План урока по химиу на тему алкадиены


Пәні: Химия
Мамандығы, тобы:
Өтілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Диендік көмірсутектер
Пән оқытушысы: А. Нұржанова
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Диендік көмірсутектердің формуласын жазып үйрету,физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіру қолдану салаларын, табиғи каучук құрылысы қасиетін қолданылуын оқушыларға түсіндіру
Дамытушылық:
өздігінен талдауға, салыстыруға, қорытынды шығаруға ой қорытындысын жасауға жаттықтыру
Тәрбиелік:
диендік көмірсутектердің құрылысы мен құрамы , туралы түсініктерін, ғылыми дүниетанымын тереңдету; пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
Кәсібилік:
ғылыми – ізденіс жұмыстарымен айналысуға қызығушылықтарын ояту, сабақта қолданылған оқыту әдістері мен оқушылар жұмысын ұйымдастыру формаларын өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде пайдалануға ынтасын тудыру.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
диен көмірсутектердің жалпы формуласын
химиялық қасиеттерін
Қолдану салаларын
Табиғи каучук құрылысы қасиеті және қолданылуын
Істей алу керек:
Диен көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жаза алуды
Изомерлерінің формуласын құрастыруды, оларды атай алуды химиялық қасиеттерін көрсететің реакция теңдеулерін жаза алуды
Диен көмірсутектердің құрылыс ерекшеліктерін түсіндіре алуды
Сабақтың типі: Алған білімді бекіту
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың технологиясы, әдіс – тәсілдері:
Дамыта оқыту, тірек сызбалар әдісі, кесте толтыру, өзіндік жқмыс, топтыө жұмыс , оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:
Бутадиен молекуласының моделі,
19- сурет Вулканизацияланған каучуктың құрылыс сызбанұсқасы
Қолданылатын Әдебиеттер:
А.Л. Цветков Органикалық химия 10 сынып
Г. Абкин Химия есептері мен жаттығулары Алматы «Мектеп» 1984
Шың кітап Химия Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық - тест
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Мақсаты:Оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындау.Өзара салемдесу оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал – жабдықтарды түгендеу журналға белгі соғу
ІІ.Мақсат қою: Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, мақсат – міндеттерін қою жоспармен таныстыру
ІІІ. Тірек білімдерді өзектілеу, жаңа материалды қабылдауға дайындау:
Мақсаты: Оқушылардың тірек білімдерін өзектілеу, жаңғырту арқылы негізгі кезеңдегі белсенді оқу – танымдық әрекетке дайындау
1!Негізгі тірек ұғымдарды қайталау:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Метан қатарындағы көмірсутектер ерекшеліктері Этилен қатарындағы көмірсутектер
Мақсаты: оқушыларға жаңа материалды хабарлау, оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру
Тақырыбы: Диен көмірсутектер
Жоспары:
1.Диен көмірсутектердің құрылысы, номенклатурасы мен
хмимялық қасиеттері
2. Каучук. Қасиеттері
1. Алкадиендер – молекулаларында екі қос байланыс С=С болатын қанықпаған көмірсутектер.Алкадиендердің жалпы формуласы: СnН2n-2
Мысалы;
5 4 3 2 1
СН3-СН2 –СН =С=СН2 пентадиен – 1,2
5 4 3 2 1
СН2=СН –СН2 -СН=СН2 пентадиен – 1,4
4 3 2 1
СН2=СН–СН =СН2 бутадиен – 1,3 (дивинил)
Химиялық қасиеттері: молекуласында қос байланыстары болғандықтан, диен көмірсутектер қосып алу реакцияларына кіріседі мысалы бромдв түссіздендіреді, галогенсутектерді қосып алады.
19431009779000СН2 =СН – СН =СН2+ Br СН2 –СН –СН – СН2
। ।
Br Br
2. Табиғи каучукты кейбір өсімдіктердің көбінесе гевея деп аталатын өсімдіктің сүтті шырынынан алады.Гевея өсімдігінің отаны – Бразилия
Гевея ағашын каучук алу үшін оның қабығын кертіп тіледі.Сол тіліктен шығатын сүтті шырын – каучуктың коллоидты ерітіндісі, осы ерітіндіні жинап алады. Бұдан кейін ерітіндіні электриотпен әсер етіп немесе өыздырып коагуляциялайды. Осындай коагуляцияның нәтижесінде каучук бөлініп шығады. Каучуктың аса маңызды қасиеті – оның майысқақтығы, яғни сыртқы күштің әсерінен өңің пішінін өзгерте алуы созылып ұзаруы сығылуы кейін қайта қалпына келуі.
Каучукты фулканизациялау: Табиғи каучуктар мен синтетикалық каучуктар көбінесе резеңке түрінде пайдаланылады, өйткені резеңке берік те төзімді оның созылғыштығы жақсы және бақа бірқатар бағалы қасиеттері болады.Резеңке алу үшін каучукты вулканизациялайды.
1-кесте
Алкандар Алкендер Алкадиендер
Жалпы формуласы СnН2n+2 Жалпы формуласы СnН2n-2 Жалпы формуласы СnН2n
Атомдар sp3 –гибридтелуң С атомының байланысы бірдей сигма байланысы Атомдар sp3 –гибридтелуң С атомының байланысы бірдей сигма байланысты бірдей пи байланыста Атомдар sp3 –гибридтелуң С атомының байланысы бірдей сигма байланысты бірдей пи байланыста
Номенклатурасында – ан жұрнағы қосылады Номенклатурасында – ен жұрнағы қосылады Номенклатурасында – диен жұрнағы қосылады
Қаныққан Қанықпаған Қанықпаған
Көмірсутектердің номенклатурасы
Алкандар Алкендер Алкадиендер
Метан СН4 Этилен С2Н4 (диен)
Этан С 2Н6 Прпилен С 3Н6 пропадиен С 3Н4
Пропан С 3Н8 Бутилен С 4Н8 Бутадиен С 4Н6
Бутан С 4Н10 Пентилен С 5Н10 пентадиен С 5Н8
Пентан С 5Н12 Гексилен С 6Н12 Гексадиен С 6Н10
Гексан С 6Н14 Гептилен С 7Н14 гептин С 7Н12
Гептан С 7Н16 октилен С 8Н16 октин С 8Н14
Білімді бекіту және қолдану, бақылау және бағалау:
Аудиториялық жаттығу жұмыстарын орындау
1- ЖаттығуСәйкес бағаналарға аталған көмірсутектердің молекулалық формулаларын анықтаңдар
Көмірсутектің атауы Формуласы
Молекулалық Электрондық Құрылым
Бутан Бутен -1 Бутадиен -1,3 2- жаттығу Төменде құрылым формулалары келтірілген қосылыстарды халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар;
А) СН3 –СН=СН -СН= СН2
Б) СН2 = С - СН2 - С= СН2
1463040-127000720090-127000
СН3 СН3
107251516700500В) СН2 = СН- С= СН2
СН3
14630401727200072009017272000С) СН3 – С = СН –СН -СН= СН2
СН3 СН2 - СН3
3- жаттығу: Берілген дайын атауға формулас құрастырып халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар
2 метил бутадиен -1,3;
Пентадиен 2,3;
Бутадиен - 1,3
Үйге тапсырма беру, бағалау:
1.14-15 тақырыпты оқу
2. 132-35жаттығу жұмыстарын орындау
3. каучуктың өмірдегі орны туралы реферат жазу