Урок отбасы м?шелеріні? с?йікті ісі


4-сынып. Қазақ тілі  сабағынан қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Мұғалім:Карибаева Жанар Сериковна
Күні: 23 қыркүйек Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің сүйікті істері
Сабақтың мақсаты: Отбасы мүшелерінің сүйікті істері,мамандық атаулары жайында білімдерін,тақырып бойынша функционалдық сауаттылықтарын арттыру, оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерінің меңгерілуінжәне білім сапасын тексеру;саналы білім алуға,өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру;
байланыстырып сөйлеу дағдыларының деңгейін бақылау,сөздік қорларының жүйелілігі мен санын,сапасын анықтау,адамгершілікке ,отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Оқудың нәтижесі: Тақырып бойынша коммуникативтік қабілеттерін дамытады,отбасы мүшелерінің сүйікті істері жайында айтады.
Көрнекілігі: Таныстырылым,смайликтер,түрлі-түсті фломастерлер, стикерлер,оқу құралдары,тапсырмаларға қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
  Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Уақыты
Ұйымдастыру кезеңі
 
  Сәлемдесемін. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.
-Бүгін сабақта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Бүгін аптаның қай күні?
  Сәлемдеседі.
Оқу құралдарын дайындайды.
Берілген сұрақтарға жауап береді. 1 мин
 
Ынтымақтастық
атмосферасын орнату Сыныптастарына жақсы тілек тілеу. Әр топ басқа топқа жақсы тілек тілейді. 1 мин
Миға шабуыл.
 
  Ой қозғау
Таныстырылымды көру.
Бұл кім?
Оның сүйікті ісі не? Таныстырылымда көрсетілген отбасы мүшелерін,олардың сүйікті істерін атайды,сабақтың тақырыбын анықтайды 3мин.
Топтық жұмыс
«Мені суретте» әдісі бойынша Әр топқа суреттер беріледі,оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрау,басқа топқа әңгімелеп беру.
1-топ:Әкемнің сүйікті ісі
2-топ:Анамның сүйікті ісі
3-топ:Әпкемнің сүйікті ісі
4-топ:Ағамның сүйікті ісі
5-топ:Інімнің сүйікті ісі оқушылар берілген сурет бойынша мәтін құрайды,аударады,басқа топқа әңгімелеп береді.
10 мин
Кластер құру
«Айналмақ» әдісі бойынша Топтар мәтіндерді ауыстырып,сол мәтінге кластер жасау. Берілген мәтін бойынша мәтіннің мазмұнын ашатын кластер құрайды,
түсіндіреді.Кластер құрудың критериі бойынша бір-бірін бағалайды. 10мин 
Сергіту сәті
  «Қызыл өрік» әні бойынша Сергіп қалады 1 мин.
Сөздік жұмысы Оқушыларға қазақша,орысша жазылған мамандық атаулары таратылады.
Берілген сөздерді аудару :
Әнші врач
Сауыншы повар
Шаштараз летчик
Жүргізуші учитель
Құрылысшы рыбак
Биші инженер Сөздерді аударады,тексеру парағы бойынша тексереді. 7 мин
Жазылым Сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлемдер жазу.
Кім? Қайда? Не істейді?
Мұғалім
Дәрігер
Сатушы
Аспаз
Кітапханашы
Әнші Сұрақтарға жауап бере отырып,
сөйлемдер жазады. 7 мин
Үй тапсырмасы 25-бет,1-т, мәтінді аударып,мазмұнын айту. Күнделіктеріне тапсырманы жазады. 1мин.
Бағалау Әр топтың бағалаушысының пікірін тыңдау бағалаушының көмегімен әр оқушыға жиынтық баға қою.. 2мин.
Рефлексия Кері байланыс Стикерге өзінің сүйікті ісін жазып,әр топ өз парақшаларына жапсырады. 2мин.