?орша?ан ортамен таныстыру Досты? мерекесі та?ырыбыны? жоспары


карта: № 33
Күні: 13.05.15
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Ұ.О.І.Ә: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Достық мерекесі»
Мақсаты: Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы туралы түсінік беру.Елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сыйластықпен,салт дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі- құралдар: әр түрлі ұлт өкілдерінің суреттері.
Әдіс -тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап,ойын.
Оқу іс әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды бақшамыз
Жайнай түсті тобымыз
Қайырлы таң балалар!!! бәрі бірге шаттың шеңберін жасайды.
Ұйымдастырушылық
ізденістік Балалар Бірінші Мамыр Халықтар бірлігі күні деп есептеледі.Біздің Қазақстанымызда өте көп ұлттар тұрады.Олармен біз бәріміз бір шаңырақ астында тұрғандаймыз.Біз бәріміз тату,доспыз,бірақ әр ұлттың өз дәстүрі мен ұлттық тағамы мен ұлттық киімдері болады.
Сендер қандай ұлттыі өкілдерін білесіңдер?
Сендердің достарының арасында басқа ұлттың балалары бар ма?
Мына суреттерге назар аударайық,не көріп тұрмыз?
Бұл әр ұлттың адамдары өз ұлттық киімін киіп тұр.Қараңдаршы қандай әдемі киімдері!
Ұжымдық жұмыс: «Достық пойызы»
Сергіту сәті: «Ағаштар»
Балалар сендерде достарың бар ма?
Олар туралы айтып беріңдерші? мұқият тыңдайды.
суреттерді тамашалайды.
татар,өзбек,орыс,украин,ұйғыр т.б.
балалардың жауаптары.
балалар ұжымдық жұмыс жасайды.
сергіту сәтін орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік Балаларды мадақтау,мақтау,жұмыстарына талдау жасау. алған әсерлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көпұлтты еліміздің халқы мен мәдениеті,салт дәстүрлері түралы.
Игереді: әр ұлттың өзіне тән мәдениеті,ұлттық киімдері,тағамдары бар екенін.
Менгереді: елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сыйластықпен,салт дәстүріне құрметпен қарауды.