: Бір ба?ытта?ы ?алып ?ою ?оз?алысына берілген есептер 4 Сынып


Математика
Бекітемін:
Сынып: 4 «Ә»
Мерзімі:
Тақырыбы: Бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептер
Мақсаты: Білімділік. Есептің жаңа түрімен – бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есеп түрімен таныстыру;
Дамытушылық. Талдай және салыстыра білу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік. Адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Түрі: білімін жетілдіру сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену,салыстыру.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру: № 6,7. 29 бет
ІІІ .Көркем жазу
44.558
4.582.569
Математикалық диктант.
123 ∙ 3 = 369 693 : 3 = 231
4 ∙ 108 = 432 120 ∙ 6 = 720
ІҮ. Жаңа білімге дайындық:
№ 1. тапсырманы оқушылармен талдай отырып орындау.
Ү. Жаңа білімді меңгерту: Оқулықпен жұмыс.

б) 1) Көліктердің бір-бірінен алыстау жылдамдығын табу: 90-70=20 (км/сағ)
2) Автокөліктер бір-бірінен 60 км алыстайтын уақытты табу: 60:20=3 (сағ)
ҮІ. Түсінгендерін тексеру. № 3 Сызбаларды қарастырып, есептер құрастыру.
№6 Теңдеулерді оқушыларға бағаға орындату. Шығармашылық жұмыс: №7, 8
.
ҮІІ. Бекіту:
Бүгінгі сабақта не істедік?
Саған не ұнады?
Не қиын?
Не оңай?
ҮІІІ: Үйге тапсырма: № 4,5. 31 бет.
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқандарды бағалау.
Математика
Бекітемін:
Сынып: 4 «Ә»
Мерзімі:
Тақырыбы: Есептер шығару
Мақсаты: бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Типі: пысыөқтау
Түрі: джәстүрлі сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік
Көрнекілігі: карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 4,5. 31 бет
ІІІ.көркем жазу
1.456 478
45.689.213
Математикалық диктант
21ц ∙ 2 = 4200 кг 12дм ∙ 2 = 120 см32ц ∙ 3 = 9600 кг 24 дм ∙ 2 = 480 см
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:
1). Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2) №1 уақытқа қарап, ауызша есептеу.
№2 есепті әртүрлі тәсілмен шығару.

60:12=5 (сағ) – бірінші велосипедші ауылға жету үшін осынша уақыт қажет.
4 сағ+2сағ=6 сағ - бірінші велосипедші жолға шыққан сәттен бастап осынша уақыт өтеді.
Ендеше екінші велосипедші біріншісін басып оза алмайды.
№4. Түбірлері тең теңдеулерді жұптастырып жазу.
1-тәсіл. Алдымен. Барлық теңдеулерді шешіп аламыз. Содан соң оларды жұптастырып жазамыз.
2-тәсіл. Құрылымын талдап алып, талдау негізінде теңдеуді шешпей-ақ қорытынды жасау. Екі тәсілді де пайдалануға болады.
Ү. Өткен материалды бекіту.
Шығармашылық жұмыс. №5.
№6 тапсырманы оқушылармен талдай отырып шығару.
ҮІ. Үйге тапсырма: № 7; 33 бет
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқандарды бағалау.

№ 98. Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептерді шығару.
Мақсаты: бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 7.
ІІІ. Тірек білімді өзекті ету. №1 есеп бойынша өрнек жазу.
а) 2000-(278·3) =1166 Жауабы: купеге барлығы 1166 билет сатылды.
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.
Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
№2 ізденіске жетелейтін есеп, мұғалімнің көмегімен жүзеге асыруға болады.
№3 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
№4

Сергіту сәті.
Егер жолаушы 10 минутта озып кетсе, жолға кеткен уақыттың 10 минутқа тең болғаны.
1-тәсіл:
70·10=700 (м) – 1-жолаушы жүріп өткен жол.
700-600=100 (м) 2-жолаушының жүріп өткен жолы.
100:10=10 (м/мин) – 2-жолаушының жылдамдығы.
2-тәсіл:
600:10=60 (м/мин) – бір-бірінен алыстау жылдамдығы
70-60=10 (м/мин) – 2-жолаушының жылдамдығы.
Ү. Бекіту. №8 тапсырма. Сызбада неше үшбұрыш бар?
Жауабы: а) 16 үшбұрыш бар. ә) 13 үшбұрыш бар.
ҮІ.Үйге тапсырма: № 6,7. 35 бет Бағалау
№ 99. Тақырыбы: Өткенді пысықтау. Қозғалысқа арналған есептерді шығару.
Мақсаты: бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, жұптық Көрнекілігі. схема, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 6,7 ІІІ. Білімін бекіту:
Есеп дегеніміз не? Қозғалысқа арналған есептерге мысал келтір? Жақындау жылдамдығын табу үшін не істеу керек?
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру: Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
№1 тапсырма. Санның бөлігін тап.

№2 Сызбалар бойынша есептерді құрастыру және шығару.
№3 Кесте бойынша өрнек құрастырып, мәнін табу.
а) 1750∙31+30723=84973 2880:40+101∙23=2395 320+6300:20=635
ә) 28245-6005:5=27044 45·420-29596:49=18296 4045-375-75·25=1795
Сергіту сәті.
Ү. Жаңа сабақтан алған білімін бекіту.№4,5 тапсырмаларды өзіндік жұмыс ретінде орындау. Шығармашылық жұмыс. № 8
Стақандар Қарындаштар Фломастерлер Қаламдар
Көк стақан - + -
Жасыл стақан - - +
Қызыл стақан + - -
Үйге тапсырма: № 6,7. 37 бет.
№ 100. Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
Мақсаты: балалардың есептерді арифметикалық және теңдеу құру арқылы шығару сияқты тәсілдері жөнінде білімдерін қорыту, есептеу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау, іздену Көрнекілігі: сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6,7
ІІІ. Пысықтау: ауызша жұмыс. а) Тез есептеу. «Кім жылдам?»
29 ∙ 8 51∙7 38 ∙ 27 80 ∙34
37 ∙ 7 3 ∙ 8 74 ∙ 10 50 ∙ 27
46 ∙ 5 92 ∙ 5 13 ∙ 88 90 ∙ 62
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ . Оқулықпен жұмыс. №1 уақытты белгілеп алып, есептеулерден жарыс өткізу.
Сергіту сәті: мұғалім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.
Егер сан екіге бөлінсе – оқушылар екі рет секіреді, ал егер бөлінбесе – бір рет орнында адымдайды.

№4 сызбалар бойынша есептер құрастыру, шығару. №5 Ауызша талдай отырып, кестені толтыру.
ҮІ. Өткен материалды бекіту. №6 Теңдеулерді жазып, оларды шешу.
14648-х=54∙48 х:20=623∙14 х+395=30294:34

ҮІІ. Бекіту: бүгінгі сабақта не істедік, неге үйрендік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 7; 39 бет. бағалау.

№ 101. Тақырыбы: Есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
Мақсаты: балалардың есептерді арифметикалық және теңдеу құру арқылы шығару сияқты тәсілдері жөнінде білімдерін қорыту, есептеу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту, талдау, салыстыру, қорытынды жасай білуге баулу.
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену
Көрнекілігі: плакаттағы суреттер,сызба, кестелер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 8, 10.

Өткенді пысықтау. Теңдеу дегеніміз не? Белгісіз санды немен белгілейміз?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс № 1. Сызбаны толтыру. №2. есепті шығару.
Шешуі: 60- (15∙2) =30 Жауабы: 30 км қашықтықты жүзіп өтуге тиіс.
ІҮ.Түсінгендерін тексеру
№3,4 тапсырмаларды топпен орындау. №5 баған түрінде есепте:

Шығармашылық тапсырманы орындау. № 6 теңдікте қандай сан жасырылғанын табу.
№7 тапсырмада қалдықпен бөлуді орындау, дұрыстығын тексеру.
Ү. Бекіту: - Сабақта біз не істедік? Қай тапсырма ұнады? Неге?
ҮІ. Үйге тапсырма: №8. 41 бет. 2. бағалау.

№102. Тақырыбы: Бақылау жұмысы № 6
Мақсаты: көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу туралы білімдерін бақылау; қозғалысқа берілген есептерді шығара алу; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы қатынас туралы білімін тексеру; берілген шаманың бұрыштарын сызу және тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын табу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, іздендіру.
Сабақтың түрі: бақылау-бағалау сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8.оқу, талдау.
ІІІ. Білімді тексеру: ауызша жұмыс.
ІҮ. Бақылау жүмысын алу.
І нұсқау
Есепті шығар.
Арасы 390 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі мотоциклші шықты. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Бірінші мотоциклші 60км/сағ жылдамдықпен жүрді. екінші мотоциклшінің жылдамдығын тап.
Есептеулерді орында.
2 311 · 23 1 234 · 56 3 020 · 14
63 336 : 87 45 820 : 79 378 432 : 54
Теңдеуді шеш.
12 000 + х · 50 = 37 500
Өрнектердің мәнін тап.
(96 887 + 3 607) : 3 · 21 – 965
Тіктөртбұрыш сал, оның периметрін есепте. Тіктөртбұрыштың ауданы 20см2 , ені 4см екені белгілі.

ІІ нұсқау.
Есепті шығар.
Арасы 700км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. Бірінші пойыздың жылдамдығы 75 км/сағ. Олар 5 сағаттан кейін кездескен болса, екінші пойыздың жылдамдығын анықта.
Есептеулерді орында.
124 · 32 4 321 · 65 2 030 · 41
288 648 : 72 61 983 : 97 53 760 : 56
3.Теңдеуді шеш.
(у – 30 985) : 15 = 12 000 – 9 731
Өрнектің мәнін тап, мұндағы а = 25.
( 100 000 + 500) : а · 2 – 160 · а
Ауданы 20см2, ені d см тікбұрыштың периметрін тап.
Ү. Түсінгендерін тексеру.
ҮІ. Бекіту. Біз бүгін не білдік? Қорыту, бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: қайталау.
№103. Тақырыбы: Өткенді пысықтау
Мақсаты: екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін, қарама-қарсы және бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді меңгеру деңгейін саралау, көп таңбалы сандарға қатысты есептерді шығару қабілеті мен дағдысын жетілдіру, әртүрлі есептер шығару; кеңістікті ойлау мен есете сақтау қабілетін дамыту; өз күшіне сенуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, плакат.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. «Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: қайталау
ІІІ. Білімін пысықтау: №1 Берілген сандарда не бірлік, ондық, жүздік, мыңдық бар екендігін анықтау.
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:
Мақсат қою кезеңі: оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
№2 көбейту мен бөлуді орындау.
№3 есептеп дұрыстығын тексеру, оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде орындату.
№4 есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Ү. Өткен материалды бекіту:
№6 өрнеектерді шығар:
964 800: (30*16)-14*131= 176 20000-76*800:19=16800
57892:41*4+64400:280=5878 5600*48:280+324764=325724
Шығармашылық жұмыс: №7 Көз мөлшермен параллель түзулерді анықтау. (с,о; m,d)
ҮІ. Бекіту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Не істедік?
ҮІ. Үйге тапсырма: № 5,8 42 бет 2. бағалау.
№ 104. Тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері
Мақсаты: балаларды үш таңбалы санға жазбашакөбейту тәсілімен таныстыру, есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру; Жүйелі ойлау қабілетін дамыту. Белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, іздену Түрі: аралас.
Көрнекілігі: схема, кесте, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 5,8, оқу, тексеру, талдау.
ІІІ. Білімін тексеру. Математикалық диктант.

ІҮ. Жаңа сабақ:


ІҮ. Үйге тапсырма беру. №7,6 тапсырма 44 бет