Белбеу тартыс ойыны (1-сынып)


Өтілетін күні: 20.12.14.
Сыныбы: « 1 »
Тақырыбы: Белбеу тастау ойыны
Сабақтың мақсаты: а) ойынның ойнау техникасын үйрету;
ә) ептілік, күш, жылдамдық қасиеттерін одан әрі дамыту;
б) жат қылықтардан, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін жері; спорт алаңы.
Сабаққа қажетті құралдар: белбеу, уақыт өлшегіш.
Бөлім Сабақтың мазмұны Уақыт өлшемі Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі 15 минут
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу.
Кезекші баяндауы.
Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.
Саптағы жаттығулар: оңға,солға,кері бұрылу, алға жүру.
Қолды арқаға қойып, аяқтың ұшымен жүру;
Қолды арқаға қойып,өкшемен жүру;
Қолды белде ұстап, аяқтың сыртқы қырымен жүру;
Қолды белге қойып, аяқтың ішкі
қырымен жүру;
Спорттық жүріс;
Жеңіл жүру.
Жүгіру.
Сол жақ жанымен секіріп жүгіру;
Оң жақ жанмен секіріп жүгіру;
Қолды белге ұстап аяқты алға сермеп жүгіру;
Осы қалыпта аяқты артқа сермеу;
Тізені биік көтеріп жүгіру;
Әр адымға секіре жүгіру
Жүгіру;
Спорттық жүріс;
Жүру;
Жүріп келе жатып қолды жоғары көтергенде ауаны сорып,қолды төмен түсіргенде ауаны шығарып шаршағанын басу.
ЖДЖ жасау
30 сек
1мин
10сек
30сек
30сек
30сек
30сек
30сек
30сек
30сек
30сек
40сек
30сек
30сек
30сек
30сек
30сек
30сек
30сек
20сек
40сек
4мин Жүру кезінде арақашықтықты сақтау.
Денені тік ұстау керек.
Тізені жоғары көтеру.
Бір аяқпен секіру.
Жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау
Негізгі бөлім 25 минут Оқушыларды екі топқа бөліп аламын да,арасы 15-20м қашықтықтағы екі сызықтытың бойына қарама-қарсы қатарға тұрғызу. Белбеуді бір оқушыға беремін. Белбеуді алған оқушы жүгіріп екінші екінші топқа барып, бір оқушының артына белбеуді білдірмей тастайды да, өз тобына қарай жүгіреді. Артына тастаған белбеуді байқап қалған оқушы белбеуді тастаған оқушыны қуып жетіп белбеумен ұрса, онда әлгі ойыншыны өз тобына алып келеді. Ал қуып жете алмаса, өзі қарсы топқа барып қосылады. Келесі ойын кезегі екінші топқа беріледі. Осылай барлық оқушы орамалды бір-бір реттен тастап шыққанша жалғаса береді. Соңында қай топтың саны көп болып шықса сол топ жеңіске жетеді.
Денсаулық – басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өмірдегі.
25/
Бөрікті күзетуге болмайды
Бөрікті лақтыруға болмйды.
Ойын ережесін сақтау керек
Қорытынды бөлім 5минут Сапқа тұрғызу
Сабақты қорытындылау, жетістіктерімен кемшіліктерін айту.
Оқушыларды алаңнан шығарып салу.
5/ Тез тұруын талап ету.