Физика ?леміне саяхат.


Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Имашев атындағы орта мектебі
Математика және физика пәні мұғалімі
Харисова Рауила
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Физика әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушылардың физика пәнінен алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу. Мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалануға , қызықты логикалық есептерді шығара білуге , ойлау қабілетін дамытуға баулу . Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке , ұқыптылыққа,адамгершілікке , өз ойын ашып айтуға, достыққа тәрбиелеу. Түрі: Сайыс
Көрнекілігі:Мултимедия,компьютер, Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы Парафиннен жасалған шам,сіріңке.
«Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» (М.Борн)
1.Ұйымдастыру
а) «Ғаламшарлар сыры» –көрініс 7 А сынып оқушылары
б) «Физика әлеміне саяхат » 10 сынып оқушылары арасында сайыс

1.Таныстыру “Табиғат ” тобы “ Құбылыс ” тобы Сайысқа қатысушы топтар
«Табиғат »тобы , «Құбылыс »тобы
2. Сырлы сауалдар Айналамыз физика (өмірмен байланысты сұрақ)
Жастықтың оты қайдасыңЖүректе түртіп қозғамайҒалымның білім пайдасынДүниенің көркін болжамай
1.Сұрақ: Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?Жауап: Серпімділік құбылысы2. Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қандай заңына негізделгенЖауабы: Инерция заңы3.Сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?Жауап: Өйткені балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған. Сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады4 Cұрақ: Басқан жерде із қаларАйтқан жерде сөз қаларЖауап: Қысым заңдылығы5. Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады?Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы үйкеліс6. Сұрақ: Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен?Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсаяцияланады.7.Сұрақ: Сорпа ыстық екен, ағаш қасықтарының бар ма, ауыз күймегенге сол жақсы, неге?Жауап: Ағаш жылуды нашар өткізеді.8.Сұрақ: Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл не құбылыс?Жауап: Диффузия.9.Сұрақ: Саусақ бірікпей, ине бірікпейдіЖауап: Үйкеліс құбылысы10.Сұрақ: Терлеп, ыстықтап кетіп едім, суу үшін қолымды бетімен желпіп едім, суынып қалдым ғой, неге?Жауап: Бетімізді желпігенде ауаның қозғалысы терді кептіру процесін жылдамдатады да кебу үшін энергия бет терісінен алынатындықтан, беттің ішкі энергиясы азайып суынады.11.Сұрақ Төбесіне жүк қойып көтеріп келе жатқан адамның пішіні сымбатты болып көрінеді. Неліктен?Жауап: Ауырлық центріне сәйкес тепе-теңдік сақталады12 сұрақ.Тау жыныстарының қуысына жиналған су тауды жарады. Бұл неліктен? Жауабы: Түнде қуысқа жиналған су қатып, көлемі үлкен мұзға айналады. Ол мұз қуыс қабырғаларын зор күшпен сыға отырып, жынысты жарады).13. Сұрақ.Суда бағдарын жоғалтқан жүзгіш төмен мен жоғарыны қалай ажыратады? (Жауабы: ауа көпіршіктерінің қозғалысын байқау арқылы).
3. Кім тапқыр (ой жинақтау).
1.Ғалымның есімін төменде берілген сипаттамалар арқылы табыңыз:
Бұл ғалымды «сэр» деп атаған. Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы. Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген (Исак Ньютон )
2.Мына суреттегі ғалым кім? Итальян ғалымы, инерция заңын ашқан. ( Галилео Галилей ) 3. Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады? (Михайл Ломоносов ) 4.Бұл қандай формула.(қозғалыс заңы .дененің тығыздығы , қылтүтіктің көтерілу биіктігі )
10 Өлшем бірлік - м/c2 қандай формуланың өлшем бірлігі.( үдеу) 20 м2 қандай шаманың өлшем бірлігі( аудан ) 30 Өлшем бірлік - Паскаль қай формулаға тиісті. ( қысым ) 10 аспаптар – Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.(ареометр ) 20 аспаптар – Сұйықсыз сөзінің грекше баламасы. ( анероид ) 30 аспаптар – Ұшақтардың ұшу биіктігін қадағалап отыратын аспап.(альтиметр )
4. Қалжыңы мен әзілі аралас физика 1. Үзіліс кезіндегі екі оқушының соқтығысуының арасындағы аралық неге тең ? Жауабы: Еркін жүру жолының ұзындығына тең 2. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды ? Жауабы: Электр зарядының бірлігі - Кулонды 3. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы? Жауабы: Нобель сыйлығы 4. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды ? Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым 5. Қандай сақинаны тағуға болмайды ? Жауабы: Ньютон сақинасы 6. Қандай торға қамауға болмайды ? Жауабы: Дифракциялық торға 7. Қандай моль киімді жемейді ? Жауабы: Моль - заттың мөлшерінің бірлігі 8. Қандай өріске мал жаюға болмайды ? Жауабы: Электрлік және магниттік өріс
5.Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру)
Табиғат тобына 1. Жеті рет өлшеп бір рет кес Диффузия 2. Көсеу ұзын болса қол күймес Физикалық шаманы өлшеу 3. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылу өткізгіштік 4. Отқа салса темірде балқиды Жылдамдық 5. Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық күйі(балқу) 6.Дән себілмей астық өнбейді Булану конденсация Дария буланбай шық түспейді.
Құбылыс тобы 1. Қарыстан сүйем жақын Жылу өткізгіштік 2.Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Физикалық шама 3. Қимылдаған қыр асар Заттың агрегаттық күйі 4.Таумен тасты су бұзар Адамзатты сөз бұзар Механикалық қозғалыс 5. Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер Жылдамдық 6. Шапшаң озар Жатқан қалар Инерция
6. Сиқырға толы физика 2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды.
Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай. «А» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы
Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.
Не байқалады? Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады. Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды. Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды. 2- тәжірибе: Парафиннен жасалған шамды алыңыз. Шамның түбіне кішкене жүк қыстырып қойыңыз. Сосын суы бар әйнектен жасалған ыдысқа салыңыз. Шам жүзуі керек. Жоғарғы жағындағы жанып тұрған фитель судың үстінен шығып тұрады. Шам қанша уақыт жанады? Осы құбылысты түсіндір
Жауабы: Жалын сумен толып және шам тез өшетін сияқты көрінеді. Бірақ жанып тұрған шамның массасы азайып судың бетіне қалқып шығады.
7. Шығармашылық тапсырма.
Әр топ өздері құрған сөзтізбекті шешеді және өздері бір физикалық тәжірибе көрсетеді.Келесі топ қандай құбылыс екендігін анықтайды.Жүргізуші
Ал енді әділқазы алқасына сөз береміз.Жас дос! Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын ұғынып, білім нәрімен сусындауда. Физика пәні өздеріңе ақылшы әрі сенімді серік болады деп сенемін.Алдыңызда жайнаған жүздер әніСіздермен кездесерміз біздер әліӘділ қазы, көрермен сау тұрыңдарКүтеді бізді жарқын күндер әлі