Зергерлік б?йымдар туралы м?лімет беру. 2 сынып


2-сынып.
Ашық сабақ: Тақырыбы: Зергерлік бұйымдар туралы мәлімет беру.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға зергерлік бұйым туралы түсінік беру,бұйым жасау жолын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-қиялын,танымдылық,біліктілік қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Халқымыздың асыл-мұраларын, салт-дәстүрлін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнектіліктер: Зергерлік бұйымдардың суреттері,асыл-тастар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Компьютерді пайдалану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейін-көңілін бөлу.Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын белгілеу,назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
2.Қайшымен ойнауға,жолдасына ұшымен ұсынуға болама?
3.Инені киімге түйреуге,ауызымызға салуға ,жоғалтуға бола ма?
4.Инемен жұмыс кезінде қолымызға оймақ киеміз бе?
5.Қазақ оюлары түрлері орналасуы.
6.Қазақ ою-өрнектерінің киімде орналасуы.
Қорытынды:
Сабақтың негізгі бөлімі.
«Әшекей бұйым бойдан тастамағаны,
Елдің сән- салтын сақтағаны,
Қыздың қасиеті,келбеті жүзінде
Сырға,моншақ,ажары көздерінде»,-дегендей,ата бабаларымыздың он саусағынан өнер тамған зергерлік өнерде,жыл,ғасыр өткен сайын жаңғыруға ие болған бір түрі.Бұл өнердің түп тамыры сонау әрі де жатыр.Полеолит-қола дәуірі кезіндегі көркемдікпен ерекшеленсе,одан кейін өз өмірінің қайталанбас асыл- мұралары болып табылады.
Зергерлік бұйым турлері аруға ажар,жігітке жігер берген.Әр бұйымда бір тәрбиелік мән жатыр.Халық шеберлері қолөнері зергерлік жұмыстармен әшекей бұйымдардың сан өсуін түрлендірсе,ұста,шеберлер де өз үлестерін қосып әр-түрлі қару-жарақ,құрал-сайман,ыдыс,тұрмыстық қажеттілікке арналған бұйым түрлерін жасап отырды.Елдің тыныштығы әсемдік,әдемілік,эститикалық саласының белгілерімен әсем бұйым етіп шығаруға талаптанған қазақ шеберлері жасап жүрген қосқалқа , қуыс , бұрма , жалақ , сош , жұмыр , орама , көзді , өрме , үзбелі , күмбездеген сияқты бұйым үлгіде-асыл-тасардан көз орнатып , бетіне ирек , мүйіз , құс қанаты түрліше өрнек салған.
Зергерлік бұйым түрлері:
Білезік , сырға , сақина , жүзік , қапсырша,шолпы,моншақ,тұмар,алқа,бет моншақ.Сол замандағы жұртың көбі діни-ұғым бойынша тілден,көзден сақтайтын-мыс әр түрлі кездесоқ пәле-жаладан қорғап жүруі үшін мыстан бойтұмар жасалған.
Асыл тастардан,теңгелерден,металдардан жасалган зергерлердің ең көп жасалған бұйымдары әйел адамдарға арналған.
Білезік – сөзінің шығу төркіні «білек» және «жүзік» сөздері .
Жүзік сөз төркіні «бет,жүз,ажар» деген сөзден шыкса,ал,сақина сөздігі «сақ» түбірі берік,мықты,шытым деген мағынаны білдіреді.
Әшекейлерге қондырылған асыл-тастарды халық тас немесе көз деп атайды.
Көз қондырылған бұйым көз тиюден сақтайды деген ұғым болған.
Халықымыз тастарды киелі,ерекше касиетін,баталы тастардын әр түрлі аурулардан сақтайтынын растайды.
Янтарь тас-Аадамға денсаулық,бақыт,ұзақ өмір сыйлайды,көзден, жас отбасына бақыт деген ұғым бар.
Гаухар тас- Күш қуаты зор.
Бирюза тасы- Жеңіс пен сәттілік және бақыт әкеледі.
Маржан тасы- Адамды салмақты,ақылды етеді,үрей сезімін басып,түсіністікке жол ашады.
Сапфир,көктас- Өте күшті қасиеті бар.Көреалмаушылықтан сақтап,есте сақтау қабілетін жақсартады,ізденуге,білім алуга ұмтылдырады.Дене бойтұмары ретінде санайды екен.Сапфир сақинасы,білезікті сол қолға тақса,денсаулық жақсартады.
Изумруд тас- Адамға бақыт әкеледі деген ұғым бар.
Асыл тастармен қатар металлдардың да адам денсаулығына пайдасы екен.Күмістің бойында 200-ге жуық минерал бар. Денсаулыққа тигізетін тиімді әсері бар көрінеді.Негізі қолда күміс сақина болғаны дұрыс делінеді.Нәрестені қырқынан шығарған кезде күміс білезік,жүзік,теңгелерді суға салудың өзінде де үлкен мән бар.
Жаңа сабақты бекіту:
1.Алтын күміс маржанмен жиектелген омырауша.(Алқа)
2.Кимешектің,сәукеленің екі жағына маңдайына салбырата қадап қойылған ұсақ моншақ. (Бет моншақ)
3.Қыз балалардың мойнына тізбектеліп тағылатын бұйым.(Моншақ)
4.Шашқа қыстырғыш ретінде тағылатын бұйым.(Шолпы)
5.Саусақтың әшекей бұйымы.(Жүзік,сақина)
6.Өңірді біріктіргіш ілмек.(Қапсырма)
7.Білекке тағылатын сәндік бұйым. (Білезік)
Сергіту сәті:
Іс бастаймын ерінбей,
Жалқаулыққа берілмей,
Балалармыз үйренер
Қол өнерді күлімдей.
Машықтық жұмыс.
Бүгінгі сабағымызда фольгадан тізбек моншақ құрастырып үйренеміз.
1.Техникалық кауіпсіздік жағдайларымен жұмыс істеу барысын түсіндіру.
2.Қажетті құрал-саймандарды,жұмыс орындарын дайындап қоямыз.Қажетті заттар:фольга орамасы,сызғыш.
3.Орындалатын жұмыс барысын ұғынымыз.
Фольга жұмсақ алюминиий қалдықтарынан жасалған материал.
1.Фольга орамасын 2 жолақтан өлшеуін пайдаланып бастырып алып,қиындыны бірнеше рет дайындап аламыз.
2. 2см. жолақшаны 4бөлікке бөлеміз.
3.Сәл умаждай отырып, домалақтаймыз.Өлшемдері бірдей болуы қажет.
4.2см. жолақ қиындыны 8 бөлікке бөлеміз.
5.Сәл умаждай отырып, домалақтаймыз.Өлшемдері бірдей болуы қажет.
6.Өз қалауынша жіпті инеден өткізіп,мойнына ілгендей өлшемде алып,бір шетіне бекітпенің бір жағын бөле орналастырымыз.
7.4бөлікке бөлінген және 8 бөлікке бөлінген домалақтарды кезекпен тізбектеп,жіптің соңына дейін жеткізіп,келесі бекітпе кілтшікті байланыстырамыз.
Міне, біздің тізбек құрастырған моншағымыз дайын болды.
Бағалау.
Үйге тапсырма:Фольгадан сырға жасау.