Урок по казахскому языку на тему Ас-адамны? ар?ауы (8 класс)


Сабақ Қазақ тілі 8- сынып
Тақырыбы Ас – адамның арқауы.
Мақсаты: Тақырыпқа байланысты мәтін құрастырып үйрену.
Оқу нәтижесі Мәтінмен жұмыс жасай алады, бір-бірімен ақылдасып, ортақ шешім қабылдауға үйренеді
Сабақ әдісі «Карусель»әд. «Ыстық доп»әдісі, «Қарлы кесек»әдісі», «Домино»әдісі.
Модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, көшбасшылық, АКТ, ДОЖ. ОүБ, СТО
Ресурстар А4, ИТ, ноутбук, қима қағаздар.
Мұғалімнің жазбалары:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті
Қызығушылық ояту кезеңі Cәлеметсіңдер ме, балалар. Ортаға келіңдер. Сыныпта жақсы көңіл күй орнату мақсатында және тілге кіріспе ретінде «Карусель» әдісін өткіземіз. Ол үшін біз 1-2 санайық. Бір дегендер ортаға кіреді де сағат тілі бойынша жүріп, мен көрсеткен тақырып бойынша сауалдарыңды қоясыңдар.
Ой шақыру кезеңі Біз сендермен қандай тақырыпқа сұхбаттастық? (Ас, тағам туралы)
Тамақтану адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адам үнемі күш –қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білу тиіс.
Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ас-адамның арқауы»
Ал енді1 дегендер І топ, 2 дегендер ІІ топ болып орнымызға отырып, дәптерлеріңе бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алыңдар.
Топтық жұмыс.Негізгі кезеңге көшпес бұрын Анаграммада берілген әріптерден бүгінгі тақырыпқа байланысты сөздерді табыңдар .
Негізгі кезең Жеке жұмыс. Құлаққаптарыңды құлаққа салып «Ас-адамның арқауы »мәтінін тыңдаймыз және оқимыз.
Топтық жұмыс. Осы мәтін бойынша сұрақтар дайындап, «Ыстық доп» әдісі бойынша екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.
Топтық жұмыс. Келесі еске сақтау қабілетімізді тексеру мақсатында «Қарлы кеск» әдісі бойынша «Ас-адамның арқауы» тақырыбына шағын мәтін құрастырайық.
Топтық жұмыс. Мәтінде берілген етістіктердің астын сызыңдар. Өткен грамматикалық жұмысты тексеру мақсатында келесі жұмысты жеке орындаймыз.
Жеке жұмыс. Мәтіндегі берілген екі етістікке есімшенің жұрнақтарын жалғаңдар.
Жұптық жұмыс. Орындаған тапсырманы жұптасып бір-бірінді тексеріңдер. (Жұпта бір-бірінің жұмыстарын қарап, неге сол жұрнақты қойғандарын түсіндіреді)
Топтық жұмыс. Келесі тапсырманы орындау үшін, сендерге аяқталмаған мәтін беріледі. Осы мәтінді бір оймен аяқтап, мәтінге ат қойыңдар. Оқып береді.
Қорытынды кезең Жеке жұмыс.Бүгінгі сабақтан алған білімімізді тексеру мақсатында тестік тапсырманы орындайық.
Бағалау критерийлері бойынша өздерін бағалау
«5» - 14-13 ұпай
«4» - 12 - 9 ұпай
«3» - 8 – 5 ұпай
«2» - 4 - 1 ұпай
Рефлексия Ризашылығымды білдіремін.
Үй жұмысы «Ең мықты аспаз» өздерің жақсы көретін тағамның рецепін жазыңдар.
Адам ағзасына зиян тағамдарға фаст-фуд жатады. Фасфудтың түрлері өте көп. Атап айтсақ, бұл – біз сүйіп жейтін фри картобы, ход-дог, пицца, чипцы, кептірілген тұзды нандар. Бір қызығы, үлкеніміз де, кішіміз де оны сүйсіне жейміз.
Адам ағзасына зиян тағамдарға фаст-фуд жатады. Фасфудтың түрлері өте көп. Атап айтсақ, бұл – біз сүйіп жейтін фри картобы, ход-дог, пицца, чипцы, кептірілген тұзды нандар. Бір қызығы, үлкеніміз де, кішіміз де оны сүйсіне жейміз.