ИНФОРМАТИКА САБА?ЫНДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ А?ПАРАТТЫ? КОММУНИКАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН КІРІКТІРУ


ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН КІРІКТІРУ
Математика және информатика пәнінің мұғалімі
Азімбаева Нұрпан Мұсабайқызы
«Пригород алпы орта білімберетінмектебі» КММ
Семей қаласы.Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогресстердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Компьютерлік технологияны қолдану оқытуға арналған программалық жабдықтарды (электрондық оқулықтар т.б.) сабақта тиімді қолдану пән мұғалімдерінің мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік шеберлігін қажет етеді.«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Мектеп оқушыларының информатика пәнін оқып-үйренуге деген ішкі қызығушылықтары мол. Информатика пәнін оқытудағы ең бірінші қызығушылық оқушылардың компьютерде болып табылады. Ол балалардың ішкі құпия туындысын және жаңа мүмкіндіктерге деген қадам тудырады. Бала компьютердің досына әрі көмекшісіне айналады. Компьютер арқылы оқушы дамиды, әрі дүние жүзімен байланысуға мүмкіндік алады.
Бүгінде оқыту процесінде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі - "Оқу мен жазуды сын тұрғысынан дамыту" технологиясы. Қызығушылықты ояту, жаңа білімге көпір салу, мағынаны ажырату, ой толғаныс стратегиялары оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады, белсенділіктерін оятатынын көріп жүрміз. Топтық жұмыс бала танымына оң әсер етіп қана қоймай ой-өрісін дамытады. Информатика сабағында бұл стратегияларды қолдану АКТ құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті де саабақта заманауи технологияларды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен кіріктіре отырып пайдалану өте тиімді. Сабақтаақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардыпайдаланудыңтиімділігі:
• оқушыныңөзбетіменжұмысы;• аз уақыттакөпбілімалып, уақыттыүнемдеу;• білім-білікдағдыларын тест тапсырмаларыарқылытексеру;• шығармашылықесептершығару;• қашықтықтанбілімалумүмкіндігініңтуындауы;• қажеттіақпараттыжеделтүрдеалумүмкіндігі;• экономикалықтиімділігі;• іс-әрекет, қимылдықажетететінпәндер мен тапсырмалардыоқыпүйрену;• қарапайымкөзбенкөріп, қолменұстапсезінунемесеқұлақ пен естумүмкіндіктеріболмайтынтабиғаттыңтаңғажайыппроцестеріменәртүрлітәжірибенәтижелерінкөріп, сезінумүмкіндігі;• оқушының ой-өрісіндүниетанымынкеңейтуге де ықпалызор.Оқуүдерісіндеақпараттықтехнологияныпайдаланубарысы:1."Түсіну" деңгейінде (теориялықматериалдымеңгерту):
•Электрондықоқулықтар;
•PowerPointбағдарламасындажасалғанпрезентациялар;•MS Wordредакторындажасалғансызбакестелер, үлестірмелер;•Блокнот мәтіндіккішіредактордажазылғанережелержиынтығы (электрондықережеанықтамасы) немесеэлектрондықсөздікқолданылады.2."Қолдану" деңгейінде (теориялықматериалдыбекіту):
•WordPadмәтіндікредакторындамәтінментікелейжұмыс (түзету, үзіндіқосу, аяқтау, әріпқою, астынсызу, суреттер мен сызбаларкірістіру).
•Мультимедиалықмүмкіндіктердіпайдалану (дыбыстардыжазу мен ойнату, лазерлікойнатқышбағдарламасы, фонограф бағдарламасыарқылыдауыстыжазужәнежазылғандыбыстықфайлдықұжатқақоюаудиолекцияныалдын ала жазыпалып, сабақбарысындақолдануғаболады).
•Интернет жүйесі, яғниэлектрондықкітапханамүмкіндігінқолдануғаболады. Оларқылыжаңамәліметтерқорыту.
3."Жинақтау" деңгейінде (теориялықматериалдықорыту):
•Тест бағдарламасыарқылыбілімдітексеру;•PowerPointбағдарламасымен презентация жасату;
•Excelбағдарламасындаөзбілімдерініңмониторингісіншығару.•Сынып ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру немеce өзара тексеру жұмыстарын жүргізу;
•Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу;
•Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.
Өзпрактикамда осы бағыт бойынша жұмыстар жүргіземін сонымен қатар оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулимын. Мысалы: "Excel" бағдарламасын өткен кезде осы программаның көмегімен арифметикалық, геометриялық прогрессия тақырыбына есептер шығару, функциялардың графиктерін салу, кейбір логикалық есептерді кесте құруарқылы шығару жолдарын қарастырып математикалық есептерді компьютердің көмегімен шешуге үйретемін. Мәтіндік редактормен жұмыс кезінде Веннн диаграммасын құру, топтастыру т.с.с тапсырмаларды, әр түрлі іс-қағаздарын электронды түрде тез дайындауға баулимын.
Сонымен қатар 5-сыныптан бастап оқушылар өздерінің электрондық сөздігін "Блокнот" бағдарламасында құрып әр сабақта жаңа сөздермен толықтырып отырады. Бұл тұста үштілділікті дамытуға тырысамын. Мысалы күнделікті сабаққа қатысты терминдерді үш тілде дайындап қоямын, оқушылар оны құлаққап арқылы тыңдап, айтып үйрене отырып өздерінің сөздік қорын молайтады.
Қорыта келе, ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Әдебиеттер:1. Садықов Т. С., Әбілқасымова А. Е. Қазіргі заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004. -218 б. 2. Ойынтехнологиясыныңерекшеліктері // Интернет. //3. С. Т. МұхамбетжановаМектепинформатикасыноқытуәдістемесі (7-11 сыныпматериалдарынегізінде)Алматы, 20064. Д. С. РахманбердиеваИнформатика жәнеақпараттық технология 7-8 сыныпАлматы, 2007