?дебиеттік о?у п?нінен М.Ма?атаев Отан туралы ?ле?і (2-сынып)


Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға туған елі, жері туралы білімдерін кеңейту. Олеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Оқушыларды ақын өмірімен, шығармалары және өлеңдерімен таныстыру. Балаларға өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мәнерлеп айту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.Түрлі тапсырмалар орындау барысында іскерлік, танымдық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелігі:Өз елін, жерін қорғауға, Отанын, тілін сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауапСабақтың көрнекілігі: М.Мақатаев суреті, автор кітаптары,ойындар, ел рәміздері, сюжетті суреттер.Сабақтың барысы:I . Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық.Бір, екі, үшСынып іші тып-тынышЖалқаулықты тастаймызСабақты біз бастаймыз1-арал « Не оқып, не үйрендік?»II. Үй тапсырмасын тексеру.1. Жақан Смақовтың «Отан» туралы өлеңін жаттау.2. Отан, тіл, ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер жаттау.2-арал « Сен білесің бе?»1.Жақан Смақов кім? ( балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жазушы)2. Жақан Смақов қандай өлеңдер жазған?(Сылдырмақ, Сәбилерге сәлемдеме, Ақ бұзау)3.Жақан Смақов қайда туған? (Жезқазған облысы, Жаңақара ауданындағы, Ынталы деген жерде туған)4.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Елтаңба, Гимн, Ту)5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?(Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков)6.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім?(Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов ,Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков)Автор туралы мәліметЖақан Смақов Жезқазған облысы, Жаңақара ауданындағы Ынталы деген жерде туған.Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы.3- арал «Біліп ал да, ұғып ал»III. Жаңа сабақҚызығушылығын оятуТоптастыру«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?( Мөп-мөлдір аспан, қауызын ашқан гүл, асқар тау)
Ой қозғау.Отан, туған жер, ел, тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?Ақын - жазушылардан кімдерді білесіңдер?Автор туралы мәлімет беру.Мұқағали Мақатаев 1936 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған. Мұқағали Мақатаев қазақтың ақиық ақыны, Қара өлеңнің Құлгері атанған. Мұқағали пояэзиясы түрлі тақырыптарға бөлінеді: ана туралы, табиғат лирикасы, махабат лирикасы, туған жер, Отан, соғыс тақырыбы.Оқулықпен жұмыса)Мақал- мәтелдерді түсініп оқып, мәнін түсіндіру және жаттап ал.1.Туған жердің күні де ыстық,Түні де ыстық.2. Отан оттан да ыстық
ә) Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін оқу, мазмұнын түсіндіру.Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.Мен оның қасиетті тілін сүйем,Мен оның құдіретті үнін сүйем.Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.Жаным менің, кеудемді жарып шық та,Бозторғайы бол оның шырылдаған.Отан, Отан,Бәрінен биік екен,Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем..Қасиетті қазақ тілінің мәртебесіне тоқталу.- 1989 жылы Қырқүйектің 22-сі күні «ҚР тілдері туралы Заңы» қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл статусына ие болды.- 1997 жылы Тіл Заңы қайта талқыланып, 7 шілдеде ҚР тілдер туралы Заңы қабылданды.Ой дамыту. 1.Өлеңді қандай дауыспен оқу керек деп ойлайсың?Дәптермен жұмысДәптерімізді ашайық,Қолға қалам алайық,Салақтықтан қашайықӘдемі етіп жазайық.Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тап . Оларды дәптеріңе жазып ал.Ағынды өзен қасиетті тіласқар тау құдіретті үнЖеке жұмысӨткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыру:Ақындар Отанды неге теңейді? Екі өлеңдегі ұқсастықтар: Екі өлеңдегі ерекшеліктері:Жақан Смақов Гүлге, аспанға теңеді.Мұқағали Мақатаев Қасиетті тіл, туған жер, қасиетті тіл, құдіретті үн4- арал «Ізденушілер» Топпен жұмыс1 топ « Астана» 2 топ « Алматы» 3 топ «Ақтау» 4 топ «Шымкент»

1.Әр топ өз аттарына сәйкес сөйлемдер құрау, айту.5- арал «Демалыс аралы» Бұл не? (Елтаңба, Ту, Гимн)Сергіту сәті жасаладыАспанға қарап ай көрдім,Төменге қарап жер көрдім,Оңға, солға бұрылып.Егеменді ел көрдім.6- арал «Жас суретшілер» М.Мақатаевтың «Отан» өлеңіне байланысты сурет салу

7-арал «Білім аралы»Сандықшалардағы тапсырмаларды орындау.1.Бүгін кімнің өлеңімен таныстық?2.Мұқағали Мақатаев кім?3.Мұқағали Мақатаев қайда дүниеге келген?4.Мұқағали Мақатаевтың қандай шығармалары бар?5 «.Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.Оқушыларды бағалау:Үйге тапсырма: М.Мақатаев Отан туралы өлеңін жаттау. «Отан» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
« Ә.Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Мұқағали Мақатаев
«Отан туралы»


Пән мұғалімі: З.Жумакалыева
2015-2016 оқу жылы