Сараманды? ж?мыс география п?нінен та?ырыбы: «Жекелеген аудандар?а кешенді сипаттама беру». (7 сынып)


Сабақ: № 25
Сыныбы: 7 «А»
Күні: 08.12.2015 ж.
Тақырыбы: №2 Сарамандық жұмыс. Жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама беру.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, Жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру, картамен дұрыс шапшаң жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ
Оқыту әдісі: Іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, Африка материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар? Карта бойынша масштабты пайдалана отырып, Африканың 20ºш.б. бойымен ұзындығын және материктің Сахара шөліндегі ең енді бөлігін есептеңдер. Физикалық картаны пайдалана отырып, Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің ең терең жерлерін және су асты жоталарын анықтаңдар. Африка табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер? Африка жер бедерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар? Материктің жер бедерінде таулы үстірттер неге басым, олар қандай тектоникалық құрылымдарға сәйкес келеді? Шығыс Африканың көтеріңкі болуы неге байланысты? Егер Шығыс Африканың жарықтары одан әрі кеңейе беретін болса, Африка платформасында қандай өзгерістер болуы мүмкін? Африка қандай пайдалы қазбалар бар? Олардың қалыптасу жолдарын түсіндіріңдер. Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән? Олардың орналасуының қандай ерекшеліктері бар? Оқулық мәтінін пайдаланып, әр климаттық белдеуге тән басты белгілерді ажыратыңдар. Солтүстік және оңтүстік жарты шардағы бірдей климаттық белдеулердің айырмашылықтарын анықтаңдар. Климаттық карталарды пайдалана отырып, оқулық соңындағы жоспар бойынша Мадагаскар аралының климатын сипаттаңдар. Африка өзендері қандай алаптарға жатады? Неге Африка жерінде ішкі тұйық алап көп бөлікті қамтиды? Материктегі өзен торларының таралуына жер бедері қалай әсер етеді, ол неден көрінеді? Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған? Картада Чад көлінің жағалауы неге үзік сызықтармен көрсетілген? Климаттық жағдайлер мен табиғат зоналарының орналасуында қандай байланыс бар? Африка жерінде мал шаруашылығы неге жақсы дамымаған? Материкте қандай табиғат апаттары жиі қайталанады? Онымен күресудің қандай жолдары қарастырылған? Африканың қандай табиғат зонасы ауыл шаруашылығына пайдалануға қолайлы? Африка халқының нәсілдік және ұлттық құрамының қандай ерекшеліктері бар? Африканың байырғы халықтарын атаңдар. Олар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады? Африка елдері қандай аймақтарға топтастырылған? Солтүстік Африка елдерінің табиғаты қандай Әр аймақтағы жетекші елдерді атаңдар, олар басқа елдерден қандай белгілермен ерекшеленеді? Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады? Шығыс Африка елдерінің табиғаты қандай? Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер? Қорытынды: Африка жер шарындағы ең ыстық материк. Биосфераның «Алтын қоры» деп аталатын ерекше тізімге енген Африкадағы географиялық нысандар Сахара мен Мадагаскар аралы.
Үйге тапсырма: Кескін картамен жұмыс, қосымша материалдар жинау.