Математика 5 сынып Аралас сандарды ?осу.


Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Қ.Орымбетов орта мектебі
математика пәні мұғалімі
Қазибаева Роза Гайибовна
Пәні:Математика
Сыныбы:5 «ә»сынып
Сабақтың тақырыбы:Аралас сандарды қосу
Жалпы мақсаты:Аралас сандарды қосу алгоритмін түсіну;аралас санға натурал санды және бөлшек санды қосу ережесін үйрену;
Оқу нәтижелері:Аралас сандармен берілген сандарды қосу;аралас сандарды қосуға берілген теңдеулерді шешу ;мәтінмен берілген есептерді шеше білу.
Көрнекілігі:Топты біріктіруге арналған үлестерге бөлінген түсті қағаздар;ватман;А-4 қағазы;маркер;бағалау парағы; стикер.
Іс-әрекет түрлері:Жеке тапсырмалармен жұмыс;жұппен жұмыс;топпен жұмыс;диологтық әңгіме.
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу;Бөлшек түрінде берілген қағаз түстері бойынша топқа біріктіру;жылулық шеңбері арқылы тілектерін білдіру;
Мұғалім сабақтың мақсаты мен бағалау парағының критерийлерін оқушыларға түсіндіру.
Үй тапсырмасын сұрау:Үй тапсырмасына берілген №513,№514 есептерді топта жұппен тексеру,бағалау;
Өткен сабақты бекіту: «Миға шабуыл». Слайдта көрсетілген сұрақтарға әр топ 3 минут диологқа түсу арқылы талдап,қорғау.
1.Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?Мысал келтір.
2.Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?Мысал келтір.
3.Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу алгоритмін айтып бер.
4.Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайту алгоритмін айтып бер.
Жаңа сабақ :Алғашқы рефлексия.Интерактивті тақтада шешу жолымен берілген есептің шығару жолын топта талқылау арқылы аралас сандарды қосу ережесін тұжырымдау.
Мысалы: 2724+5932 қосындысын табайық.
Шешуі. 2724=2+724 және 5932= 5+932 болғандықтан,былай жазуға болады.
2724+5932= 2+724 + 5+932.
Сандарды кез келген ретте қосуға болатындықтан,натурал сандарды бөлек және бөлшек сандарды бөлек қосамыз.
(2+5)+( 724+932) =7+(2896+2796) =7+5596=75596.
Жауабы: 75596.
Осы есептің шығару жолын топта талқылап, аралас сандарды қосу алгоритмін құрастыру.Әр топ өздері құрастырған алгоритмді оқиды,ортақ ереже тұжырымдалады.
Шығармашылық тапсырма:Постер қорғау.Тақтада берілген есептер бойынша 1-2 топ аралас санды натурал санға қосу,3-4 топ аралас санды жай бөлшекке қосу ережелерін қорытып шығару
Оқулықпен жұмыс:№528; №529; №532 есептерді дәптерге шығару.Топта бір-бірін тексеріп,бағалау.
Сергіту сәті:Математикалық гимнастика.Музыка ырғағымен,егер тақ сан айтылса орнынан тұру,3-ке еселік сан болса қолды екі жанына созу,5-ке еселік болса ,қолды белге қою,жұп сан болса орнына отыру.
Сабақты бекіту:Критерийлер арқылы бір-бірін бағалау,бағалау парағына бағасын қою.
Рефлексия: «Бағдаршам»арқылы оқушылар кері байланыс жасау.
Үй тапсырмасын беру:№530,№533.
Келесі тапсырма:Теңдеудегі белгіз азайғышты табу ережесін еске түсіріп келу.