?дістемелік н?с?аулы?: Реферат жазу талаптары


Реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Реферат бұл – белгілі бір тақырып бойынша студенттің жазбаша жұмысы. Студент рефератты жазу кезінде берілген тақырып бойынша барлық әдебиеттерді жинақтап, талдау жасап ғылыми материалдарды жүйеге келтіру керек.
Рефераттың құрылымы:
1. Рефераттың құрылымы:
мұқабалық бет;
мазмұны;
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды;
қолданылған әдебиеттер тізімі.
2. Рефераттың көлемі шамамен басылған 10-14 бет болуы керек.
Рефераттың мазмұнына қойылатын талаптар:
1. Кіріспеде тақырыптың актуальдық жағы, тарихнамалық шолу, зерттеудің міндеті мен мақсаты, тәжірибелік мәні көрсетілуі керек (кіріспенің көлемі 2-3 бет болуы керек).
2. Негізгі бөлім зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдаудан тұрады. Негізгі бөлімнің материалдары тарауларға бөлінуі керек. Әр тараудың атауы болады және ол негізгі бөлімнің тарауының мазмұнын ашуы керек (негізгі бөлімнің көлемі 4-5 бет болуы керек).
3. Қорытынды қысқа түрде зерттеудің нәтижесі мен нақты қорытындылардан тұруы керек (2-3 бет болуы керек) .
4. Әдебиеттер тізімі келесі критерийлер бойынша ресімделеді:
алфавиттік тәртіп бойынша;
тақырыптық-хронологиялық;
деректемелердің түрі бойынша.
Қосымшаға зерттеу кезінде қолданылған көмекші материалдар кіреді: құжаттардың көшірмесі, суреттер, схемалар, таблицалар, статистикалық есептер.
Рәсімдеу тәртібі:
1. Рефераттың тақырыбын қолмен жазуға және 1 интервал арқылы компьютерде жазуға болады.
Қатаң түрде келесі қашықтықтар сақталуы керек: сол жағынан -30 мм, астынан - 20 мм, үстінен - 20мм, оң жағынан -15 мм.