?аза? тілі Та?ырыбы: Шешендік ?нер туралы т?сінік


Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Шешендік өнер туралы білімдерін тереңдете отырып, ой белсенділігін дамыту.
Оқытудың нәтижесі: Шешендік өнер туралы білім алады. Сыни тұрғыдан ойлап, шешім қабылдауға дағдыланады.
Еркін ойлау дағдысы қалыптасады.
Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауға және топты бағалауға үйренеді.Ынтымақтастық одақ қалыптастыруға үйренеді.
Дереккөздер: Оқулық,
Интербелсенді оқыту әдістемесі, «Мұғалімге арналған нұсқаулық», интерактивті тақта ресурстары, интернет материалдары
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары әзірленді.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин. Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді.
Рефлексия
3 мин. Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты еске түсіру:
Жауап беріп,өз пікірлерін айтады.
Топқа бөлу 2 мин. 1,2,3 санау арқылы 3 топқа бөлу. 1,2,3 санау арқылы 3 топқа бөлінеді.
Білу
3 мин. Интербелсенді тақтадан шешендік сөздер жазылған слайд көрсетемін.
Асқар таудың өлгені –
Басынан бұлттың асқаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып өлгені.
Аққан судың өлгені –
Аязда мұз болып қатқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Ажал деген – атқан оқ,
Одан ешкім құтылмайды,
Бір Алланың қақпаны.
Бұл дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді – деген Жиренше шешен неге олай жауап берді? Қалай ойлайсыңдар? Деген сұрақтардым қойдым.
Оқушылар шешендік сөздерді оқи отырып, шешендік өнер туралы білімдерін толықтырады.
Түсіну
3 мин. Шешендік өнер жайлы интербелсенді тақтадан мағлұмат беремін. Оқушылар зейін қойып тыңдайды,жазып алады.
Қолдану
10 мин. Тапсырма.
Сұраққа жауап беру:
Қалай ойлайсыңдар, Қазіргі кезде шешендік өнердің қажеттілігі бар ма? Сенімдісіңдер ме? Сенімді дәлелдерің бар ма? а) Әр топ жеке-жекесұрақтарға жауап беріп, топ болып плакаттарға ментальды карта түзейді, ,қорғайды.
Джиксо әдісі бойынша бір-бірлерімен пікір алмасып, ой қоғайды.
Сергіту сәті 3 мин. Интербелсенді тақтадан «Жануарлар биі» туралы видеоролик арқылы оқушыларды билетіп көңіл-күйлерін көтеру. Оқушылар экранға қарап билейді.
Талдау
9 мин. Деңгейлік тапсырмалар беру. 3 топқа 3 түрлі тапсырмалар беріледі. 1-топ: III деңгей тапсырмалары
2-топ: II деңгей тапсырмалары
3-топ: I деңгей тапсырмалары
Жинақтау
4 мин. Топтастыру стратегиясын қолданамын. Оқушылар плакатқа шешендік өнертуралы тірек сызба жасайды.
Бағалау 3 мин. Бағалау критерийі арқылы өз-өзін бағалайды. «Бағдаршам» бағалау стратегиясы бойынша формативті бағалау.Бірін-бірі бағалайды. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлыстикерлерге жазыпғ плакатқа іледі.
Оқушылар өз-өзін бағалайды.
Үйге тапсырма 2 мин. Шешендік өнер туралы оқу. Күнделікке жазып алады.
Барлығы: 45 мин.