8 класс су,суды? ??рамы,?асиеттері,?олданылуы


Жарқамыс орта мектебі

Тақырыбы: «Сілтілік металл - НАТРИЙ»

Өткізген: химия пәні мұғалімі: Калданова Ж
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: §65. Сілтілік металл - Натрий
Сабақтың мақсаты:а) білімділік:натрийдің периодтық жүйеде орны, атом құрылысы, ашылу тарихы, табиғатта кездесуі мен физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;ә) дамытушылық: типтік металл натрийдің қасиеттерін реакция теңдеулерімен
жаза білу, логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру;
б) тәрбиелілік: натрийдің табиғатта таралуы мен қолданлуы туралы ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақта, сілтілік металдар
коллекциясы, натрий хлориді, натрий гидрокорбанаты, су,
химиялық стакан, лакмус индикатрлары.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сілтілік металдар қай топқа орналасқан?
2. Сілтілерді теріп жаз:
NaOH, Fe(OH)2, Cu(OH)2, KOH, LiOH.
3. Тотығу дәрежесін анықта:
SiCl4, MgI2, NaBr, H2O, NH3.
3. Жаңа сабақ.
Сілтілік металдар І топтың негізгі топшасында орналасқан.Сілтілік металдар – литий,натрий,калий,рубидий,цезий,франций бұлар белсенді меьалдарға жатады.
Сілтілік металдарға тән ерекшеліктерді олардың кең таралған өкілі натрийді мысалға ала отырып қарастырайық.
Сілтілік металл натрийдің атом құрылысы:
Na+11
Электондық формуласы: 1s22s22p63s1
Графиктік 1s2 2s2 2p6 2s
1 – тірек сызба.
Біздің планетамызда таралуы бойынша 6 – шы орында.
Галит Nacl
Миробилит Na2SO4·10H2O
Сода NaCO3
2 – тірек сызба. Ашылу тарихы.
Натрий – «натрон», «сода», «сілті» деген араб сөздерінен шыққан. 1807 жылы ағылшын химигі Дэви сілтілі балқытып, электронүдеу арқылы ашты. Натрийдің көмірқышқылы тұзы өте ерте кезден – ақ кір жууға пайдаланған. Оның гидрод тотығы белгілі болған, оны сілті деп атаған.
3 – тірек сызба.
2Na0+S0=Na2S-2. Натрий сульфиді.
+1
Na0-1e-→Na (тотығу реакциясы)
2Na0+2H2O=NaOH+H2↑
Na0-1e-→Na+ (тотықты)
2H++2e-→H2 0 (тотықсызданды)
4– тірек сызба.
Бос күйіндегі натрий ХІХ ғасырдың басында электр тогы қолдана бастағанда алынды. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви металл күйдегі натрийді натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алды.
2Nacl→2Na+cl2
5-тірек сызба.Натрий қосылыстары.
Na
NaOH
NaCl
6-тірек сызба.Қолданылуы.
Авиация мен ядролық реакциялардың Органикалық химияда өршіткі.Жылу тасымалдағышы ретінде,лампаларды натрий буымен толтырады.Металлургияда тотықсыздандырғыш,көлікте натрийдің қорғасынмен ,медицинада радиоактивті құймасынан подшипниктер дайындалады
4. Бекіту сұрақтары:
а) Натрий неліктен типтік белсенді металл?
в) Натрийдің табиғатта таралуы мен адам өміріндегі маңызын айтып беріңіздер.
г)Төмендегі айналулардың реакция теңдеулерін жаз.
Na→NaOH→Nacl
5. Үй тапсырмасы.
§65. №4, №6.