетті жігіттері, Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
1-жүргізуші «Ұл туғанға күн туған» - деп ұл дүниеге келсе ерекше оны бақыт санаған..2-жүргізуші «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.1-жүргізуші Олай болса ,жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, пайым-парасатын тамашалайық.2-жүргізуші Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстанның тәуелсіздік мерекесіне арналған «Бала сұлтан» байқауына хош келіпсіздер!
Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз.1жүргізуші Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді, Мектепте өнерімен болған сыйлы.2-жүргізуші Үшінші сыныптың сұлтандары Шақырайық ортамызға Қанат пен Ералханды 1-жүргізуші Спортпенен білім жағын бір қосқан Кем қалмаған талантпенен табысқан
2-жүргізуші Қараңыздар Ербол менен Диасты Тауды бұзар шын кіріссе намыстан -1-жүргізуші Біледі ол жақсы менен жаманды Өнерменен тамсандырған адамды 2-жүргізуші Қошеметтеп шақырайық ортаға,
Жанболат пенен Жанболаттай сұлтанды 1-жүргізуші Еңбексүйгіш, таудай талап бойында, Барлық істі тыңдау бар ойында.
2-жүргізуші Хасен мен Фархаттай жігітті,
Шақыралық қошеметпен ортаға -Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік
1-жүргізуші 1 шарты: «Мен мен едім,мен едім»
2-жүргізуші 2 шарты: Дефиле «Фантазия »
1-жүргізуші 3 шарты: Оригиналды жанр «Жұлдызды сәт»
2-жүргізуші 4 шарты: «Білімді мыңды жығар»
1-жүргізуші 5 шарты: «Зерделі сұлтан»
2жүргізуші 6 шарты: «Сөз зергері»
1-жүргізуші 7 шарты: «Бала тілі бал»
2-жүргізуші 8 шарты: «Менің –сый кәдем»
1-жүргізуші Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік: 2жүргізуші 1–Тикеева Мафруза апай– Қосымша білім беру маманы
1-жүргізуші 2 Байділда Данышпан ағай- мектеп тәлімгері 2-жүргізуші 3 Байзақова Шолпан апай- мектеп психологы Сұлтандарымыз сайысқа дайындалу үшін сахна төрінен шығарып салайық! 1-жүргізуші .Ей, тәкәппар дүние, Маған да бір қарашы 2-жүргізуші Танимысың сен мені Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай байқауымыздың І- ші шарты «Мен мен едім,мен едім» » - деп аталады. Талапкерлеріміз бейнематериалдар арқылы өзін, отбасын,сыныбын, достарын таныстырады.Уақыты-2минут
№1 Қанат сұлтанымызбен танысу үшін экранға назар аударайық
№2 Ералхан сұлтанымыз кім екен экранға назар аударсақ
№3 Диас сұлтанымызбен қандай екен экранға назар аударайық
№4 Ербол сұлтанымыздың қандай қыры бар екен экранға назар аударсақ
№5 Жанболат сұлтанымызбен танысу үшін экранға назар аударайық
№6 Дәулет сұлтанымыздың ерекшелігін білу үшін экранға назар салсақ
№7 Фархат сұлтанымызбен толығырақ танысу үшін экранға назар аударайық
№8 Хасен сұлтанымызбен жақынырақ танысуүшін экранға назар аударайық
І-жүргізуші Рахмет, жігіттер!Бала сұлтандарға сіздердің қошеметтеріңіз! 2-жүргізушіІ Қазақта жігіттерді былай деп атаған! «Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,1-жүргізуші «Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт, «Сері жігіт» - мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса өнерлі сұлтандарымыздың қиял-ғажайып киім үлгілерін тамашаласақ.«Дефиле» Фантазия киім үлгілеріБұл шартта қиял ғажайып киім үлгілері көрсетіледі. Уақыты-2-минут
№1 Қанат сұлтанымыздың ғажайып киім үлгісімен таныс болыңыздар
№2 Ералхан сұлтанымыздың керемет киім үлгісімен таныссақ
№3 Диас сұлтанымыздың әдемі киім үлгісімен таныс болыңыздар
№4 Ербол сұлтанымыздың әсем киім үлгісімен таныссақ
№5 Жанболат сұлтанымыздың классикалық киіүлгісіменыс болыңыздар
№6 Дәулет сұлтанымыздың ғажайып киім үлгісімен аныс болыңыздар
№7 Фархат сұлтанымыздың керемет үлгісімен таныссақ
№8 Хасен сұлтанымыздың айшықты киім үлгісімен таныс болыңыздар
Келбетті де, сымбатты сұлтандарымыз үшін сіздердің қошеметтеріңіз!
2-жүргізуші Жігіттің көркі өнері, Талап – кісі мұраты.1-жүргізуші Өнер қалмақ артында, Дүниенің өшпес шырағы.2-жүргізуші-Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес.Ендеше,Келесі шартымыз «Жұлдызды сәт» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерімен көрермендерді таң қалдыру керек .Уақыты -2минут
№1 Қанат сұлтан
№2 Ералхан сұлтан №6 Дәулет сұлтан
№3 Диас сұлтан №7 Фархат сұлтан №4 Ербол сұлтан №8 Хасен сұлтан
№5 Жанболат сұлтан
2-жүргізуші Арманшыл сұлтандарымызға сіздердің қошеметтеріңіз!
«Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?І-жүргізушіДұрыс айтасың, аты аңызға айналған бабаларымыздың өнегесінен тәлім тәрбие алып, келеміз ғой!
2-жүргізуші Олай болса, бүгінгі талапкерлеріміз Ұлт мақтаныштары туралы не біледі екен,соған назар аударайық!
І-жүргізуші Ендеше, «Білімді мыңды жығар» атты шартымызда Ұлттымыздың ұлы тұлғалары туралы сұлтандарымыз өз білімдерін сарапқа салмақ.Экранға назар аударайық
2-жүргізуші Экрандағы ұяшықтарда ұлттың ұлы тұлғалары бейнеленген . Сұлтандарымыз ұяшықтың біреуін таңдайды да , ұлы тұлға туралы айтып береді.Уақыты-2минут
№1 Қанат сұлтан қай ұяшықты қалайсыз
№2 Ералхан сұлтан қай ұяшықты таңдайсыз
№3 Диас сұлтан қай ұяшықты қалап тұрсыз
№4 Ербол сұлтан қай ұяшықты таңдап тұрсыз
№5 Жанболат сұлтан қай ұяшық сізге ұнайды
№6 Дәулет сұлтан қай ұяшықты таңдайды екен
№7 Фархат сұлтан қай ұяшық сізге ұнайды
№8 Хасен сұлтан қай ұяшықты қалайсыз
2-жүргізуші Ер өнері білінбес, Қоян қолтық алыспай.
1-жүргізуші Ақыл ойы білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың 5 шарты: «Зерделі сұлтан» деп аталады.
2-жүргізуші Бұ л сайыстың ерекшелігі сұлтандарымыз бірдей сахнаға шығып,бір уақытта алдын ала дайындалған заттардың бірін таңдап,сол зат болып сөйлейді.Уақыты-2 минут
Сонымен сахнаға бала сұлтандарымызды шақырамыз!
№1 Қанат сұлтан не дейді екен
№2 Ералхан сұлтан қалай ойлайды екен
№3 Диас сұлтан не дер екен
№4 Ербол сұлтанның ойы қалай
№5 Жанболат сұлтан не айтасыз
№6 Дәулет сұлтан қандай қасиеттері бар
№7 Фархат сұлтан таңдаған себебіңіз не
№8 Хасен сұлтан несімен сізге ұнады
1-жүргізуші .Би болатын жігіттің
Төбеде болар жұмысы.2-жүргізуші Қара тілді қақ жарып, Шешендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекте сұлтандарымыздың сынау мақсатында «Сөз зергері» шартына береміз.!
Ортаға бала сұлтандарымызды і шақырамыз.
№1 Қанат сұлтан
№2 Ералхан сұлтан №6 Дәулет сұлтан №3 Диас сұлтан №7 Фархат сұлтан №4 Ербол сұлтан №8 Хасен сұлтан
№5 Жанболат сұлтан
Қазылар алқасы қандай сөз берер екен назар аударайық!
1-жүргізуші Олай болса, Сұлтандарымыз «Қазакстан» сөзінен сөз құрастырады Уақыты-2минут 2-жүргізуші . Сұлтандарымыз ойланам дегенше, Күлзипа апай бүгінгі байқауда кім жеңімпаз болады деп ойлайсыз Рахмет апай!Айтқаныңыз періштенің құлағына шалынсын!
№1 Қанат сұлтан неше сөз таптыңыз
№2 Ералхан сұлтан №6 Дәулет сұлтан №3 Диас сұлтан №7 Фархат сұлтан №4 Ербол сұлтан №8 Хасен сұлтан
№5 Жанболат сұлтан
Тапқыр да алғыр сұлтандарымыз үшін сіздердің қошеметтеріңіз!
Ертеде ата-бабаларымыз әдемі қазақы әзіл қалжыңмен той думанды жандандыратын болған.
1-жүргізуші --Себебі біз ақ көңіл ,кең пейіл ұлттың ұрпағы епмеспіз бе
2-жүргізуші Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Бала тілі бал » деп аталады Ортаға қатысушы талапкерлеріміздіәдемі әзіл айту үшін сіздердің қошеметтеріңізбен сахна төріне шақырамыз.Уақыты 2-минут
№1 Қанат сұлтан
№2 Ералхан сұлтан №6 Дәулет сұлтан №3 Диас сұлтан №7 Фархат сұлтан №4 Ербол сұлтан №8 Хасен сұлтан
№5 Жанболат сұлтан . 1-жүргізуші Орынды әзіл айта білетін әртістік қабілеті бар сұлтандарымызға қошемет ағайын! Қазақта «Сегіз қырлы бір сырлы». деп ерекше қабілеті бар жігіттерді атаған.
2-жүргізуші Ендеше, ой ұшқырлығын,қол еңбегін сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Менің сый кәдем» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз қолдарымен жасаған сый кәделерімен таныстырады..Уақыты-2минут1-жүргізуші Ендеше,көрермен қауым,сахнаға талапкерлеімізді шақырамыз!
№1 Қанат сұлтан
№2 Ерасыл сұлтан №6 Дәулет сұлтан №3 Диас сұлтан №7 Фархат сұлтан №4 Ербол сұлтан №8 Хасен сұлтан
№5 Жанболат сұлтан
2-жүргізуші Ей, Сендерге биік ата - салтын құрметтеп, Ақтай білсең ата-баба үмітін, Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп..дей келе бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші Қымбатты Күләш апай Бұл байқау сіздің идеяңызбен болып жатыр . Сұлтандарымыз сізге ұнады ма Сізге көп-көп рахмет! Жаңа идеялардың көшбасшысы болыңыз!
Енді,қазылар алқасы шешімін шығарамын дегенше,кезекті жанкүйерлеріміздің өнеріне берейік
-Жанкүйерлер өнер көрсетеді
1-жүргізуші Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
«Мақтанышы» деп мектептің жүрейікші.
2-жүргізуші Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал, сайыскерге, тек сәттілік тілейікші! – дей отырып, сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әдлқазылар алқасына береміз.
Қорытынды: Қазылар алқасына сөз беру,марапаттау.