Конспект классного часа Мен елімні? азаматымын


Тақырыбы: Мен елімнің азаматымын Мақсаты: Қазақстан Республикасы жайында танымдарын кеңейту. Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Азамат» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.Адамгершілікке, ұлтжандыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайдтар, жүрекшелер,үнтаспа.Тәрбие сағатының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық:
Амансың ба, ашық күн, Амансың ба, көк аспан. Амансың ба, туған жер, Амансың ба, ел-жұртым Тыныштықты тілеген. Амасың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанам! ІІ. Кіріспе: Мұғалім: - Отан дегеніміз не?
Дұрыс айтасыңдар. « Отан » деген қасиетті, әр адамның жүрегіне жылы тиетін сөз. Отанымызға деген махабатарыңды қалай жеткізуге болады?
Өлең жолдарымен, сурет арқылы, жақсы ісіңмен ... Қазір біздің оқушылар өз сүйспеншіліктерін өлең жолдары арқылы жеткізеді. Оқушылар өлеңдер оқиды. 
3 Негізгі бөлім.1 оқушы: Гүлге толы кең жазық, Күйге толы жота, құм. Жыр тербеген жел нәзік – Қазақстан - Отаным ! 2 оқушы: Байлық шашқан сияқты Жер бетіне нұр таңым. Құшағы кең шуақты Қазақстан – Отаным! 3 оқушы: Кенге толы қойнауы, Төлге толы жайлауы. Ол- біздің Қазақстан! Мұғалім: Тәуелсіздіктің шежіресіне көз жіберейік (слайдтан атаулы жылдар оқылады) Мұғалім: Отанды өркендететін, дәулетін арттыратын кімдер? Оқушылар: Сол жерде тұратын адамдар, азаматтар. - Балалар «азамат» деген сөзді қалай түсінесіңдер?- «Азамат» қандай болу керек деп ойлайсыздар?- Тақтамен жұмыс: «Азамат» болудың өсиетті сөздері бар екен, қане оқиық: /слайд арқылы көрсету/Бұл сабақта әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екендігін түсінеміз.Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.Әрбір азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір - бірімен қарым - қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен.Менің атам айтқандай «... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» деген сөзі бартын маған өсиет қылып айтып кеткен.Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек.Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады, он алты жасында жеке куәлігін алады.Мұндай заңдылық біздің қазақ жерінде үлкен сыныптарға барғанда «ТАРИХ» сабағынан өтесіздер Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.Мұғалім: Азаматтар өз елін көркейту үшін қандай еңбектер жасайды? Оқушылар: Экономиканы, білімді, өнерді, халықтың тұрмысын жақсарту үшін еңбек етеді, Отанына қызмет жасайды. Мұғалім: Дұрыс, сендердің де орталарыңнан Отан қорғаушылар, саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, өнер адамдары, спортшылар, суретшілер шығатынына сенеміз. Ал, енді, балалар, болашаққа саяхатқа шығайық, қиялға берілейік. Сен ер жетіп, азамат болғанда Отаныңа қандай қызмет жасар едің? Оқушыларға сөз беріледі. 1-оқушы: Мен жазушы болып, тәуелсіз елімнің тарихын жазар едім. Мысалы былай: (шығарма оқылады) 2-оқушы: Мен болсам, әнші болып қазақ елінің өнерлі халық екенін әлемге мойындатар едім. «Атамекен» әні орындалады. 3-оқушы: Мен ақын болып, Отанымды жырлар едім.(өз өлеңін оқиды) 4-оқушы: Мен болсам, суретші болып, Қазақстанның сұлулығын бейнелер едім.(суретін көрсетеді) 5-оқушы: Мен спортшы боламын, Еліме алтын медаль әкеліп, жеңісімді сыйлаймын.(өз өнерін көрсетеді) 
Әлемге атың жайылсын жарқын.
Жасай бер, жаса Қазақстан.
Баянды болсын бақытың,халқың.
Жасай бер,жаса Қазақстан.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.- Міне осы өсиеттерді есте сақтау әр кімге де қажет.Отан туралы мақал - мәтелге көңіл аударайықшы:Отанды сүю – от басынан басталады.Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "АЗАМАТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, Мына жүрекше парақтарға әр оқұушы Отаннымызғ арнап тілек, арманын жазады және оқып мына бәтерек ағашына іледі.. Мұғалім: Өсер елдің келешегі – өскелең ұрпағы. Ел болашағы сендердің қолдарыңда. Біз сендерге сенеміз.
Ән: Қазақ осы ,әнін айтады.

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Озерное орта мектебі
Сынып сағаты:
Мен Қазақстанның азаматымын.
Бастауыш сынып мұғалімі: Жиентаева Асем Карбаевна