«?арыш дегеніміз не?» 1 сынып саба? жоспары Жаратылыстану


Сабақ жоспарыПәні: ЖаратылыстануСынып: 1 «в»
Сабақтың тақырыбы: «Ғарыш дегеніміз не?»
Мақсаты: 
Білімділік: Ғарыш туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Танымдық ой – өрісін, әңгімелете отырып сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғаттағы жайларды бақылауға, зейінділікке баулу.
Көрнекі құралдар: ғарыш суреті,сөздер табу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, тізбектеп оқу.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.Түгендеуә) Сабаққа дайындықб) Оқушылардың назарын сабаққа аударуІІ.Үй тапсырмасың тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Балалар ғарыш дегеніміз не білемізбе?
-Олай болса балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ғарыш дегеніміз не?»
-Суретке қарап ғарышта нелер бар екенін мұқият қараймыз-Ғарыш денелеріне балалар ғаламшарлар, Жер серіктері, жұлдыздар, кометалар,астероидтар жатады.
-Бүгін сабақта ғарыш, астрономия, шоқжұлдыз тірек сөздерімен танысамыз.
Оқушыларға тірек сөздерді оқыту,түсіндіру.
Ғарыш – бұл шексіз кеңістік.Онда ғаламшарлар, жұлдыздар және басқа да ғарыш денелері бар.
Астрономия – аспан денелерін, олардың құрылысын, қозғалысын зерттейтін ғылым.
Шоқжұлдыз.Адамдар аспанда шоғырланып, әртүрлі өрнек құрап тұрған жарық жұлдыздарды – шоқжұлдыздарды байқаған. Содан кейін оларға атау берген. Мысалы, Таразы, Егіздер, Шаян және басқалар. Шоқжұлдыздар көмегімен бағдарлау жеңіл болды.
Сен білесің бе?
«Астрономия» сөзі гректің «астрон» (жұлдыз), «номос» (заң) деген екі сөзінен шыққан. Ол « жұлдыздар заңы» деп аударылады.
IV.Сергіту сәті. «Қарлығаш»
V. Сөздер табу
Аспан, ғарыш, астрономия, жұлдыз, ғаламшар.
а с п а н р г ю Н ы
е д ғ а л а м ш А р
в т а ы х у т р Ш е
к г р ж ұ л д ы З г
а т ы п ш з щ к У з
ф ч ш т г л м х Ц ж
а с т р о н о м И я
VI.Қорытынды.1.Ғарыш дегеніміз не?
-Шоқжұлдыз дегеніміз не?
-Астрономия ғылымы нені зерттейді.
VII.Үйге тапсырма. 50-51 бет оқу.