Ашы? саба? жоспары Жануарлар


Сабақтың тақырыбы : Жануарлар
Мақсаты: б) «Үй жануарлары» модулы бойынша алған білімдерін бекіту. Фонетикадан алған білім,білік, дағдыларын пысықтау.Тәуелдік , көптік жалғауларын қайталау.
Д) Талдау, салыстыру, өз ойын қорғау, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.Шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Т) Жануарларға қамқорлық, қоршаған ортаны қорғау, бір-бірімен ынтымақтаса бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту және реттеу сабағы
Сабақтың түрі: аралас(театрландырылған, жоба қорғау,практикалық)
Әдісі: репродуктивті,зерттеу, практикалық,көрнекілік, жоба қорғау, топтық, жұптық.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,қима қағаздар, парақша, сахналық жабдықтар, ойыншықтар.
Пән.байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі/ кезекші баянаты/
-Балалар, тақтаға назар аударыңдар.(түрлі жануарлардың күлкілі көріністерін көрсету, жағымды көңіл -күй туғызу)
2.Дайындық кезеңі .
-Балалар ,мына суретте неге мына жануарлар сол жағына, ал мына жануарлар оң жағына орналасқан?(үй, жабайы жануарлар) Ал ортасында орналасқан дыбыстардың кейбірі қызыл түсті, кейбірі көк түсті.Неге?(дауысты, дауыссыз) Бүгін сендермен не өтеміз деп ойлайсыңдар?(балалар өздері сабақ тақырыбын, мақсатын айтады)
3.Бекіту
1)-Бүгін сендермен 3 топқа бөлініп жұмыс істейміз. Алғашқы тапсырма: «Төлдер» деп аталады.Сендер тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтауларың керек. Яғни көп нүктенің орнына тиісті төлдерді орналастыруларың керек.
Жылқының төлі-.....
Сиырдың төлі-.....
Қойдың төлі-....
Түйенің төлі-....
Иттің баласы-.....
Мысықтың баласы-.....
2. Екінші тапсырма «Бұл не?» деп аталады. Сендер етістіктерді еске түсіре отырып, «ол» сөзінің орнына қажетті жануарларды қоюларың керек.
1-топ
“Ол” сүт, су ішеді, көп ұйықтайды, көп ойнайды, тышқанды жақсы көреді.
2-топ
“Ол”шөп жейді, су ішеді, адамдарға сүт береді.
3-топ
“Ол” ет жейді, су ішеді, адамның досы.
3. «Дұрысын жаз» тапсырмасы.Қатесін көшіре отырып, көшірулерің керек. Аяқтаған соң, түсіндірулері керек.
1-топ
Кұшік, сиыр, кұлын, итлер
2-топ
Түе, мысіқ, қоян , қозылер
3-топ
Жылқы,бөта, бүзау, жылқылар
4.-Балалар, қалай ойлайсыңдар, егер дыбыстардың талдауын білмесең, дұрыс, сауатты жазуға бола ма? Ендеше сендер қазірүш сөзге ауызша дыбыстық талдау жасауларың керек.(бота, сиыр, түйе)
-Ал енді Варя қазақ тілі мен орыс тіліндегі дыбыстардың жіктелуін салыстырып келген болатын. Ендеше тыңдайық.
-Сергіту сәті.(халық әніне билеу)
5. «Орнын тап» тапсырмасы.Үш топ үш жаққа қатысты сөздерді көшірулері керек.
1-топ Менің
2-топ Сенің
3-топ Оның
Итім, ботасы, сиырың, құлыным,ешкісі,бұзауы,
мысықайым, жануарың, жылқың .
-Балалар, мына суретке назар аударыңдар. Сендерге қай мысық ұнайды, неге?(тәрбиелік мәнін ашқызу)
6. -Қазір сендермен «Қуыршақ театрында» болып қайтамыз.Сендер өздеріңді театр әртістерімін деп ойлап, әкелген қуыршақтарыңды «Жануарлар» тақырыбына сөйлетулерің керек.Өз аттарынан немесе жануардың атынан да сөйлеуге болады. Әр топтан бір-бірден немесе жұппен де шығуларыңа болады.Ақылдасып, ойлануларыңа 1 минут беремін.
7. -Келесі тапсырма «Менің сүйікті жануарым» деп аталады. Кейбір балалар өз жануарлары туралы айтып бергенге дайындалып келген екен, соларды тыңдайық.(слайдтан жануарларын көрсете отырып, әңгімелеу, сұрақтар қою)
8. –Балалар, қазақ халқы көшпенді халық болып, төрт түлік мал ұстаған. Сондықтан қосымша білгендерің артық емес, Абылай «Төрт түлік малдың қазақ халқының өмірінде алар орны» деген шағын зерттеу жұмысын жүргізген екен, соны тыңдайық.
4.Қорытындылау:
-Балалар, бүгін сендермен нені қайталадық?
-Сендерге сабақ несімен ұнады?
-Топтарыңда кім жақсы жұмыс істеді?
-Бір-біріңе қандай тілек айтар едіңдер?(мұғалімнің тілегі)
5.Бағалау.(әр балаға немен жұмыс істеу керектігін түсіндіре кету)
6.Үйге тапсырма беру (2 сөзді тәуелдеу, бір сөзді дыбыстық талдау, таңдауы бойынша өздерінің сүйікті жануарлары туралы айтқызу)