4 сынып. ?аза? тілі п?нінен ашы? саба? жоспары. Та?ырыбы: Зат есім


Қазақ тілі. 4 сыныпСабақтың тақырыбы: Зат есімСабақтың мақсаты:1. Зат есім туралы түсініктерін кеңейту . Өткен сыныптарда алған білімдерімен ұштастыру.Сөйлем ішінде зат есімді ажырата білу, сұрақ қоя білу дағдыларын жетілдіру.2. Ақыл – ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп жаттығуларды түрлендіру және арнайы жаттығулар жүргізу . Сөздік қорын, ойлау қабілетін, жылдам жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.3. Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге тәрбиелеу, өз ойын ашық түрде айтып анық жеткізе білуге дағдыландыру.Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, ойын түрлері
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, дидактикалық материалдар жинағы, тақырыпқа сай кестелер
Сөз таптары
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым, дара тілім.Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыз осылай өз ана тілін өз жырларына арқау еткен. Сондықтан ана тілімздің қыр сырын дамытуға арналған сабағымызға көңіл бөліп тыңдап, сабаққа белсене қатысуларыңды сұраймын.ІІ. Ой қозғау.- Сөз таптары туралы берілген білімді еске түсіру. Сұрақтарға жауап беру. Ширату.
Неше сөз табы бар?

Олар қандай?

Нені білдіреді?

Сұрақтары?

Мысалы...
ІІІ. Жаңа сабақОл кім? Бұл не? ойыны.- Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға кім? Не? сұрақтарының қойылатынын білдіру. Сұрақтардың қойылатынын өздеріне тұжырымдатып, көздерін жеткізу, ережені еске түсіру.- Мысалы:- Тақтадағы домбыра, кітап, бор, дәптер, әже мұғалім дәрігер т. б. суреттерге сұрақтар қойып өздері тұжырымдап, көздерін жеткізіп ереже шығарады.
Оқулықпен жұмыс.284 – жаттығу. Ауызша орындалады. Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қой.- Құстардың атын қатыстырып, сөйлем құрау.
Дәптермен жұмыс.285 – жаттығу. Берілген зат есімді қатыстырып сөйлем құрап жазу.- Әже ертегі айтып отыр. Т. б.- Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.- Зат есімге қандай сұрақ қойылады?- Кім? Кімдер? Не? Нелер?
286 – жаттығу. Көп нүктенің орынына керекті зат есімдері қойып, көшірме жаз. (оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды. Соңынан оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды. Соңынан оқушылар бірін – бірін тексереді. )
Сергіту сәті. «Поэзия минуты»Тіл туралы тақпақтар айту. Тілдің маңыздылығы туралы шағын дебат ұйымдастыру.288 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жалқы есімді тап.Өлке – түсіндіру. (Туып өскен жер. Қазақстан жері. )
Ауызша жұмыс жасау. Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған тапсырма.
Сурет бойынша әңгімелету.V. Көрнекілікпен жұмыс. Сабақты пысықта.тақтадағы гүлшоғының әрбір гүліне зат есім туралы алған білімдерін ретпен жазу
Сабақты бекіту.- Балалар, біз өз тілімізді неге ана тілі дейміз?Өйткені бұл тіл анамыздың ақ сүтімен дарыған. Осы тіл арқылы бүкіл ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреміз. Сондықтан ана тілімізді шұбарламай, қазақ тілінде таза сөйлеп, тілімізді сүюіміз керек.Төменде берілген тапсырмаларды орындап көрелік.
Бағалау. Оқушылардың белсенділігін бағалау.Үйге тапсырма: 287 – жаттығу.