Саба? жоспары. Натюрморт. «?лтты? дастар?ан»


Сабақтың тақырыбы:Натюрморт. «Ұлттық дастарқан»
Сабақтың мақсаты:
1.Тәрбиелік:Оқушыларды сұлулыққа,тазалыққа,ұлттық салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.
2.Білімділік:Оқушыларға ұлттық дастарқан туралы түсінік беру.Натюрморт- ты бейнелеуде кейбір ерекшеліктермен таныстыру.Сурет салу тәсілдерін үйрету.
3.Дамытушылық:Оқушылардың эстетикалық талғамдары мен шеберлік
ынта қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі:Оқулық,.торсық,ағаш ыдыстар,ұлттық дастарқан суреті.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,түсіндіру,үйрету.
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың түрі:Дәстүрлі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасу,түгендеу,назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Оқушылардың салған суреттерін тексеріп,бағалау.Ең жақсы салынған суреттерді көрмеге алу.
ІІІ.Білімді тексеру:Біз қандай тақырыпта сурет салдық?
Сіздерге қандай тақырыпқа сурет салған ұнайды?
ІV.Жаңа сабаққа дайындық.
Сөзжұмбақ арқылы дастарқан сөзін табу.

Д А С Т А Р Қ А Н 1.Аппақ ас,мұзы бар
Балалар қызығар(балмұздақ)
2.Ең мықты дәрі,
Ауырса ішер,
Бал татыр дәмі,
Бұл ненің нәрі?(шұбат)
3.Аппақ сұйық
Шөлің қанады
Ішсең құйып (сүт)
4.Аппақ талқан,ащы дәмі
Онсыз кірмес ас нәрі (тұз)
5.Жылқы етінен дайындалатын
Ұлттық тағам (қарта)
6.Сүзбеден не дайындаймыз? (құрт)
7.Аппақ су дәмі тәтті,
Ішсең сусын қандырады.
Шөлдегенде қатты. (қымыз)
8.Күрең қызыл түсі бар
Тағамдардың асылы
Қуат берер күші бар.(нан )
9.Сұйық еді аппақ,
Бауырдай болып қатыпты,
Ішсең дәмі тәтті ақ.(айран )
V.Жаңа сабақ.
Қазақ халқының ұлттық дастарқаныөзінің әртүрлі дәмді тағамдарымен ерекшеленеді.Сәнділігімен де көзге әсем көрінеді.Ұлттық тағамдар шеберлер жасаған әсем өрнекті ыдыс-аяқтарға салынып дастарқанға қойылады.
Қымызбен шұбатты теріден әшекейлеп жасаған торсықта сақтаған. Дастарқанға ағаштан жасалынған сырлы ыдыстарға құйып қойған.Оны ожау-мен сапырып,әдемі саптыаяқ тостағандарға құйып берген.Сол ыдыстарға қарасаң,натюрморт құрастырып сурет салайық.
Сергіту сәті.Қылқаламды қолға алайық.
Әдемілеп сурет салайық.
Әбілхан Қастеев атамыздай
Суретші болып шығайық.
VІ.Бекіту.Торсық неден жасалады? Қымыз құятын ыдыстар неден жасалады?
Мерекелік дастарқанды ата.
Қандай мерекелерді білесіңдер?
VІІ.Қорытынды.
Біз бүгін не үйрендік?
Бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма.Ұлттық дастарқан.Натюрмортты аяқтау.