Не??айда? ?ашан? интеллектуалды? ойын (3-сынып )


Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан? интеллектуалды ойыны Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру. 
2.Логикалық ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. 
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу 3.Білімділік,тапқырлық,ізденімпаздылық қабілеттерін дамыту
Көрнекілігі:Ойын үстелі,суреттер,қара жәшік ,зырылдауық Техникалық жабдықтар: үнтаспа, бейнетаспа, АКТ Ойын барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына, Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер сіздердей өренді, Жеңістің мынау шыңына- деп бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер! Өз білімдерін паш етіп, бақ сынасар  ойыншыларымызды қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық. Жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар, Жүректе от, көздерінде жалын бар. Білімді топты халайық, Қол соғып қарсы алайық. Ойын алаңына сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз. Сайысқа 3 сыныптан 10 оқушы іріктеліп алынды. . 
І топ мүшелері :
Тек алға деген ұранмен жүретін - Тикенова Анел
Ешкімнен қалыс қалмайтын- Әліп Жандос
Біздің топ жеңіске жетеді - Нұрлан Санжар
Команда капитаны Дінкай Иман – біріміз бәріміз үшін ,бәріміз біріміз үшін деген ұранды бетке ұстап келіп отыр
ІІ топ мүшелері:
Сайлаубай Назель – өнерлі ,ақылды,бойынан барлық қасиет табылады
Серік Темірлан –Ізденген жетер мұратқа
Берік Сакен - Бірлік бар жерде тірлік бар
Команда капитаны –Нарбай Асылзада Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні қаріп
Жүргізуші: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Пайғамбардың хадистерінде білім алуға ұмтылу әрбір мұсылманның парызы делінген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаев та жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы- білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі ойынымыздың ұраны: Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. Құрметті ұстаздар, ойынға қатысушы үміткерлер «Не? Қайда? Қашан?» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер 
Жүргізуші: Сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз, 
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар, Жүлдені өнерлі тапқыр алар. Кім өнерлі , кім тапқыр –шешу қиын. Қазылар алқасы болмаса нық сын алар – дегендей кез-келген сайыс бағалануы тиіс.
Осының ара жігін ажырататын қазылар алқасы бар. Әділқазылармен таныстыру: Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайын. 1.Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Аманжолова Жұлдыз
2.Оқу ісі жөніндегі орынбасар :Кенжебаева Ж Әділқазылар сендердің бүгінгі ойындарыңа баға беріп,қорытындылайды 3.Ойын ережесімен таныстыру: Сендердің алдарыңда айналдыру құралы сол арқылы сұрақ таңдалып алынады. Әр тапсырманы ойлануға 2 минут уақыт беріледі.Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. Нақты толық дұрыс жауаптар ғана есепке алынады. Ұпай теңгемен есептеледі . 1 сұраққа миллион теңге.
Теңге - Ұлттық валюта
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Ал біздің ойында жинаған теңгелеріміз қай топтың жеңімпаз екенін анықтау үшін беріледі .
. Құрметті сайыскерлер сайысымыздың шарттарымен таныс болдыңыздар.Енді сіздерді сәл ширатып алғым келіп тұр.Бұл кезең «Ширату» деп аталады 4.«Ширату» кезеңі: 1. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды? Жауап: Екеу, өйткені қалғаны ұшып кетті 2. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық? Жауап: Төртеу 3.Бұтақта жеті торғай қонып отыр .Үшеуінен басқасы ұшып кетті .Бұтақта неше торғай отыр ?
Жауап :Үш торғай
4.Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
5) Он екі айды бір сөзбен айт.
Жүргізуші: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске. Армандарға қол созумен келеміз, Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. Білімменен қаруланған тобымыз, Қарсыласты қалай да біз жеңеміз 
5.Ойын барысы:  1-сұрақ .Сайыскерлерге қарсы сұрақ Сұрақты 4-сынып мұғалімі Ағазамова Алтынай мұғалім қояды
 Көбейтудің қандай қасиеттері бар ,ережесін айт
Жауабы : 3 қасиеті бар ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік 2 сұрақ: /теледидардан/  өзін-өзі тану мұғалімі Жакупова Гүлнар мұғалім қояды -Менің қолымда тұрған кесе, ішінде су бар,егер ішіндегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? Жауап: Судың бәрін ішіп қойсақ ішінде ауа қалады. 3- сұрақ: / слайд/ 
4-сынып оқушысы Зекен Інжу сұрақ қояды -Құрметті қатысушылар менің қояр сұрағым Елеуішпен су әкелуге бола ма? Болса қалай әкелуге болады?Жауап: Елеуішпен су әкелуге болады,қар мен мұз күйінде  4-сұрақ: / слайд/ «Үй иесі мен ұрылар»   
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,Құйып-құйып Құрманға бер,Есіктегі екеуге бер,Төрдегі төртеуге берӨзің іш те маған бер деген екен.Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.-Сонда  нешеу, ұры қанша?
Жауап:  (10 адам, 5ұры)5-сұрақ: /теледидардан/ 2) «Күлшеқыз»            
Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. 
 Жауап (9+18+18)
6- сұрақ: Қара жәшік. /слайд/ 
Пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсі шынылардан, қоладан жасалды. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
1-көмек ертеде дүкеншілер сауда жасағанда қолданған
2-көмек 11 инесі ,104 түймесі бар
. Қара жәшікте жатқан не.? Жауап: Есепшот
7- сұрақ
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек.
Жауап: 1)      2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.2)      Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.3)      Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.4)      Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5) 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
8 сұрақ: / цифр жазылған қағаз/ 188 санын екіге қалай бөлгенде 100 сандарын алуға болады?
Жауап: ортасынан бүктеу керек 9- сұрақ Код кестесі арқылы жасырын сөзді тап
А Ә Б В Г Ғ Д Е Ё Ж З И Й К Қ Л М
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Һ Ц Ч Ш
18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34
Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я 35 36 37 38 39 40 41 42 10-сұрақ Логикалық сұрақ Қария қалаға келе жатып қаладан шығып келе жатқан аттары бар үш жігітті кездестірді, әрбіреуінің жанында бір тазыдан байлаулы. Неше тірі жан қалаға бара жатыр? Жауап: Жалғыз қария ғана 11-сұрақ: Музыкалық үзіліс 3- сынып оқушысы-Дүйсенбай Шұғыла ән орындайды 12-сұрақ: Жеті атаның ретін цифрмен көрсет
немере ,ата, бала, әке, шөбере, немене, шөпшекЖүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,  Тым-тырыс қарап отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес, Соқ қолыңды білімді жас талапқа – Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың Қиындықтан өткізер! –деп, бүгінгі « Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын атты интеллектуалды ойынымызды аяқтай отырып, соңғы сөзді  әділқазыларға береміз -Бүгінгі біздің ойыншыларымызға айтатын өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. Қорытындылау: әділқазыларға сөз Марапаттау: Топ басшысына және топ мүшелеріне сыйлық үлестіру