Сыныптан тыс шара. Информатика ?лемінде 5-7 сыныптар Абдулкаримова Ляззат Махамбетовна


А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Интеллектуалдық ойынның тақырыбы:   «Информатика әлемінде»
Пән мұғалімі: Абдулкаримова Л.М.
Интеллектуалдық ойынның тақырыбы:   «Информатика әлемінде»
Мақсаттары:
1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның тақырыбы, нақыл сөздер, сыйлықтар.
Ойынның барысы:  
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі  «Информатика әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.
Көңілді тапқыштар, білгіштерБар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1-    бөлім «Таныстыру».
2-    бөлім «Құпия алаң».
3-    бөлім  «Жұмбақ шешу».
4-    бөлім  «Бәйге».
5-    бөлім  «Өлеңім-өнерім».
6-    бөлім « Мақал –сөз мәйегі».
7-    бөлім «Полиглот».
8-    бөлім «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт».
Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады.
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайықЖиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1-топ «Компьютер»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
               Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2-топ «Интернет»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпауДевизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
                Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады)
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп
2- бөлімді бастайық  «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз.
1.     Компьютер миі? (жүйелік блок)
2.     Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3.     Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4.     Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5.     Графикалық редактор? (Paint)
6.     Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
7.     Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)
8.     Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9.     Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11.  Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы)
12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)
13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)
15.  Келесі жүріс. (жүріс келесі топқа беріледі)
16. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)
17. Банкрот (топтан 5 ұпай алынады)
18.  Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)
19. « Microsoft»  фирмасының президенті (Билл Гейтс)
20.  Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт)
Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп3 бөлімді бастайық « Жұмбақ шешу»  топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және  дұрыс шешетін болса, сол топқа  10 ұпай беріледі.
1.     Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)
2.     Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)
3.     Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)
4.     Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы(тышқан)
5.     Қағазға тойматын  құрылғы (принтер)
6.     Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)
Осымен 3-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп4 – бөлімді бастайық  «Бәйге» бұл бөлімде  топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың  дұрыс  жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1.     Баспа құрылғысы (принтер)
2.     Компьютер теледидары (монитор)
3.     Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4.      Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін)
5.     Зиянкес бағдарлама (вирус)
6.     Файлдар жиыны (бума)
7.     Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8.     Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9.     Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)
Қызыл  конверт сұрақтары:
1.     Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер  жүйе немесе интерфейс)
2.     Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3.     Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4.     Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5.     Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6.     Дыбыс естілетін қорап (колонка)
7.     Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)
8.     Компьютердің маманы (программист)
9.     Бүкіләлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
 Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса-деп5-бөлімді бастайық  «Өлеңім-өнерім»  бұл бөлімде әр топ берілген сөзден  бір шумақ өлең құрастырады. Өлеңнің әр жолы ұйқас болып,  дұрыс құралған болса,  сол топқа 5 ұпай беріледі.
(Word мәтіндік бағдарламасы туралы)
 (Ехсеl кестелік бағдарламасы туралы)
 (Paint графикалык бағдарламасы туралы)
Осымен 5-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп6-бөлімді бастайық  « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Осымен 6-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.-деп7-бөлімді бастайық  «Полиглот»  топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде  10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.
1.     Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)
2.     Жойылған файлдардың қапшығы (себет, корзина ......................)
3.     Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)
4.     Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри)
5.     Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус)
6.     Файлдардың жиналған жері (қапшық, папка, ...........................)
7.     Ақпаратты  компьютерге енгізетін құрылғы (пернетақта, клавиатура, ............)
8.     WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pensl)
9.     Word  қандай бағдарлама? (мәтіндік, текстовый, ..................)10.   Мәтіндік бағдарламаға не қоюға болады? (сурет, картинки, ..................)
Осымен 7-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өрендіЖеңістің мынау шыңына.-деп8-бөлімді бастайық  «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт»  бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді (Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша сөз жазады, сонша ұпай алады.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
----------------------------------------
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізгенИнформатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).
Баспа құрылғысы 
Компьютер теледидары 
Үлкен темір қорап 
Функционалдық пернелер 
Зиянкес бағдарлама 
Файлдар жиыны 
Таңбалар мен сигналдар жиыны 
Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым 
Информатика өлшем бірлігі 
10. Сурет салуға арналған бағдарлама 
Адам мен компьютер арасындағы байланыс 
Компьютердің негізгі құрылғысы 
Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы 
Дербес компьютердің кішкентай құрылғысыОфистік бағдарламадағы мәтіндік редактор 
Дыбыс естілетін қорап 
Мәлімент енгізу құрылғысы 
Компьютердің маманы 
Бүкіләлемдік желі 
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
Компьютер
15303521336000Интернет
2822332860925
005
58915301454155
005

277876014789155
005

88011012763510
0010
608457030353010
0010

3218815133794510
0010

563943513906515
0015
103251028003515
0015

3364865144907015
0015

554528-124749И
00И

70675527940Н
00Н

70675527940Ф
00Ф

70675527940О
00О

70675527940Р
00Р

859155180340М
00М

859155180340А
00А

859155-1457960Т
00Т

859155-1457960И
00И

859155-1457960К
00К

859155-1457960А
00А

-526126623397ә л е м
00ә л е м

-636963512560і н д е
00і н д е