?аза? тілінен ашы? саба?: Т?бір с?з ж?не туынды с?з


№68 Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір сөз бен туынды сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөздің туынды сөз деп аталатынғын меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1) 12-жаттығу, 123-бет. сөздерді оқу, құрамына қарай қандай сөздер екендігін анықтау. 2) Сөз нелерден құралады? Сөздің түбірі мен жалғаудан құралған сөз ойла. Оны қатыстырып сөйлем құрастыр.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл сөздерден жаңа сөздер шықты.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 14-жаттығу түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жазу: жұмысшы, достық, сыйлық, талапкер, қызметкер, дойбышы, астық. Ережемен жұмыс. 15-жаттығу сөздерді оқу, мағынасын ашу, екі топқа жіктеу, туынды сөзді бір бөлек, түбір сөзді бір бөлек айту.
Түбір сөз Туынды сөз
өнер, ек, іс, жаз, ертең, жарысЖазушы, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, егін, балапан.
16-жаттығу мақалды оқу, жатқа жазу, мағынасын түсіндіру.Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талдау. 17-жаттығу Мәтінді көшіріп жазу, туынды сөздердің астын сызу.Алматыдағы ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық, Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар.Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді. 18-жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқа айту. Жұмыскер(туынды сөз), жұмысты сөздерін талдау.
ҮІ. Бекіту: 19-жаттығу сөздерді топтап жаз.
Заттың атын білдіретін сөздер Заттың сынын білдіретін сөздер
ұшқыш, оқушы, жақсылық, өнерпаз өнерлі, сәнді, мейірімді, жақсыны
- Қай сөз туынды сөз болып табылады?
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20-жаттығу, 125-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау