?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті ?орша?ан ортамен таныстыру Киіз ?й жабды?тары


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары.
Мақсаты: 1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.
2. Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Атадан- балаға мұра болып кележатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.
Сөздік жұмыс: абажа, кебеже, әбдіре, асадал,т.б.
Қостілділік компонент: киіз үй – юрта, жабдықтары – пособия.
Іс-әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ізденістер.
Ұйымдастыру
1. «Киіз үй жабдықтары» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы түсіндіреді: - Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі. Ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық ( жарма есігі).
Кереге – киіз үйдің ағаштан жасаған жиналмалы торкөзді сүйегі.
Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.
Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сырты киіз , ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.
Үй жиһаздары:
Абажа – тамақ пен ыдыс- аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен,былғарымен қапталған.
Кебеже- сүр ет, құрт, шайсалып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.
Әбдіре- зат сақтайтынүлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекеәленіп қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.
Асадал – тамақ пен ыдыс- аяқ сақталатын кебеже.
Жастықағаш- ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.
Жүкаяқ- үйде жүк астына қоятын ағаш зат.
Сандық- киім-кешек, т.б.зат салуға арналған үй жиһазы.
Төсеніштер: Алаша, киіз, сырмақ.
Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы.
Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.
Аяққап – ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою- өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.
2. Дәптерден киіз үй сүйектерін тапқыздырады. Мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Киіз бөліктерін атайды, оларды қалай орналасаты-нын сызып көрсетеді. Киіз үйді бояйды. Жолаушының киіз үйге баратын жолын тауып, сызып көрсетеді.
Қорытынды-лау. Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.
Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.
Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.
Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.