Баяндама ?АЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕ ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ


ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Базарбаева Балғанат Еркимбаевна,
Қостанай қаласының С. Мәуленов атындағы гимназиясының
тарих пәні мұғалімі
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы дамыған кезеңі. Заманауи өзгертулер мен енгізілген жаңашылдықтар білім беру жүйесінің жақсы нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда, жаңа ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану және мақсаттарын жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ғылым мен тәжірибенің негізінде білімді ұрпақ тәрбиелеуге қажетті жағдай жасап, қалыптастыру басты мақсат болып отыр. Жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізу болашақта білім берудің негізгі міндеті. Осы міндеттердің бірі білім жүйесін ақпараттандыру, компьютерлерді оқу және оқыту құралы ретінде пайдалану болып отыр. Оған барлық пәндер бойынша мультимедиялық электрондық білім беру және дайындық саласындағы кез – келген бағдарлама жатады. Сондай – ақ осы кезде ақпараттық технологиялардың тиімділігі анықтала түседі. Қазіргі кезде технологиялардың жаңа жетістіктері сөйлейтін интерактивті тақталар мен электрондық оқулықтар, т.б.
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – заман талабы. Әр мұғалім өз сабағын түрлендіріп өткізгісі келеді. АКТ-ға теледидар, интернет, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер немесе ноутбук жатқызылса, әрқайсысының өзіндік қолданылу орны бар. АКТ оқушы қызығушылығын арттырады және есте сақтауға көмектеседі. Өйткені естігеннен, оқығаннан гөрі көзімен көрген есте жақсы қалады. Қайта қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады. Интерактивті тақта арқылы оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту - қабілетті, дарындыбалалар көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болып келеді.
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.
Негізгі міндеттерді көздеу үшін бағдарламалар мен ережелер әзірленген:
-  қабілеттілікті ерте айқындауды қамтамасыз ету;
-  оқушының шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізу;
-  қабілетті балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған педагогика-психологиялық кепілдемелер әзірлеу;
- дарынды балаларға практикалық көмек көрсету.
АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«Белсенді экран» Ақпаратты өңдеу үшін компьютерді басқаруға арналған кешен, және білім беру бұл кезде әмбебап интерактивті жүйеге айналады. Бағдарламалық – ақпараттық кешен дидактикалық құрал ретінде қолдану кезінде оқушылардың біліктілік дағдыларын жақсарту үшін ақпарат көзі ретінде, сонымен бірге, ойлануға және өз ойын қысқа да нұсқа жеткізуге, қабілеттерін арттыруға жағдай жасайды.
          Интерактивті құралдар сіздерге оқу үрдісінде бірнеше мәселені шешуге көмек береді:
Берілген мәселе бойынша базалық білімді арттыру;
Біліміді жүйелеу;
Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы, білімге қызығушылын арттыру;
Көптеген оқушылар көріп, естігендерінің 5%- 20% есте сақтайды. Аудио – видео ақпараттарды пайдалану есте сақтау қабілетін 40-50% арттырады.
Қазіргі заманауи білім беру жүйесінде мұғалім өз пәнін ғана терең біліп қоймай, тарихи, педагогикалық, психологиялық дағдылардың иесі, сондай – ақ экономикалық, саяси, ақпараттық жағынан да сауатты болуы керек. Ол заманауи жаңалықтар ағымына сәйкес білім беру жүйесінің қазығы, Мұғалім жан дүниесімен беріліп жұмыс істеп, шығармашылққа жетелей алады.
Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан тарих сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірден - бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан - жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс. Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруге шығармашылықтапсырмалардың орны ерекше. Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек текстік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстар да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімінің сапасы – мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығын сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.Қазіргі кезде бүкіл әлемге жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу – тәрбие орындарының іс-әрекет қағидалары қайта құру, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және шарты. Бір жағынан құндылықтарының сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан олар барлық екі нәрседен бастартып, әлеуметтік қайта жасалмдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп оқу үрдісін қазіргі деңгейінде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды. Инновациялық іс-әрекет – дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған әзірленген немесе педагогика бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.
Біз бейбіт елде өмір сүріп, білім беруге үлкен мән бөліп отырмыз. Басты мақсатымыз терең білім бер арқылы, өмірде өз жолын аба білетін, жан – жақты дамыған, өзідігінен шешім қабылдайтын тұлға тәбиелеу болып отыр.
 
 Қолданылған әдебиеттер:
1. Бурибаев B. Балапанов, Y. «Жаңа ақпарттық технологиялар», Алматы, 2003.
2. "Экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация" "Егеменді Казахстан", 2005. № 13
3. Ізтеміров Н "Заманауи білім беру технологиялары және оқу – әдістемелік құралдар», Алматы, 2007.