Т?рбие са?аты: «Ата за?нан тара?ан алтын шуа?» Сыныбы: 9 «А»


Сыныбы: 9 «А»
Тәрбие сағаты: Білім биржасы
Шараның мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер!
«Білім биржасы» зияткерлік ойынының шартымен таныс болыңыздар:
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы. Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір топ таңдаған пәндері бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІV тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар:
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз атымен және ұранымен таныстырады).
«Болашақ» тобы
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Бәйтерек» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас» тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке ұшар қыранымыз.
Жүргізуші: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу - р - Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолыңызда.
Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынылған соң сұрақ оқылады.. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
№1 лот. Қазақстан тарихы.Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 евро. Қай топ жоғары баға береді?
.......... тобы бір,......... тобы екі,........... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына......... эвро қосады.
Сұрағы: Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
Жауабы: тастан
№2 лот. Математика.Бастапқы баға – 10 евро. Қай топ жоғары баға береді?
.......... тобы бір,......... тобы екі,........... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына......... эвро қосады.
(сауда жүргізіледі)
сұрағы: дискриминанттын формуласын айтыңыз:
Жауабы: b2-4ac
№3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы.Бастапқы баға – 10 евро. Қай топ жоғары баға береді?
.......... тобы бір,......... тобы екі,........... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына......... эвро қосады.
(Сауда жүргізіледі)
Абай жолы романының авторы:
жауабы: М.Әуезов
№4 лот. Орыс тілі. Бастапқы баға – 10 евро. Қай топ жоғары баға береді?
.......... тобы бір,......... тобы екі,........... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына......... эвро қосады.
(Сауда жүргізіледі)
Вопрос: Найдите лишнее слово в ряду: загадка, задача, ребус, игра?
Ответ: ребус.
№5 лот. Информатика. Күміс қобдиша.
Бастапқы баға – 10 евро. Қай топ жоғары баға береді?
.......... тобы бір,......... тобы екі,........... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына......... эвро қосады.
(Сауда жүргізіледі)
Қобдишада не жасырынған?
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Жауабы: тышқан(компьютердің енгізу құрылғысы)
№6 лот. Қазақ әдебиеті.Бастапқы баға – 10 евро. Қай топ жоғары баға береді?
.......... тобы бір,......... тобы екі,........... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына......... эвро қосады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы:- Ата-ананың қадірі жырының авторын ата:
жауабы: Шал Ақын
Жүргізуші: Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын эксперттер айтады. Жоғары капитал жинаған топ..........................................
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт – 2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны – 5 эвро. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айтуларың керек.
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафин сөзімен сайысты ең көп капитал жинаған топтан бастаймыз.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар:
. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков
. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/
. Қазақстан Республикасы күні /25 қазан/
. Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала /лексика/
. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. /диаметр/
. Көбейтіндісі 1 - ге тең бөлшектер қандай бөлшектер деп аталады? /өзара кері/
. 640 саны 5 - ке бөлінеді ме? /иә/
. 1 км неше метр бар? /1000/
. Тарих атасы кім? /Геродот/
. Белгілі жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. /диалект сөздер/
. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым. /жаратылыстану/
. Жердің су қабатын қалай атайды? /гидросфера/
. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық/
. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? /Жер/
. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым. /аксиома/
№2 топқа арналған сұрақтар:
. Жандарбек Мәлібекұлы ҚР - ның қай рәмізінің авторы /Елтаңба/
. Әріптердің рет ретімен тізілген жиыны /алфавит, әліпби/
. Алымы бөлімінен кіші бөлшек / дұрыс бөлшек/
. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді /радиус/
. 1 сағатта неше минут бар? /60/
. Ортақ бөлгіші 1 - ге тең сан /өзара жай сан/
. Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы /сканер/
. Paint графикалық редакторында түстер жиынтығы /палитра/
. Ежелгі тас дәуірі қалай аталады? /палеолит/
. Жердің Күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт /жыл/
. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. /Ніл/. Жердің ауа қабаты қалай аталады? /атмосфера /
. Ең кішкентай құс. /колибри/
. Натурал сандар нешеден басталды? /1 - ден/
. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? /Ньютон
№3 - топқа арналған сұрақтар:
. ҚР - ның жана Гимні қай жылдан бастап айтылып жүр? /2006ж/
. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала /фонетика/
. 1 тәулікте неше сағат бар? /24/
. Нәрселерді санауда қолданылатын сандар /натурал/
. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар /құрама сандар/
. 369 саны 3 - ке бөліне ме? /иә/
. Андроновтықтардың тұрғын үйі неге ұқсас болды? /киіз үйге/
. Араб тілінен аударғанда «Хижра» сөзінің мағынасы /көшу, қоныс аудару/
. Күннің шығып, одан соң батып, ертесі қайтадан шыққанға дейінгі аралық қалай аталады? /тәулік/
. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. /барометр/
. Материктің ішіндегі тұйық сулы өлке. /көл/
. Процессор мен жады компьтердің қай құрылғысында орналасқан? /жүйелік блок/
. Paint графикалық редакторы терезесінде сызғыш бар ма? /жоқ/
. Шөлге төзімді жануар. /түйе/
. Жердің тіршілік қабаты. /Биосфера/
Жүргізуші: Эксперттер топ жауаптарын бағалап, ІІ - тур қорытындысын шығарса.
Енді «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. ІІІ турда әрбір топ таңдаған пәндері бойынша берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны - 50 эвро. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Қазақ тілі
Екі буынды екі сөздің бірінен – бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса құс аты болады егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса сан есім болады. Ол қандай сөздер?
Жауабы: үкі; екі.
Математика. Аулада тұрған көліктердің: жеңіл машина, мотоцикл, велосипед дөңгелектерінің саны 10. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед бар?
Жауабы: 1, 1, 2.
Қазақстан тарихы: Бұл тарихи - мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Жауабы: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі,
Түркістан қаласы.
Жүргізуші: Енді топтардың жауаптарын тыңдайық. Эксперттерден топ жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз. (Топтардың қорытынды капиталын жариялау)
ІV тур. «Сыйлықтар аукционына»
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға - 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? /70 - ке дейін/
№ 1 лот.
Тілі бар, үні жоқ.
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/
№2 лот.
Он екі ақ парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/
№3 лот.
Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/
№4 лот.
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді
/қалам/
№5 лот.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында
/сызғыш/
№6 лот.
Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі.
/қарындаш/
№7лот.
Күн - түн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/
ендігі сөз бүгінгі ойынның эксперттеріне беріледі.
Осымен сайысымыз аяқталды.Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!!!