Сайыс саба?.Информатика ?леміне саяхат


«Информатика әлеміне саяхат» интелектуалдық сайыс
Тақырыбы: Информатика әлеміне саяхат
Күні:
Мұғалім: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Сайыстың мақсаттары:Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын,ақылдылығы мен жылдамдығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, алған білімдерін пысықтау.Дамытушылық: Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік сауаттылығын дамыту.Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, талпынуға, дара болуға тәрбиелеу.Сайыстың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.• Оқушылармен амандасу• Олардың назарын сайысқа аудару• Тыныштандырып, сайыс кезеңдерімен таныстыруОйын толқын, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда, жат дауыстаБіреу озып келеді қатарынанБіреу қалып жатады асығыстаОйын толқын жатқанда асып, тасыпБіреу мығым, біреулер шалыс басыпБұл ойыннан өтеді ғұлама ойларЖеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – деп сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын.Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:1 ші кезең – «Өзім туралы» таныстыру сайысы2 ші кезең – «Бәйге» сайысы3 ші кезең – «Ғажайып алаң»4-ші кезең – «Сурет салу» сайысы5-ші кезең – «Мен саған, сен маған» сайысыҚатысушыларды марапаттау.Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Шыңдарға биік қонғайсың» - демекпіз.1.кезең – «Өзім туралы» таныстыру сайысы. Қатысушылар өздерін таныстырып өтеді, бұл сайысты әділ-қазылар алқасы бағалайды. Қорытынды ұпайлары тақтаға жазылады.Көрермен жиналған бұл тамашағаҚұр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емесСоқ қолыңды білімді жас талантқа.2. кезең – «Бәйге» сайысы. Сіздерге ортақ сұрақтар беріледі. Сол сұраққа қол көтеріп, жауап бересіздер. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Қорытынды тақтаға жазылады.1. Информацияның өлшем бірлігі? (бит, байт)2. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (Интерфейс)3. Компьютердің ақыл –ойы? (процессор)4. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал (Компьютер)5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (256)6. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)8. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)9. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)10. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)11. Мәтін жазуға арналған редактор (Word)Мәңгі бақи есте қалар,Ғажайып бір кеш болсын!Білімдірек шәкірт озарҚиынырақ сұрақ болсын.3 - кезең – «Ғажайып алаң»(Мұнда сұрақтар информатика пәні бойынша келеді, әрбір сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетілген, ал ұпайлар ұяшықтың ішінде жасырылған).1. Операциялық жүйе дегеніміз не?2. Бит дегеніміз не?3. Принтердің түрлерін ата?4. 1 Байтта қанша бит бар?5. Пернетақтада қанша перне болады?6. Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс жасайды?7. Компьютердің атасы кім?8. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?9. Бос орыс тастау пернесі?10. «Орта» деген сөзде неше байт бар?11. 1 символда неше бит бар?12. Компьютерлік дискілерді ата?13. Флешка дегеніміз не?14. Өшіріп, жазуға болатын дисктің аты?15. Компакт дискіні оқитын құрылғы?16. “Диск” сөзінде қанша бит бар?Қорытынды ұпайлары тақтаға жазылады.Білімнің ұшқырлығын танып сен,Асып, тасып, асықпа, қалыспа сенУақыт деген зымырап, зулап жатырШапшаңдық бұл сайыста керек екен.4-кезең: «Сурет салу» сайысыСіздердің алдарыңызда 6 нұсқа жасырылған ұяшықтар ұсынылып отыр. Сіздер қалаған ұяшықты таңдап, жасырылған суретті компьютерде орындауларыңыз керек.Компьютерге отырмас бұрын электронды есептеуіш құралдарымен жұмыс кезіндегі ережелерді еске түсірейік.Жасырылған нұсқалар: Желкенді кеме Аққала Тұрғын үй Автокөлік Қыс бейнесі Орман бейнесібұл сайысты әділ-қазылар алқасы бағалайды. Қорытынды ұпайлары тақтаға жазылады.Жорға, жорға, жорғала,Шапшаңдыққа таң қалма.Ойын деген арпалыс,Жеңілемін деп ойлама.5 кезең: «Сен маған, мен саған» сайысы.Бұл сайыста оқушылар үйден үш сұрақтан дайындап алып келеді. Сол сұрақтарын қалаған қарсыласына қояды. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Ұпайлар қорытындысы тақтаға жазылады.ІІІ. Жеңімпазды анықтап, қатысушыларды марапаттау.Әділ-қазылар алқасы әр қатысушының жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Ең көп ұпай жинаған оқушы - «Үздік информатик» атағына ие болады. Құттықтаймыз!Жеңімпаз оқушылар марапатталады.IV. Сайысымызды қорытындылау.Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика әлеміне саяхат» атты интелектуалдық сайыс ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.Рахмет!