аралас сандарды ?осу ж?не азайту ашы? саба?


Пән: Математика 5-сыныпСабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту тақырыбын бекіту. (Ойын сабақ)Сабақтың мақсаты: 1. Аралас сандарды қосу және азайту бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және тиянақтау, жүйелеу2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру3. Өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеуСабақтың түрі: Дәстүрлі емесСабақтың типі:Сабақтың көрнекілігі:Интерактив тақтада жазылған: ойын аланындағы сайыстардың аттары, әр сайыстың тапсырмалары. Екі топтағы оқушылардың орындаған тапсырмасын бағалауға қолданылған фигураларСабақтың жоспары:Ұйымдастыру кезеңіСабақтың мақсатымен таныстыруОйынның шартымен таныстыруОйынның барысыОйынды қорытындылауОқушылардың білімін бағалауҮйге тапсырма беруСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа қатысуын түгендеу, кластың тазалығын, оқу құралдарының даярлығын тексеру.2. Сабақтың мақсатымен таныстыру:Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабағымыз «қайталау сабағы», қазір «Дөңгелектер мен төртбұрыштар» ойынын ойнау барысында «Аралас сандарды қосу және азайту» тақырыптары бойынша есептерді шығарамыз.3. Ойынның шартымен таныстыру:Ойынға екі топ қатысады, кластың оқушыларын екі топқа бөлу. Бірінші топқа «үшбұрыштар», екіншіге «төртбұрыштар» деген аттарды қою. Ойынның алаңында 9 сайыстың аты жазылғанИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДУЭЛЬКІМ ЖЫЛДАМФИГУРАНЫҢ БОЯЛҒАН БӨЛІГІН ЖАЗАУДАРМАШЫЛАР САЙЫСЫМЫРЗА ХЖАСЫРЫЛҒАН САНДЫ ТАПҚЫЗЫҚТЫ ЕСЕПМАТЕМАТИКАЛЫҚ АННОГРАММАҚҰПИЯ ХАТСабағымыз ойын түрінде өтетін болғандықтан, 2 топқа бөліндік. Әр топтың өз эмблемасы бар соларды айтып шығамыз.1 - топ - «Дөңгелек» тобы2 - топ - «Төртбұрыш» тобыТоп мүшелері: Топ мүшелері:І – қатар оқушылары ІІ – қатардың ІІ нұсқада отырған оқушылары ІІ – қатардың І нұсқада отырған оқушылары ІІІ – қатар оқушыларыОйын аланыңда 9 сайыс болады. Әр сайыста тапсырманы дұрыс және тез орындаған топ, сол сайыста жеңеді. Жеңген топ таблоға өз таңбасын жазып, келесі сайысты таңдайды. Қай топтың ойын алаңында өзінің үш таңбасын бір қатарға тігінен, не көлденен қойса немесе алаңға 5 таңбасын жазса, сол топ ойында жеңіске жетеді. Жеребе арқылы қай топ бірінші болып сайысты таңдайтыны анықталып, мұғалім сайыстың тапсырмасын түсіндіреді4. Ойынның барысы: Сайыстар бойынша топтар есептер шығарып жарысады. Жеңген топтың белгісі ойын алаңдағы сайыстың аты жазылған тор көзге қойылады5. Ойынды қорытындылау: Жеңген топты таблодан анықтау. Ойын нәтижесін шығару үшін ойын алаңындағы 9 сайыстың ұяшықтарында тігінен, не көлденен қай топтың белгілері қатар шықса, сол топ ойында жеңіске жетеді. Егер осы шарт орындалмаса, онда ойын алаңында қай топтың белгісі көп қойылса, сол топ жеңіске жетеді.6. Оқушылардың білімін бағалау: Ойынға қатысқан оқушыларды бағалау. Оқушының қолындағы фигураларымен бағалау7. Үйге тапсырма беру: №, (аяқтау)Интеллектуалды дуэльСайыс шарты: 4 сұрақ беріледі, топтар тез және дұрыс сұрақтарға жауап беру керек. Бір сұрақ – бір ұпайға саналады, сайыста ұпай саны көп топ жеңіске жетеді.1 - сұрақ. Жай бөлшек деп қандай санды айтамыз?2 - сұрақ. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?3 - сұрақ. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?4 - сұрақ. Қандай сан аралас сан деп аталады?Кім жылдам№760 есепті екі топ бөліп тақтада есептейді, осы сайыста есептерін дұрыс және тез орындаған топ жеңеді.№760Фигураның боялған бөлігін жазТоптар суреттердегі бөліктерді интерактив тақтасында жазады. Әр топ өз белгілері тұрған тапсырмаларды кезектесіп орындайды. Қатесіз дұрыс орындаған топ сайыста жеңеді. Жеңген топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.Аудармашылар сайысыТоптардың белгілері қойылған тапсырмаларды орындайды. Жеңген топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз27/8= 34/5= 41/4=Санның бөлшек бөлігінен бүтінін ерекшелегенде19/10= 5 38/15= 36/12=Мырза ХСайыста №759 есептің 2 мен 3 шығарылады. Теңдеуге әр топтан бір оқушы шығады, теңдеуді бірінші және дұрыс шешкен оқушының тобы жеңеді. Жеңген топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.№759 Теңдеуді шешіңдер:Жасырылған санды тапӨрнектегі жұлдызшаның орнына тиісті санды жазыңдар. Жеңген топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.Қызықты есепЕкі топқа бір ортақ есеп беріледі. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып есепті шығарады, бірінші және дұрыс шығаратын оқушының тобы сайыста жеңеді. Жеңген топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.№910. Туристтер межелеген жерге дейінгі қашықтықтың жартысын тас жолмен, 1/3 - ін орман ішімен, қалғанын қара жолмен жүрді. Туристтер жолдың қандай бөлігін қара жолмен жүрді?Құпия хатФигуралармен жазылған өрнекті аудару керек. Топтардың белгілері қойылған тапсырмаларды орындайды. Бірінші және дұрыс аударған оқушының тобы жеңіске жетеді. Жеңген топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.Математикалық анаграммаЕкі топтың оқушыларына бір логикалық тапсырма беріледі. Тапсырмаға бірінші және дұрыс жауап берген оқушы тобы жеңеді. Жеңген топтың белгісі ойын аланындағы сайыстың ұяшығына қойылады.