?зін-?зі тану еліне саяхат (сыныптан тыс ж?мыс)


Мақсаты: балалардың  өзін-өзі тануына,адамгершілік  құндылықтарын  үйренуіне  ықпал  ету;Міндеттері: -шығармашылық қабілетін, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамытуға;-өзіне  деген  серімін арттыруға;-өзін-өзі  және  бірін-бірі  тәрбиелеу;
Көрнекі  құралдар: интерактив тақтасы,үнтаспа,суреттер,плакаттар,жапырақтар
«Өзін-өзі  тану  еліне  саяхаттың» үлкейтілген  суретін  интербелсенді  тақтадан  көрсетіліп  тұрады.
-Балалар бүгінгі  кешімізде  «Өзін-өзі  тану еліне» саяхаттаймыз.Ол  елде  орман-тау,өзен-көл,патшалықтар,елді-мекендер  мен сарайлар  бар. «Өзін-өзі тану елі»- «Тіл  табысу», «Білім», «Табиғат», «Атамұра», «Өнерлі ел», «Достық» деген  өлкелерден  тұрады.Бұл  елдің  ең  биік шыңы  «Адамгершілік»деп  аталады. «Адамгершілік» шыңына  жету  үшін әр  өлкенің  өз  тапсырмасы  бар .Сол  тапсырманы  орындай  отырып шыңға  қарай өрмелейік. «Адамгершілік»шыңында әрқашан  күніміз  жарқырап  бізге  шуағын  шашып  тұрады.
Мұғалім  суреттен көрсете  отырып,балаларды  осы  өлке  шарттарымен  таныстырады.
-Балалар  бұл  өлке «Тіл  табысу»өлкесі.Бұл  өлкеде  сыпайы,бір-біріне  қамқор,мейірімді адамдар өмір  сүреді.Бізде бойымыздағы  жақсы  қасиеттерді көрсете  білейік.Ол  үшін  оқушылар  қарым-қатынаста  қолданылатын  жақсы  сөздерді қаншалықты  білетінін,қандай жағдайда  пайдалану  керектігін тексеру: (мыс:сәлеметсізбе?,сау  болыңыз!,ғафу  етіңіз т.с.с.) Ойын-жаттығу  «Құрмет-ізет»
— «Білім »өлкесі  сіздердің  қаншалықты  білімді  екендеріңізді  тексереді.
-«Табиғат» өлкесінде  сіздердің табиғат  жанын ,яғни өсімдік  топырақ,ауа қасиеттерін  сезіну  қабілеттерін  анықтау;
— «Атамұра» өлкесінде ата-баба байлықтары  сақталған.Мақал-мәтел,жұмбақтар,даналық  сөздер
— «Өнерлі  ел» өлкесінде балалар  шығармашылығ  тамашаланады.Сурет салу,ән айту,би билеу;
— «Достық »өлкесінде барлық адамдарды татулыққа ,ауызбіршілікке шақырады.
Оқушыларды 2 топқа  бөліп ,жоғарыда  көрсетілген шарртармен жарыстыру;
Хор:  «Не деу  керек?» 2 сынып оқушылары
«Тіл  табысу»-ойын  «Құрмет-ізет» деп  аталады.Тақтаға  жапырақсыз  ағаштардың /үлкен-кіші/ суреті  салынған  плакаттар  ілінеді.Жапырақ  пішінді  қағазға  жазылған  құрметті ,ізетті  сөздерді  екі  командаға  бөліп беріледі.Оқушыдар  жапырақтарды  дауыстап  оқып,осы  сөздер үлкендер  айтатын болса үлкен ағашқа кішілер  айтатын болса,кіші ағашқа апарып ілу.Жапырақтағы сөздер  үлгісі  : өтіңіз ,жолыңыз  болсын сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.т.с.с.
«Білім»өлкесі.Екі  топ кезектесіп ,бір топ білім туралы  мақал-мәтелдің  бастапқы бөлігін  айтса,екінші  топ осы  мақалды жалғастыруы  тиіс. Жұмбақ  жасыру.
Екініші  сайысты бастамас  бұрын кітап  кейпінде  «Кітап  жыры» Е.Ашықбаев өлеңі  оқылады.
Деме:
«Оңай  үйренем»
Ақыл  айтсам-ЕгеспеОқу  деген-
«Инемен құдық қазу»  емес  пе?
Менің әрбір жолымда-
Мен отырсам  қолыңда,білмегенді  білесің.
Көп  пайдадан құр  қалма,
Жалқауланып отырып,
Қолдан келіп  тұрғанда:
«Кел,балалар,оқылық!»
1.Жапанда  бір  нәрсе  бар аузы  жабық,
Ашылар  мезгілінде  бауырын  жазып.
Ішінде толып  жатқан  қазына  бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық/кітап/
2.Ұзын ,ұзын .ұзын  жолҰшына  жеткен  барма  екен?
Түбі  терең  қара  су,
Түбіне  жеткен  бар  ма  екен?
Түбіне  жетіп  сол  судың,
Қанып  ішкен  бар  ма  екен? /оқу/
3.  «Табиғат  өлкесі».Табиғат-дегеніміз-аң ,құс өсімдік, тау, өзен, көл, ауа, жер, су. Біздің  тіршілік  ортамыз.Олардың  барлығы  бізге  берген  сыйы.Табиғаттың  тарту  еткен  сыйын  аялау,оған  қамқорлық  жасау  әрбір  адамның  міндеті.Адам  табиғаттан  сұлулықты,әдемілікті  үйренеді.Ол  үшін  адамға  табиғаты  тану,сезіну  және  оның  екерше  екенін  терең түсіну  қажет.Адам  табиғаттың  сұлулығын   әсерлі сөзбен  сырлы  өлеңмен,ғажап  суреттермен  жеткізе  алады.
1-тапырма а)табиғаттың  адамға  пайдасы  туралы  әңгімелеу, ә)адамның  табиғатқа  пайдасы  туралы әңгімелеу;
2-тапсырма, «Су», «Ауа» сөздері  беріледі.Осы  сөздерге еніп өздерін  таныстырып,пайдасын,қасиетін  таныстырады.
4. «Атамұра»өлкесі.
1.Қоржынға  салынған  әріптерді  ала отырып,қандай  әріп  шықса  ,сол  әріптен  басталатын  даналық  сөздерді  айтуы тиіс. Мысалы: С- Сабыр  түбі  сары  алтын.
2. «Мен  мақалдап  сөйлеймін» деп  аталады.Берілген  әңгіменгі  қысқаша  түрде  мақал-мәтелмен  қайыру.
Мысалы: Ақыш аға  жастайынан еңбекпен  күнін  көрген  адам .Мектеп жасынан  әкесінің  жанынан  қалмай,егін  даласында  өскен  ағайды  дүйім  жұрт  мақтан  тұтады.Жауабы:  «Еңбек  ер  атандырады», «Еңбектің  наны  тәтті»
«Жұм-аш»  ойыны.Ортаға  бір  оқушы  шығады.Берілген  затты  топқа  жұмбақтап  жасырады.
5.«Өнерлі  ел».
1.Ортаға екі  топтан 2оқушы  шығып  әртүрлі елін  биін  билейді.
2.Сурет салу .Бастап бір оқушы  кез-келген пішін  салады.Қалған оқушы бір элементті жалғастыра сала  отырып,бір бейне  шығарады.
«Сурет салсам» Е.Ашықбаев
Сурет салсам –гүл  саламын,
«Гүлге  толып тұрса  алаңым»,-деймін  мен
Сурет  салсам — күн  саламын,
«Күндей  күліп тұрса  маңым»,-деймін  мен.
Сурет  салсам-қала  салам,
«Болсын  барлық  баласы  аман»,-деймін  мен
Сурет  салсам-Адам  салам,
«Қорған  болсын  маған,саған»,-деймін  мен.
6. «Достық»өлкесі.
1. «Жарнама»  ойыны.Әр  топ өзінің  оқитын  мектебін,тобын  және бір  оқушыны  жарнамалайды.
Ойын-жаттығу: Бүгін бізге қонақ келіп отыр. Мен оның кім екенін жасырып көрейін, сендер оны шешуге тырысыңдар. -Ол өте нәзік, әдемі. -Ол ешкіімге жамандық ойламайды. - Ол әдемі алқаптарда ұшып жүреді. (көбелек)
Оқушыларға гүлдің күлтелерін таратамын, табиғатта неге ұқсағың келеді «Егер  мен….» деп оқушылар өздерінің ұқсағысы келетін табиғат мүшелерін атап гүл жасайды, сосын көбелекті гүлге қондырамыз.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Қорытындылау
1-бөлім: әдеби-монтаж 2-сынып
1. Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін
қайырлы таң, қайырлы таң
күліп шықты күн бүгін.
2. Біз көңілді ұланбыз
ән шырқаймыз сайраңдап
Бақытты елде тұрғанбыз
Жаз гүліндей жайраңдап.
3. Бөбектерді қуантып
Құрметтейміз қарттарды
Өнерге біз құмартып
Өсіреміз бақтарды
4. Шынығамыз ойнаймыз
Жас ұрпақпыз талапты
Жаз қызығын тойлаймыз
Жақсы оқимыз сабақты
5. Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да
Өзің үйрен өзіңнен
6. Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла
7. Өзіңді өзің қолыңа ал
Өзіңсің ақыл айнасы
Тиетін саған мәні бар
Өзіңді тану пайдасы
8. Осындай әлем бар, Қызықты шуақты
Әлемде әр ел бар, Бақытты, қуатты
Ондағы балалар, Жайдары, көңілді
Бәрі де керемет!
Көрініс: "Таза болса табиғат, аман болар адамзат"
Қатысушылар: Күн, ауа, су, жер, оқушы
Оқушы: Ей, адамдар! Күн мен гүлден жаралған
Ыстық сезім, шуақ содан тараған
Тіршіліктің иесі - Жер - Ананы тыңдаңдар
Жер-Ана: Адамдар, адамның денсаулығынан асқан байлығы жоқ. Сондықтан да өз денсаулықтарыңды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.
Күн: Нұр-сәуле шуағым
беретін қуатым
Ұлы емші боламыз
Бізден күш аласыз
Жылытып қыздырып
Нұрыма жүзіңдер
Алтындай шуағым
Сырқатты қуамын
Ауа: Жер шары ұлы әлем
Қоршаған біздерді
Ауадан тыныс ап
Өседі ырыс бақ
Денсаулық дауада
Деме күш ауада
Су: Сусында әрә дем
Біз емші бәріне
Жуынсаң сергітер
Су - өмір жүрегі
Денсаулық тірегі
Оқушы: Уа жер-ана, мөлдір су, таза ауа, алтын күн дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?
Жер-ана: Денсаулыығың мықтыболу үшін тұрақты да мәнді өз күшің болуы керек. Яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, табиғи тағам ішу, демалу, ақыл-ойды дұрыс қалыптастыру, жерің мен табиғатыңды қорғау керек.
Барлығы: Тазалықты сақтайық
Табиғатты баптайық
Бізге деген пайдасын
Жақсылықпен ақтайық
3-класс
Ізгі сөздерге кезек береміз
3-класс Мақтай неге мақталар
Мақтайды жұрт мақтайды
өйткені ол жақтайды
Әдептілік, адамдықты, әділеттік, адалдықты
Білімділік, батырлықты, бейімділік, алғырлықты
Дарындылық, даналықты, қарымдылық, тазалықты
Табандылық, қайсарлықты, талаптылық, жайсаңдықты
Намыстылық, даралықты, жарқындылық, дарқандықты
Сыпайылық, сыйластықты, сапалылық, қимастықты
Елгезектік, ептілікті, ізеттілік, еркіндікті
Зейінділік, зеректікті, мейірімділік, сергектікті
Тәртіптілік, ісмерлікті, тұрақтылық, іскерлікті,
Өжеттілік, кішілікті, өнерлілік, кісілікті
Міне осындай Мақтайды, Үлкен-кіші жақтайды
Мадақтайды, мақтайды!
Мұғалім:
-Тәрбиенің  асқары-
Абай  атам  табынған.
Әдептілік  бастауы
Бес асыл боп табылған.
Көптің  ойын  бүрлетіп,
Әдеп  жайын  қозғасын
Бастайық  сол үлгі етіп,
Бес асыл сөз басын:
Рақым:Шарапаттан  тұратын
Мен  боламын  рақым.
Тек  жақсылық жолындаСалтанатын  құратын
Сыйым-ізгі  махаббат,
Тигізерім  шарағат.
Кішілерге  қамқор  боп,
Қартқа  тұрам «аталап».
Қанағат:Ындыныңмен ашқарақ
Құнығудың  қандайын
Жөнге  салам  бастан-ақ,
Тыйып  ұстап  әрдайым
Мен  боламын өмірің,
Байлығың да,барыңда
Тоқ болады  көңілің,
Жүрсем әр кез  жаныңда.
Терең  ой:Қыран  қанат құстаймын,
Талабыңды  ұштаймын.
Зерделіге  достаймын,
Дарындыны  қостаймын.
Ақылы  азға  қонбаймын-
Сол ғой  менін зор қайғым
Саңылауы  бар.түйсігі
Торғай-екеш торғайдың.
Талап:Таудай  болса ,талабың,
Бағың  болып жанамын.
Мен  бар  жерде  болмайдыАлынбас еш  қамалың
Тұрсам келіп бабыма,
Тоят  аңсар  шағыма.
Көктей өтіп,арманның
Қондырамын  тағына!
Еңбек:Жасампаз  төрді  тұлетіп,
Жаңғыртқан  қайта мың рет.
Шөлейтті  жерді  гүл  етіп,
Жайқалтқан  мен бір  құдірет!
Бәрі де  менің  жеңісім
Зейнетім,демек жемісім,
Шалқыған астық,кенішім-
Ырысты  бейбіт  ел үшін!
Мұғалім:Қанағат,Рақым,Терең ой.
Талап,Еңбек -өркен-ді
Бәрі  саған  керек қой,
Ұлы   өмірің-ертеңгі.
Бес  асыл  іс-бұл арлы,
Үлгі  болған  ғасырдан.
Қастер  тұтып  бұларды,
Ардақтап  өс  жасыңнан.
Әдептілік-әсемдік,
Соны әспеттеп  жырлайық
Өнеге  алып  өсерлік,
Өрендерді  тыңдайық.