?аза? тілі Еріндік ж?не езулік дауыстылар. 5 класс


Алматы облысы, Панфилов ауданы, «Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұртазаева Меруерт Бекдәулетқызы
Тақырыбы: Еріндік және езулік дауыстыларМақсаты:Білімділік: Оқушыларға еріндік және езулік дыбыстарды меңгерту. Алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.Тәрбиелік: ояту.Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын дамыту,қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Суреттер арқылы сөйлемдер құрап,өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.Сабақтың барысы:І кезең.1. Ұйымдастыру сәтін өткізу;2. Психологиялық дайындық:Бір, екі, үш!Сынып іші тып-тыныш.Жалқаулықты тастаймыз,Сабақты біз бастаймыз.Үй тапсырмасын тексеру /слайд арқылы/1. Тіл білімінің қай саласы дыбыстарды зерттейді?2. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?3. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?4. Қазақ тілінде неше әріп бар?ІІ кезең.Жаңа тақырып: «Еріндік, езулік дауысты дыбыстар»1. Оқушылармен бірігіп сабаққа мақсат қою.2. Оқушыларды топқа бөлу: «Еріндік», «Езулік»3. Ережемен таныстыру• Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.Еріндік дауыстылар:о,ө,у,ұ,ү• Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.Езулік дауыстылар: а,ә,е,э,ы,і,иІІІ кезең1. Оқулықпен жұмыс.2. «Сөзден сөз тер» ойыныБауырсақ -(Жауабы: Бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау...)3. Сергіту сәті4. “Көлеңке” сөзіне фонетикалық талдау жасау.5. Сөзжұмбақты шешіңдер1. Егер “А”-дан бастасаң, үлкен ақын атамыз.2. “А”-ны алып тастасаң, мол дәулетке батамыз.3. “Б”-ны алып тастасаң, түнде жарық шашамын.6. Ойын: «Сиқырлы әріптер»Мақсаты: Еріндік және езулік дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.Шарты: Еріндік дауыстыларды көк құтыға, езулік дауыстыларды қызыл құтыға салу қажет.7. «Кім шапшаң?» Топпен жұмысІ топ езулік дауысты дыбыстардан бірнеше сөз құрайды.ІІ топ еріндік дауысты дыбыстардан бірнеше сөз құрайды.8. «Жауабын тап» ойынМысықта бар,Күшікте жоқ.Қасықта бар,Есікте жоқ. /Ы/Көлде бар,Сайда жоқ.Төлде бар,Тайда жоқ /Ө/9. Сиқырлы кестедегі маман иелерінің сұрағына жауабын табыңдар.Сұрақтар:Дауысты дыбыстарды неліктен еріндік дауысты дыбыстар дейміз?Дауысты дыбыстарды неліктен езулік дауысты дыбыстар дейміз?Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай жіктеледі?Тест тапсырмалары1. Тек ашық дауыстыдан басталып тұрған сөзді тап:А) ыдысӘ) алмұртБ) инелік2. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай ашық, қысаң деп бөлінеді?A) Еріннің;Ә) Тістің;Б) Жақтың3. Еріндіктен басталып тұрған сөзді тап:А) әтеш Ә) айна Б) өрік4. Езулік дауыстыны тап:А) у Ә) ы Б) о5. Қазақ тіліне тән дыбысты тап:А) г Ә) ұ Б) в6. Жуан дауысты дыбыстан аяқталатын сөзді тап:А) анықтамаӘ) көлдерБ) суық7. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала қалай аталады?A) ФонетикаӘ) СинтаксисБ) Морфология8. Қай дыбыстар жуан дауыстыға жатады?A) а, о, ұ, ы. Ә) қ, п, т, с; Б) ы, ұ, ө, е;
11. Қорытынды /сұрақ-жауап/1.Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?2.Кімге қандай тапсырма қиын немесе оңай болды?3.Сабақтан алған әсерлеріңді смайликпен білдіріңіздер?12. Бағалау. Бағалау парағы.13. Үй тапсырмасы:Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық.Бүгінгі алған білімді,Ұмытпай есте сақтайық .