Мектепалды даярлы? тобына арнал?ан С?здер мен дыбыстар та?ырыбында сауат ашу ?йымдастырыл?ан о?у іс -?рекеті


Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұ.О.І.Ә: сауат ашу
Тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар
Мақсаты: Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты және дауыссық болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Есту қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекілігі: ойыншықтар, суреттер, фланелеграф, кеспе әріптер.
Барысы:
Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалардың назарын өзіне аударып, есік қағады да, олардан не естідіңдер деп сұрайды?
Дабыл, тарс – тықылдақ.
Ал, мен барабанды ұрамын. Бұл дыбыс па, сөз ба?
Дыбыс.
Иә, балалар сендер дыбысты естідіңдер, дыбыстардың бәрі бірдей ме?
Дыбыстар әр түрлі болады.
Иә, А-ааа деп созып айтсақ даусымыз еркін шығады. Ал, енді балалар, «Д» дыбысы қысқа айтылады.Қане «А» және «Д» деп айтып көрейік.
Айырмашылығы қандай?
«А» созылып айтыла береді, «Д» айтылмады.
Иә, дыбыстар, дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар кедергі жасап, созылып айтылмайды. Мысалы: т, м,р,с,п.
Дауысты дыбыстар кедергі келтірмей ұзақ айтыла беріледі. А-аааа, Е-еее.
Ал, енді балалар, осы дыбыстардан сөз құрайық. Мына ойыншықтарды атаңдар.
Қуыршақ, машина, текше, доп.
Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бөл ойыншықты білдіреді. Сөз дыбыстан құралады. «Ана» сөзін талдайық. АНА сөзінде неше дыбыс бар.
3 дыбыс бар.
Иә, 3 дыбыстан құралған.
Сергіту сәті:
Секіреміз топ – топ
Шапалақтап көп – көп
Сол аяқпен 1,2,3
Оң аяқпен 1,2,3
Демалайық жинап күш!
Балалар, «Сөз ойла, тез ойла » ойынын ойнайық.
Д/О: «Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты: Балаларды сөздерді дұрыс айта білуге үйрету. Шапшаңдығын арттыру
Ал, енді менімен бірге тақпақ жаттайық.
А деген ол аналар ғой ардақты
Ә деген ол әкелер ғой салмақты
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде, үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрды ол алфавиттің басында.
Балалар, дыбыс пен сөздің айырмашылығы қандай?
Дыбыс тек құлаққа естіледі, ал сөзді біз жаза аламыз, оқи аламыз.
Жануарлар қалай дыбыстайды?
Аф-аф, му-му, мәқ- мәқ.
Жарайсыңдар, балалар.