Бетті? ?лшемдері, ернеулері. ??жатты басып шы?ару.


Пән мұғалімі: Сейденова Разиля Серікқызы Күні: 09.02.16 
Пәні: информатика     
Сыныбы: 6         
Сабақтың тақырыбы: Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару.
Мақсаты:
1.Жолақтың  бетті белгілеу беттің өлшемдері    тіркеме  парағының бұйрықтарымен, жиекжолақтың түрлерімен танысу, қағазды басып шығарудың дайындық  кезеңдерін  білу, қағазды басып  шығаруды  үйрену.
2. Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқу нәтижелері: жолақтың  бетті белгілеу беттің өлшемдері    тіркеме  парағының бұйрықтарымен, жиекжолақтың түрлерімен танысады, қағазды басып шығарудың дайындық  кезеңдерін  біледі, қағазды басып  шығаруды  үйренеді.
Үй тапсырмасын сұрау  мақсатында сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамын. Сұрақ бағытталған оқушы допты ұстап алып жауап беру керек.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық, тақта.Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйретуІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Word текстік редакторының қызметі2. Microsoft Word программасын іске қосу ретін түсіндір және іске қос.3. Мәтіндік құжатты қалай сақтаймыз?4. (суреті көрсетіледі) Мынау қандай батырма?5. (суреті көрсетіледі) Мынау қандай батырма?
6.Көпбағанды мәтінді  қандай жағдайда  қолданған ыңғайлы?
7.Бағандар бұйрығы мәзірдің  қай пунктінде орналасқан?
8.Пішімдеу сызығы бойынша  мәтін  бағандарының  санын анықтауға  бола ма?
9.Бағандардың енін өзгертудің қандай тәсілдері бар?
10.Мәтінде ең көп дегенде  қанша баған  қолдануға болады?  Қалай ойлайсыңдар? Неге?
ІІІ. Жаңа сабақ
Суретке, кестеге немесемәтінге жиектер үстеу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
Жиек үстеу қажет мәтінді, суретті немесе кестені бөлектеп аламыз.
Пішім мәзірінде Жиектер мен бояу(Формат – Границы и заливка) әмірін таңдап, «шекаралар және ішін бояу» сұхбат терезесіндегі «Шекаралар» астарлы бетіне көшеміз.
Қажетті шамаларды жақтаудың типін, сызықтың түрін, түсін, енін, қолдану өрісін таңдап белгілеп аламыз,
ОК батырмасын шертеміз.
Осы іс-әрекеттердің нәтижесін үлгіден көріп отырып, істелген жұмыстың нәтижесі қанағаттандырмаса, «Тип»  бөліміндегі Жоқ пунктін таңдап, барлығын қайтадан бастауға болады. Осы сұхбат терезесі кестенің жанама менюіндегі «Шекаралар және ішін бою» командасын орындағанда да ашылады. Саймандар  тақтасындағы батырмалардың көмегімен де орындау мүмкіндігі бар.
       Мәтінді беттерді белгілеу режимінде көру үшін мынандай әрекеттер орындалады.
Оқылатын «өңделетін» Құжатты экранға шығару, яғни ашу керек.
Түр-Бетті белгілеу (Вид-Разметка Страницы» командасын орындау немесе көлденең жылжыту белдеуінің сол жақ шетінде орналасқан бетті белгілеу режимінің батырмасын шертеміз.
Басқа бір режиміне өту үшін , Түр (Вид) менюінің тиісті режим  командаларын немесе көлденең жылжу белдеуінің сол жақ шетінде орналастырылған көру режимдерінің ауыстырып қосқыш батырмаларын шертеміз.
Бұл режимде құжаттың бір немесе бірден бірнеше беттерін кішірейтілген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтінге өзгерістер енгізеуге болады. Алайда элементтердің өзара орналасуы жайлы толық мәлімет алып, төменгі сілтеме қатарларды байқап, артық кеткен бос ін  Файл – Алдын ала көру (Файл- Предарительный просмотр)  командасын қатарларды тез анықтауға болады. Құжатты алдын ала көру үшін  саймандар тақтасындағы Алдын ала көру батырмасын шертеміз.
Белсенді құжатты түгел басып шығару үшін Файл→Печать командасын орындаңдар. Печать (Баспа) сұхбат терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Көшірме саны өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.
Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл→Пребварительный просмотр командасын орындаңдар. Печать сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді баптаңыз да ОК батырмасын басыңыз
      Практикалық жұмыс. 
Ирби
Қысқы спорттық мереке кезінде Азиаданы қабылдайтын қалалар жалын мен мұз секілді сайыстың шынайы рухын білдіретін қызыл-көк түсті қарша түріндегі оның эмблемаларымен безендіріледі. Сонымен қатар қала көшелерінен ойынның бойтұмары болып табылатын Ирби есімді барысты көп кездестіруге болады. Барыс – мәнді әрі маңызды символ. Скифтердің мифологиясында барыс әділеттілік қорғаушысы ретінде бейнеленеді. Сондай-ақ, барыс – қазіргі тәуелсіз Қазақстанның символы.
 
Сергіту сәті.
Рефлексия  Кері байланыс
1.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2.Сабақ туралы не айта аласыңдар?
3.Бұл тақырыпты игерудің біз үшін маңызы қандай?
Үй тапсырмасы:  §20  Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару.  Тақырыпты оқу. Сөзжұмбақ құрастыру
  Бағалау