С?ндет той — атты кластан тыс ж?мыс


Сүндетке отырғызу
Жүргізуші:Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр.Ең бірінші Ыбырайым пайғамбар мен оның ұрпақтарын сүндеттелген және сүндетке отырғызу Құдайдың берген өсиеті болған.Қазақ халқында бұл салт-дәстүрге айналган.Халықтың түсінігі бойынша,сүндетке отырғызудың мақсаты бала ер жетіп,азамат болды дегенді білдіреді.
(Ағаш үйдің іші бейнеленеді)
Атасы ,әжесі,әкесі,шешесі,қызы)
(Музыка ойнап тұр.Бір топ бала ойнап жүр.)
Сахынаға молда шығады.Балалар тырғайлай қашады.
1.Атасы:
-Ассаламалейкум молдеке.
2.молда:
-Уағалейкумассалам. (Төрге шығып отырады)
(Келіндер иіліп сәлем етеді)
3.Ал молдеке ауылымызға кош келдіңіз.
Азамат болған ел баласын сүндетке отырғызу сауап іс.Ісініз оңынан болсын !Біздің ауылда да сүндет жасына жеткен балалар жетерлік,жақсы келдініз.Біріңші менің немеремнен бастаныз.
Келін баланы шақыртшы,
4.-Қызым бауырыңды ертіп келе койшы.(Қызы жугіріп кетеді)
-Апасы.-Тимур кайдасың
(Балалар шулап ұстап береді)
5.Тимур сен батырсың,жігітсің,азаматсың,қане жүре ғой үлкендер күтіп отыр.
6.(Баланы киіндіру,молда құрал-жабдықтарды дайындады)
7.-Қане балам қорықпа,сен жігітсің ғой,жасың нешеде
8.Бала:- 5-те
9.Молда 1,2,3,4,5.
Насыбайдың басын кес.
10.(Бала сәл мазасызданады)
11.Әжесі:
-Құтты болсын,құтты болсын,азамат болдың.(Мандайынан сүйеді)
2-апта өткен соң
Мұсылмандық белгісі –
Ер баланы сүндеттеу.
Имандылық белгісі-
Сол сүндетті құрметтеу.
Ал тойымыз басталды
Құрметпенен келіндер.
Байғазысын баланың
Мырзалықпен беріндер.
12.Нағашысы келеді.
(Амандасу)
-Ал құда балалардың бүгінгі тойы -тек сіздердің тойларыңыз емес,бәріміздің тойымыз,баршамыздың қуанышымыз
Бұл тойға нағашылар қауымынан да сый-сырғасы бар
Жиеніміз ат жолын тартып мінер азамат болды,-деген осы.Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін ескертіп жиенімізге ат мінгіземіз.
Атқа мінгізіп бата береді.
Бала емессің енді сен,
Астыңа ат береміз,
Тәлімді де білікті,
Боларыңа сенеміз.
Әділдікті жақтайтын
Ізгілікті сақтайтын
Артылған сан үмітті,
Азамат боп ақтайтын
Жүргізуші:
Өмірге кімдер келіп,кімдер кетпеген,
Жақсыны жақсы ғана білген деген.
Сәрсенбі-сәтті күні той қылыпсыз,
Тойыңыз құтты болсын сүндеттелген.
Ендіше мұсылмандық,мұсылмандық,
Бұл тойда ән салудан қысылмалық.
Баланың сүндеттікке, құрметіне,
Азырақ алты ауыз ән ұсыналық.
(Әнші жігіт термелете жөнелді).