Та?ырыбы: Монша?пен сымнан жасал?ан с?ндік б?йымдар


Пәні: Еңбекке баулу
Тақырыбы: моншақпен сымнан жасалған сәндік бұйымдар.
Сыныбы: 2- сынып
Өтілетін жері:
Өтілетін орны: Сабақтың мақсаты:
Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар тігуді үйрену. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелеу. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыластығын арттыру.Білімділігі: оқушыларға бисердің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, сымнан жасалған бұйымдармен таныстыру.
Дамытушылығы: сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.
Тәрбиелігі: өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық.Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу өнеріКөрнекіліктер: Сымнана жаслаған әр-түрлі бұйымдар, сым, моншақтар, су моншақтар. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.II. Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.Балалар, осы ұлттық зергерлік бұйымдарға нелер жатады деп ойлайсыңдар?
Оларды атап көріңдерші?
III. Жаңа сабақ. Балалар, біз қазір мына бір ребусты шешіп көрейікші.
«Моншақ » деген сөз шығады. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Моншақ пен сымнан жасалған сәндік бұйымдар.».
Су моншақтың аты араб сөзінен“ бусер ” жасанды моншақ дегенді білдіреді. Су моншақ б. з. б IV ғасырда шыны зерттеген кезде пайда болған. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте - бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері әшекейлеуге айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. Оның формасы ірі және ұсақ болады. Шыныдан жасалатын қазіргі біз пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар. Аңыз бойынша өте ерте уақытта бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатып құмды жағалауға түнеп түнде от жағады. Оттың қасына үлкен кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең, оттың қолаң тасынан ғажайып тас сияқты, қатты су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне қызған тасты – кристалды көреді. Бұл қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала басталады. Ортасынан жіп өткізілетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі халықтар сәндік бұйым ғана емес, оны қаржы орнына (ақша) да пайдаланады.Ресейде - бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарих өте ардан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Моншақ ертеде тау хрусталі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастары жатады. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін. моншақтардың шығу тарихы осындай екен.
Балалар, сендер сымнан жасалған қандай бұйымдарды білесіңдер?
Сымнан әр түрлі сәндік бұйымдар жасаған.Мысалы: Жүзік, білезік. Сырға, мойынға тағатын алқа.
Бұлардың барлығын сымға моншақ тізу арқылы жасаған.
Ескерту: Аллергиялық аурау тудыратын болғандықтан, кез-келген сымды пайдалана беруге болмайды.Арнайы дүкендерде «швензы» деп аталатын дайын сым болады.
Швензы – арнайлы сым темірден қарапайым түрде иілген ілмектер.Оны сырға жасағанда қолданылады.
V. Жаңа сабақты бекіту. Практикалық жұмыс: Қазір біз сымнан бір сәндік бұйым жасайтын боламыз.Жасаған сәндік бұйымдарыңды кімге сыйға бересің?(оқушылар жауаптары тыңдалады)
Біз қазір сендермен сымнан жасалған жүзік жасайтын боламыз. Алдымен сымымызды 4ке қабаттап аламызда, сымымызға бір үлкендей моншақ кіргізіп, оны дөңгелектейміз. Тағыда одан бөлек сым аламызда оған су моншақтарын тіземізде оны домалақтаймыз.Енді су моншақтардан жасалған домалақты алдыңғы жасаған домалақ моншақтаң үстіне сым темір арқалы байлаймыз. Міне біздің жүзігіміз дайын. Енді өзің сыйға тартқың келген адамыңа беруге болады.VI. Сабақты қорытындылау.
Балалар, бүгін сендермен қандай тақырып өттік?
Сымнан тағыда қандай сәндік бұйымдар жасалады екен?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: сымға әртүрлі моншақтар тізіп білезік жасап келу.
Бағалау: Оқушылардың жасаған бұйымдарына қарап оқушыларды бағалау.