Еріндік ж?не езулік дауыстылар


Қысқа мерзімді жоспар
Бекітемін:_______________
Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауыстылар
Мектеп: №118 орта мектеп
Күні: 25.01.2017 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Сүлейменова Эльмира
Сынып: 5ә Қатысқаны – 13 Қатыспағаны -
Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттар: Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру
О4 Сұрақ қоя білу және бағалау
Ж11 Грамматикалық нормалар
Бағалау критерийі Барлық оқушы істей алады:
Оқыған мәтіндеріне ашық, жабық, жетекші сұрақтар дайындайды және қорытынды жасайды
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Әртүрлі ақпараттардағы идеяларға өз ойларын қажетті дәлелдемелер арқылы жан- жақты жеткізеді және тұжырымдайды
Кейбір оқушылар істей алады:
Мәтіндегі сөздердің грамматикалық, лексикалық байланысын түсінеді, қолданады
Бағалау критерийі Дескриптор Ұпай
1.Тыңдалған материал бойынша жауап беру 1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
2. Негізгі ойды анықтайды 1-5
2.Сұрақ қоя білу және бағалау 1. Тыңдалған мәтін бойынша өз пікірін дәлелдейді
2. Өз ойларын білдіреді 1-5
3. Грамматикалық нормалар 1. Cөздердің бір –бірімен байланысын түсінеді
2. Алған ақпараттарын жүйелеп қорытынды жасайды 1-5
Осының алдындағы оқу
5 мин
Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріп, тақтаға оқушыларға орындаттыру.
«Кім жылдам?» ойыны
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстың неше түрі бар?
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарын атап беріңіздер?
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Жуан дауысты дыбыстарды ата?
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

Сабақ кезеңдері Сабақта жоспарланған оқыту іс - әрекеттері Оқыту ресурстары
Стартер
3 мин Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқу құралдарын тексеру.
Сыныпты топқа бөлу.
«Шаттық шеңберін құру»
Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, бүгінгі сабақтың сәтті өтуіне үлес қ «Қазақ тілі» оқулығы
5-сынып
Жаңартылған бағдарлама әді
Сабақтың басы
7 мин Жаңа сабақ
Дауысты дыбыстардың жасылу кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбысты еріндік дауыстылар деп атайды.
Еріндік дауыстылар:о,ө,у,ұ,ү.
Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбысты езулік дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар:а,ә,е,э,ы,і,и.
Сабақтың ортасы
10 мин Оқулықпен жұмыс.
247-жаттығу. Төмендегі жұмбақ өлеңдердің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.
248-жаттығу.мына өтірік өлеңдегіеріндік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек , еріндік пен езулік дауыстылар аралас келген сөздерді өздерінше бір бөлек топтап жазыңдар.
249-жаттғу.
Сабақтың соңы
6 мин IV.ЖИНАҚТАУ
Жеке жұмыс
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып, өтілген тақырыптарды қайталау. 5 ми
н YI.БАҒАЛАУ
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
239-жаттығу. Оқып , түсінгендерінді айтыңдар. Рефлексия
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге толтыру