?аза? тілінен ?скемен ?аласы та?ырыбына 8- сынып?а арнал?ан саба? жоспары


Күні: 23.12.15ж.
Сынып: 8б
Сабақтың тақырыбы: Өскемен қаласы
Амандасу.
Психологиялық тренинг (тілек бүлдіру, балалар шеңберге тұрып жанындағы оқушыға тілек білдіреді. Мысалы: мен саған табыс тілеймін т.б)
Топқа бөліну: (сандықтан кәмпиттерді таңдап алу арқылы топқа бөлінеді. «Ғалымдар» мен «Кәсіпкерлер» деген екі топқа бөлінеді.
Топтың ережесімен таныстыру.
Бірін-бірі тыңдау;
Кедергі жасамау;
Тыныштық сақтау;
Ұйымшыл болу;
Видеоролик (Өскемен қаласы туралы)
Талқылау:
Бұл видеороликтен не байқадыңдар?
Өздерінің түсініктеріңді айтып беріңдер?
Сонымен бүгінгі тақырыбымыз қандай?
Тақырып: Өскемен қаласы (слайд)
Ой шақыру. Балалардың Өскемен қаласы туралы не білетіндерін 1 минут ішінде топпен кластерге жазып шығып, біреуі қорғайды.
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамытып монолог пен диалог құруға сонымен қатар өз ойларын айта білуге,өз деңгейіне қарап дұрыс сұрақ құрап, соған жауап беруге үйренеді, өзінің және өзгенің білімін бағалауды үйрену, жеке, жұппен және топпен жұмыс жасай білуге, рефлексия жасап үйренуге баулу. Өз туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Жаңа сөздермен таныстыру.
Топтық жұмыс: (мәтінмен, яғни кітаптағы берілген мәтіннен ең керектісін таңдап плакатка жазу.)
Өскемен қаласы
1-ші топ –«Ғалымдар» тобы : Өскемен қаласының қалыптасуы мен дамуы. Өскемен қаласы 1720 жылы қамал-бекініс ретінде салынған. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін өңдіріс орындары дами бастады, айлақ (причтань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңіл өнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1921-1945) ауыр өнеркәсіп дамыды.
Өскемен Қазақстанның батыс-шығыс бөлігінде, Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан. көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. табиғаты өткір континенталды.
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірі саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша көптеген акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы, сауда кәсіпорны тіркелген.
2-ші топ «Кәсіпкерлер» Экономикасы мен өнеркәсібі туралы: Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автокөлік, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Көлік желісі автокөлік жолдарына негізделген.
Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі.
Өскемен өңірі су қорына өте бай. Сарқырап аққан тау өзендері көп. Алғашқы су электрстансысы 1953 жылы іске қосылды.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Өскемен қаласы қайда орналасқан?
2. Өскемен қаласы қай жылы салына бастаған?
3. Алтай жері неге бай?
4. Өскемен қай облыстың орталығы?
5. Шығыс Қазақстан облысына қандай аумақтар кіреді?
6. Қаладағы фабрика, зауыттарда нелер пайда болады?
7. Өндіріс қалдықтары қандай заттар?
Тапсырмалар: 1-ші топқа: берілген сөздерді оқып, түбірлес сөздерді теріп жазыңдар.
Өну, өнім, өнімді, комбинат, өндіру, өндіріс, тең, теңдік, өңдеу, теңестіру, өңделу, мәселе.
2-ші топқа: Берілген синонимдік қатардан синоним емес сөзді табыңдар.
Арнайы, әдейі, қасақана, босқа.
Қамқор, пана, төлем, қорған, тірек.
Парыз, күнкөріс, міндет, борыш.
Топтар арасында сайыс түрінде тапсырма орындау.
«Кім жылдам» ойыны. Тақтаға 2 топқа арналып 2 сөз ілінеді. 1-топқа Өскемен қаласы деген тіркеске мағынасы бойынша сын есімдер жалғау (Мыс: Өскемен қаласы үлкен), топтың әр мүшесі тақтаға шығып бір сөз жазып, жылдам барып келесі топ мүшесіне борды береді, солай 6 сөз жазып шығуы керек. 2-топқа Әдемі сөзіне мағынасына қарай зат есімнен тіркес жалғау (Мысалы Әдемі сурет).
Әр топ тақтада ілінген бір бір сөзге морфологиялық талдау жасайды. Жоғарыдағы тәртіп бойынша.
1-топ: Қазақстан
2-топ: Қала
Сергіту сәті: «Кел билейік!»
Қорытындылау:
Сұрақтары: 1. Өскемен қаласы қандай орталық?
2. Өскемен өңірінде нелер көп?
3. Өскемен қаласының экологиялық жағдайы қандай?
14)Рефлексия. (Сабақ ұнадыма жоқпа, смайликке стикерге жазып жабыстыру.)
Үйге тапсырма: Өскемен қаласы туралы баяндама жазу, 146-беттегі жаңа сөздерді жаттау.
Бағалау:
Аты-жөні Топтық жұмыс Тапсырма Сұрақ-жауап Қортынды