Воспитатель Урок Тіл дамыту та?ырыбы: Дос


Тақырып: «Менің достарым»
Мақсаты: Баланың айналаны ,өзін-өзі тануына достарын бағалай
білуге,құрметтеуге,ренжітпеуге,досының айтқанын
аяғына дейін тындауға тәрбиелеу.Олардың ойлау қабілеттерін
білімін.тіл байлығын дамыту. Балалардың бойында мейірімділік,достық сезімдерін тәрбиелеу.Кез-келген уақытта көмектесе білу қажеттілігін түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Тәр: Ардақты дос, алтын дос,аяулы дос, жарқын дос,-дегендей,енді бір-бірімізге қарап «Досым күлімдейікші» деп айтайық.Енді отырған қонақтарға осы күлкімізді сыйлайықшы
Балаларды отырғызу .
Аяулым.Әлиә кіреді: Әлиә-берші жәрәйді ойыншығыңды Аяулым бермеймін өзіңде бар ғой Әлиә: маған сенікі ұнап тұр ,сенің дос болайық дегенің қайда? Аяулым:мен сенімен дос болмаймын.
Айдана: Аяулым Әлиә сендерге не болды?
Әлиә: ол маған ойыншығын ойнауға бермейді
Аяулым: бермеймін бәрі-бір.
Тәрбиеші: балалар біз дос туралы мақал мәтел тақпақ білеміз ғой ! Олай болса Аяулым мен Әлиәға түсіндіріп көрейікші. Достық шенберіне шақырамын.
Тәр: Сендер енді сенесіңдер ме?
Аяулым бәрібір сенбейміз
Жандос кіреді, мен қайда келдім?
БАлалар: Балабақшаға
Жандос-мұнда өзі не болып жатыр?
Балалар АЯулым мен Әлиә ренжісіп қалыпты біз оларды достастырғымыз келіп тұр
Жандос не үшін ренжістіңдер? Кәне айтыңдаршы маған?
Әлиә мен Аяулымнан ойыншығын ойнай тұруға сұрап едім бермей қойды
Жандос Аяулым сен дұрыс жасадың неге бересің,ол сенікі ғой, алып қойса ұрып ал Мен далада ойнап жүрсем Әсет пен Мирас мына добымды сұрайды, ал мен берген жоқпын .Олар добымды жарып тастайды ғой.
Әсет пен Мирас добыңды бермесең бізбен ойнама деді,ал мен оларды ұрдым,тептім кия-кия....
Тәр: Ал сенің есімің кім? Жандос есімің қандай әдемі. Білесің бе сенің есімің нені білдіретінін?
Жандос ЖОҚ
Тәр: олай болса тыңда сенің есімің достарыңа жаны ашып ,жанын беріп болысатын яғни барлық баланың сенімен дос болғысы келеді.Жандос Дос-дос ол қандай болу керек?ОЛ не үшін керек?
Тәр: Біздің балалар жақсы бір ойын біледі «Тапқырлық»деген сол ойын арқылы дос деген не екенін түсіндіріп көрейік.
Балалар (2 бөлініп отырады) сұхбат
1-сұрақ :Әлиә:Сен досыңмен далада ойнап жүргенде әжең келіп саған 1алма береді-сен не істейсің?
Жауабы:Досыммен бөлісіп жеу шедім
2-сұрақ:Бексұлтан: егер сенің досыңның көңіл –күйі болмай тұрса қайтер едің?
Жауабы: неге көніл күйі жоқ екенін сұраушы едім
3-сұрақ:Әділет сен досыңды қатты сөз айтып ренжітіп алсаң не істер едің?
Жауабы:Мен досымнан кешірім сұрап ,қателік жасағанымды айтар едім.
Тәр: Әрине бұл өте батылдық мен сендермен келісемін
ЖАҚСЫ ДОС ҮШІН ЖАН ПИДА –деген мақал бар
Отырған қонақтарға да сұрақ қояйықшы олар қалай ойлайды екен?
1-Сіздің достарыңыз бар ма?
2-Дос дегеніміз не?
3-Сіздің достарыңыз қандай?
Рахмет
Жандос ,Аяулым,Әлиә сендерді бізбен сергіту сәтін жасауға шақырамыз
Сергіту-сәті:Үлкен --шаңырақ құрайық
Қазша-- қанат жаяйық
Аққуша-- мойнымызды созайық
Құсша-- жерге қонайық.
Жандос Ой қандай керемет қиыншылықта досың болған,ал менде дос жоқ (аузына саусагын салып тұрады ) Апай маған бір тапсырма берген мынаған қарап түк түсінбедім.
Тәр: кәне Жандос біз қарап көрейікші мүмкін біздің балалар көмектесе алатын шығар Мә көріңдер
СУРЕТПЕН ЖҰМЫС:(әңгіме құру)
Жандос: Рахмет сендерге нағыз дос екенсіңдер, (әр баланың мұрнын қысып құшақтап) А А..балалар мен ұмытып бара жатыр екенмін ғой.Мен бағана сендердің достарың Алпамысты көрдім, жын екеуін сендерге мынаны беріп жіберді.
Тәр: мынау не? Балалар есіме түсті біз өткен сабақта Алпамыс туралы мултфильм көріп едік қой,
Еске түсіру:Балалар естеріңде ме? МУлтфильмнің аты қалай еді?
Кім туралы еді? Оның досының аты кім еді?
Дұрыс айтасыңдар балалар олай болса Алпамыс туралы жаңа хикая көргілерің келе ме?
Жын сұрақ қойғанда тоқтату 1.Бұл бөлімде Алпамыс пен Махаббатқа кім кездесті?
Айдар Алпамысты қалай қорқытты ?Екеуінің төбелесі немен аяқталады?Махаббат жыннан не деп сұрайды?
Тәрбиеші:Аяулым,Әлия сендер енді достыққа сенесіңдер ме? Иә екеуі құшақтасады. Менікі дұрыс болмады Әлиә Мен енді олай істемеймін ең әдемі ойыншығымды саған беремін.
Балалар бүгін біз жақсы істер істедік 2 достың басын қостық.Жандосқа көмектестік. Дос қандай болады екенін түсіндік.
Тақпақ біледі......МАҚСАТ,Әзиза
Жүректен-жүрекке( шеңберіне шақыру )
Дос қандай болады екен?
Дос мейірімді
Дос ешқашан бір-бірін ренжітпейді
Тәр: Балалар Алпамыс Жандостан сиқырлы құмыра беріп жіберді ғой соны ашып көрейік не сиқыр бар екенін
Ой, бұл жәй кәмпит емес бұны жеген кісінің досы көп болады екен
Балалар сендер бүгінгі күнге ризасыңдар ма? Олай болса ризашылық әнін орындайықшы:
Ризамыз-ризамыз бүгінге
Ризамыз-ризамыз қазірге біз