2 сынып дуниетану Адам ж?не ?сімдіктер мен жануарлар


Тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру арқылы, олардың маңызын білуге жағдай жасау.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.Тәрбиелік: Тірі табиғатты қорғап, күтуге баулу, пәнге қызығушылығын ояту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Қолданылған әдіс - тәсіл: сәйкестендіру тесті, ой қозғау, сұрақ - жауап, тірек – сызба.
Көрнекіліктері: тірек - сызбалар, сөзжұмбақтар, мақал - мәтелдер.Слайд
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіII. Үй тапсырмасын сұрауIII. Жаңа білімді игеруIV. БекітуV. БағалауVI. Үйге тапсырма беру
Амандасу, түгендеу.
naҮйге қандай тапсырма берілді? Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
-Балалар уй тапсырмасына қандай тапсырма берілген еді кім айтады?
Бірнеше баладан уй жұмысын сурау.
«Менен сұрақ, сізден жауап» ( жеміс - жидек суреттері таратылады )
1. Көбею дегеніміз не?( жануарлардың тіршілігін жалғастыруы, санының артуы, ұрпақ беруі)
2. Қандай жануарларды сүтқоректілер дейді? (сүтқоректілер балаларын сүтпен қоректендіреді)
3. Қандай жануарлар жұмыртқа салады?(жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтарғ құстар, бунақденелілер-жұмыртқа салады)
4. Бақалар мен балықтардың көбеюінде ұқсастық бар ма?(екеуінің де жұмыртқасы уылдырық деп аталады, екеуі де уылдырығын суға салады?)
5. Балықтар мен бақалар ұрпағына қамқорлық жасай ма? (қамқорлық жасамайды)
6. Қолтырауынның ұрпағына қамқорлығы туралы айтып бер. (Қолтырауын болса өте қамқор ата-ана екен. Ана қолтырауын жұмыртқасын құрғақ жерге салып, баласы оны жарып шыққанша бақылайды. Қолтырауын аузына салып алып суға жібереді. Сөйтіп есейгенше бақылайды. )
Жаңа сабақты ұйымдастыру. Енді балалар, менің алдымда турлі суреттер жатыр, барлығымыз осы суреттерден аламыз. Адамның суреті бар балаларм "адам" тобы, жануардың суреті бар балалар "жануар" тобы, өсімдіктің суреті бар балалар "өсімдік" тобы болады.
Балалар енді сіздердің топтарыныздын аттары осы ұғымдармен аталады. Адам тобы, Өсімдік тобы, Жануар тобы болып үш топқа бөлініп өткіземіз.
III. Жаңа білімді игеру кезеңіБүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы осы ұғымдармен байланысты. Адам және өсімдіктер мен жануарлар деп аталады.
Мақсатымыз: Бүгінгі сабағымызда «Адам», «өсімдік», «жануарлар» деген ұғымдардың арасындағы байланысты, олардың қандай маңызы бар екенін білетін боламыз.
№1 тапсырма.
Орталықтардың топ атауын қорғауы. Әр топ өздерімізің тобымыздың ағылшын және орыс тілінде қалай аталатынын еске түсіреміз
Балалар мына тапсырманы орындау арқылы біз өсімдік пен жануардың бір - біріне пайда келтіретінін, олардың адам үшін де маңызды екендігіне көз жеткіздік.
Енді келесі тапсырмаға көшейік.
ІV. Бекіту кезеңі
«Оқулықпен жұмыс»
Оқушыларға оқытып түсінгенін сұрау. - Тізбектеп оқыту
«Дәптермен жұмыс»

Әр топ оқушыларынан тапсырманы сұрау.

Жаңа сабақты бекіту.
"Сұрақ - жауап "

Сергіту сәті.
№2 тапсырма
Сәйкестендіру



Мұғалімнің қорытындылауы: Тірі табиғат –> адам –> өсімдік –> жануар
Балалар қане, тақтадағы мына сызбаға назар аударайық. Мына ұғымдардың арасына қойылған бағдаршалар нені көрсетіп тұр? Біз үшеуінің тығыз байланыста болатындығын көреміз. Осы үшеуіне де ортақ белгілер бар ма? Ойланып көрейікші?1. Үшеуі де тірі ағза, тірі табиғаттың бөлігі.2. Үшеуіне де ауа, су, қорек, жылу, жарық қажет.3. Үшеуі бір – бірімен тығыз байланысты, табиғатта тепе - теңдікті сақтайды.Табиғатта басы артық тіршілік иесі болмайды, әрқайсысының өз орны бар. Біз сендермен өсімдік пен жануардың бір – біріне, адамға қандай пайдасы бар екендігін білдік. Ал біз адамдар оларға қандай көмек келтіре аламыз, олар бізден не күтеді?
( Өсімдік пен жануар адамнан қамқорлық, құрмет, мейірімділік, жанашырлық күтеді)
V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру.
«Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығарма жазып келу.
103 - 104 оқу, түсінігін айту.






Мекенін тап
Ара апан
Аю ара ұясы
Бұлбұл ат қора
Жылқы ұя
Түлкі кетек
Әтеш ін
Өнімдерін ата
Шұбат ешкі
Қымыз түйе
Түбіт қой
Ірімшік бие
Жұмыртқа сиыр
Жүн тауық
Қорегін тап
Тауық сәбіз
Аю тары
Тйін жапырақ
Құрт жаңғақ
Қоян алма
Кірпі балық