?орша?ан ортамен таныстыру (мектепалды даярлы? тобы)


Кабдулданова Рыстай Айтмухаметовна
Семей қаласының №21 жалпы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.
Қоршаған ортамен таныстыру
Білім беру саласы: Әлеуметтік ортаТақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені
Мақсаты: Балаларға жануарлардың қысқы мекені жайлы мағлұмат беру. Қысқы тіршілік пен жазғы тіршіліктің айырмашылығын ажырата білуге дағдыландыру. Қыс мезгіліндегі жануарлар өмірін әңгімелеп беру арқылы дүниетанымдарын кеңейту. Жануарларға деген қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жануарлардың суреті
р/с Іс-әрекет кезеңдері Жетекшінің әрекеті Балалардың әрекеті
1
2
3 Мотивациялық-қозғаушы
Ұйымдастыру-ізденуші
Рефлексивті-түзетуші Тақтаға қыс мезгілінің суретін қою.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыстың қай айы?
-Ауа райында, табиғатта қандай өзгерістер бар?
Тәрбиешінің әңгімесі
-Қыста ауа райы суытып, жер бетін ақ қар жабатынын білеміз. Осы уақытта жануарлардың тамақ тауып жеуі қиынға түседі. Тиін, тышқан, аюлар өз мекендерін азыққа толтырады. Арнайы апан, інде жататын жануарлар болады. Олар қыс түсісімен өз індеріне кіріп жатады.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суретке қарап отырып, өз ойыңды білдір
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп- теріп алайық
Қалтамызға салайық
Сурет салу
-Өзіңе ұнайтын жануардың суретін сал
Ұйымдасқан оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мақтап-мадақтау. Өз ойларын айтады
Жетекші әңгімесімен таныс болады
Оқулықпен жұмыс жасайды
Ұнатқан жануарының суретін салады
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Жануарлардың қысқы тіршілігі жайлы
Болу керек: Аң- құстар жайлы жалпы түсінік, білімдері
Істей білу керек: Ойларын көркем тілмен жеткізе білулері керек