?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары Та?ырыбы: Т?зім мен табандылы? 4-сынып


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №2 Қазанбасы орта мектебі
Мерзiмі:
№ 24
Тақырып: Төзім мен табандылық
Құндылық : Ішкі тыныштықҚасиеттер: сыпайылық, шыдамдылық, ашуланбау.
Мұғалiм : Абузара Гульнур Сагинбековна
Класс: 4«А»
Оқушылар саны: 8
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «төзім» мен «табандылық» ұғымын кеңейту арқылы «ішкі тыныштық» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:
-оқушаларға «қайырымдылық» туралы түсінік беру;
Дамытушылық:
- оқушылар бойындағы «мейірімділік» қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
- еңбек ету барысында оқушыларды «жақсы көре білуге» тәрбиелеу: Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәті Орманға саяхат
Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.
Қазір біз бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?
Үй тапсырмасын тексеру.
М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» мәтінін оқып келу.
Талқылау сұрақтары:
Әңгімеде не туралы айтылған?
Балалардың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?
Апасы неліктен Мұхтараға риза болды?
Сендердің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма?Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер? Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
«Қайрымдылық жылы жүректен»
Халық даналығы
(мұғалім бір рет, ұлдар бір рет, қыздар бір рет, барлығы бірге қайталау) Әңгiмелеу
Мұғалім сыйы
Әдемі әже
Қаладан келген немересі қайратты ертіп әдемі әже жолға шықты. Әдемі әже мен қайрат автобус аялдамасында көп тұрды. Автобус келмеді.
-Әже, ертең шықсаң қайтеді ?-деді Қайрат.
-қой, шырағым. Күнде ертең –еріншектің ісі. Жылжи бергеніміз жөн. Күн ұясына батпай қарып қаламыз, -деп әжесі жүріп кетті. Күн ыстық.Әжесі өзі терлеген қайраттың маңдайынан сипап:
-Әзір-ақ жетіп қаламыз,-дей береді қайталап. «Осы әжем қызық, қызметінен қалып бара жатқандай асығады»,-деп ойлады қайрат ішінен.
-Әже, сіз қалай шаршамайсыз, шөлдемегенде сияқтысыз.
-Е, қарағым , мен қайдан шаршайын. Екі жігіт демеп келе жатқанда,-деді әжесі. Түсінбей қалған қайрат жан-жағына қарады. Әжесі мұны сезе қойып:
-қайратжан, мені демеп келе жатқан төзімділік пен табандылық. Бұл екеуі бойыңда болса, қиындықтан қорықпайсың.
Талқылау сұрақтары:
Әңгімеде не туралы айтылған?
Әңгімеде берілген төзімділік пен табадылық туралы ұғымдардан нені түсіндіңдер
Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма?Естеріңе түсіріп айта беріңдер?
Осындай жағдайды өмірде кездестіріп көрдіңдер ме? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаятты талдау.
1-жағдаят:
Төртінші сынып оқушысы дархан күнделік жазуды бастады. Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:
« Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны , тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын. Барлық сабақты оқып болмайынша, ешнәрсеге алаңдамаймын. Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін». Дархан осы талаптарды үнемі басшылыққа алып отырды.
-Дархан неліктен өзіне осыдай талаптар қойды деп ойлайсңдар?
-Өздеріңе қандай талап қоясыңдар?
2-жағдаят:
Айман ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасында тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ
Айманға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?
Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар? Топпен ән айту.
«Өз елім»Әні: Н.ТілендиевСөзі: Қ.Мырза Әли
1. Келгенде көктеміКөңілін гүл басқан,Шырағы көктегіЖұлдызбен сырласқан.Қ-сы:Өз елім менің!Өзегім менің!Жырыма қосып жүремін.Төрім деп менің,Жерім деп сенің,Соғады мәңгі жүрегім!Түлегі сендер,Тілегі сендер,Тірегі сендер сол елдің!Назары сендер,Базары сендер,Ажары сендер сол елдің!2. Ақ күмбез астығы
Асқар боп өрлегенЖалынды жастығы
Жүлдені бермеген
3. Бұзылмас қамалыңБатыры уақыттыңТербеген самалыБесігін бақыттың  Үй тапсырмасы. Соңғы тыныштық сәтi. (Баяу музыка арқылы)
Оқушылар денемізді тік ұстаймыз, аяғымызды айқастырмаймыз, қолымызды партаның үстіне немесе тіземізге қоямыз және көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақта естіген барлық дұрыс әрекеттерді бойымызға жинақтаймыз,әрқашанда дұрыс әрекет етіп , кешірімммен қарауға үйренейік.