Математика п?нінен Б?рыш.Б?рышты? градусты? ?лшемдері та?ырыбына ?МЖ


Пәні: математика
Сабақтың өту мерзімі: 20.10.16.
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Бұрыш түрлері тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың «бұрыш», «бұрыштың түрлері» тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту.
Дамытушылық: Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушының тақырып туралы түсініктерін кеңейту, берілген бұрышты сала, өлшей білуге, бөле білуге үйрету. Логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге,ұқыптылыққа, нақтылыққа, өз бетінен топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Принципке сәйкес бұрышты анықтай білу.
Күтілетін нәтижелері: 4 сыныпта өткенді қайталайды және бекітеді
Негізгі дерек көздер: Оқулық, бағалау парағы,слайд, қима қағаздар
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі:
2 мин Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.
Оқу құралдарын дайындайды
ІІ. Өткенді қайталау
Еске түсіру, түсіну:
8 мин 1. Үй тапсырмасын тексеру:
2. Сәйкестендіру кестесі
3. «Сағат қанша?» ойыны
1. сәйкестендіру кестесін толтырады
ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар
25 мин 1. Жаңа сабақты хабарлау, сабақ мақсатын қою:
2. Оқулықпен жұмыс
3. Тапсырманы орындау: постер
1. Сабақ мақсатын қояды
2. Топтық жұмыс:
3. тапсырманы талдайды, түсіндіреді, тұжырым жасайды
Сергіту сәті:
3 мин Жұмбақ жасырамын
Санасаң, бір үйде төртеу бар,
Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. (бұрыш)
Балаларды жазалайтын фигура. (бұрыш)
Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (төртбұрыш)
Жұмбақ шешеді
Бағалау:
3 мин Өзін өзі бағалау парағы таратылады Өзін өзі бағалау
Үйге тапс:
1 мин №471, № 477 есеп 111-112 бет Күнделікке жазады