??старды аялайы? Мекткпалды даярлы? тобы


Құстарды аялайық.
Мақсаты:
Білімділік: Блаға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға үйрету.
Дамытушылық: Құстардың дауыстарын сала отырып,тілдік қорын жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тыйым сөздер, мақал – мәтелдер айту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: құстардың бейнесі, дала құстары мен үй құстарына арналған тапсырмаға сәйкес суреттер.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Ал, балалар қанеки алдымен сәлемдесіп алайық...
Таң сәріден тұрып – ап
Сәлем, бердік сіздерге.
Сәлем, саған туған жер,
Сәлем саған туған ел.
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Қош келіпсіз апайлар,
Сәлеметсіздерме!
Балалар, біз бүгін келген қонақтармен амандыстық, енді алақандарымызбен бір – бірімізге жылы лебіз айтайық...
Бақшамыз гүлдене берсін...
Нанымыз көп болсын...
Ата – анамыз ауырмасын...
Қалымыз көркейе берсін...
Ешқашан ауырмайық...
Жарайсыңдар!
Негізгі бөлім:
-Балалар мен сендерге Айсұлудың оқиғасын айтып берейін барлығымыз мұқият тыңдаймыз.
Ертеде Айсұлу деген қыз болған екен. Ол қыз бір күні анасынан рұқсат сұрамай үйден шығып кетеді. Келе жатып орманның ішіне кіріп кетеді. Балалар, айтындаршы орманда нелер тіршілік етеді?
Балаларлың жауабы
-Дұрыс айтасыңдар. Балалар сендер орманда жабайы аңдар, құстар, жәндіктер өмір сүретінін білесіңдер. Айсұлу орманның ішінде аяңдап келе жатып, құстардың даусын естиді. Ол құстардың дауысын айыру үшін олардың үніне құлақ түріп тыңдайды. Ол құстар мына жұмбақта жасырылған. Егер сендер сол жұмбақты шешсендер, Айсұлудың естіген құстардың үнімен таныс боласыңдар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын тауып, сол құстың дауысын салып бересіңдер.
Қонып алып талға,
Қарқылдайды..... қарға (қарқ – қарқ - қарқ)
Өзің атын төтеп,
Шақырады.... көкек (кук-кук-кук)
Отыра алмай тыншып,
Шиқылдайды ... шымшық (шиқ –шиқ-шиқ)
Бұл Айсұлудың естіген құстарының дауысы болатын. Айсұлу одан әрі жүріп келе жатып, қалың шөптің арасынан ысылдаған жыланның дауысын естиді. Қыз жыланда көріп кері шегінеді. Балалар, жылан қалай дауыс шығарады.
-ыссс-ыссс-ыссс...
-Жылан Айсұлуға меннен құтылғың келсе, менің тапсырмамды орында дейді. Балалар, Айсұлу сендерден көмек сұрап жатыр, көмектесемізбе?
-Ендеше жыланның мына тапсырмасын орындайық. Сендер мына жерден үй құстары мен дала құстарын айырып екі бөлек топтастырып, олардың аттарын атап берулерің керек.
- Жарайсыңдар енді әңгімемізді одан әрі жалғастырамыз. Айсұлу сендердің көмектеріңнің арқасында жыланнан құтылды, ол құтылғанына қуанып ағаштың түбіне келіп аздап тынығып алайын деп отырады. Осы кезде құлағының түбіне ызыңдаған дыбысты естиді. Балалар, бұл ызыңдаған ненің дауысы деп ойлайсыңдар? Әрине бұл масаның дауысы. Қане, бәріміз масаның даусын салайық.
-ыз-ыз-ыз-ыз...
-Айсұлу әбден шаршап, қайтар жолды таба алмай орман ішімен келе жатады, кенет алуан түрге енген гүлдерді көріп қуанып кетеді. Олардың жанына келіп гүлдердің хош иісін иіскеп тұрғанда, гүлдердің шырынын жинап жүрген араларды кқреді. Енді бәріміз сол аралардың дауысын салайық.
-ыжж-ыжж-ыжж...
-Айсұлу сол дауыстан қатты қорқып үйіне барғысы келеді, бірақ, ол үйіне барар жолды білмейді. Сөйтіп, ағаштың түбіне ықтап отырып, жылайды. Сол кезде ағаштан – ағашқа секіріп жүрген тиін Айсұлуды көріп:
- Сен кімсің? Неге жылап отырсың дейді?
Айсулу өзінің үйінен рұқсатсыз шығып кетіп, адасып қалғанын айтады. Тиін Айсулуға тапсырманы орындаса, оған үйіне барар жолды көрсетемңн дейді. Балалар, сендер Айсулуға тапсырманы орындауға көмектесесіңдерме?
-Ендеше тиіннің тапсырмасы бұл «логикалық тапсырма». Мқнда мен сендерге тиіннің тапсырмасын оқимын, ал сендер дұрыс жауап беруге тырысыңдар.
1) Қазақстан Мемлекеттік Туында қандай құс бейнеленген? (Бүркіт).
2) Әнші құс қалай аталады? (Бұлбұл).
3) Каспий теңізіне қыста қандай құс ұшып келеді? (Аққу).
Енді осы құстарға байланысты жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешуін табайық.
Жайнаған бақыттың әншісі,
Тамсанған оған сән кісі. (бұлбұл)
Су бетіне сызып,
Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)
Бес қаруы белінде,
Самғап жүрер көгімде. (бүркіт)
Балалар, сендер барлығыңда сондай тапқыр балалар екенсіңдер. Сендердің сондай тапқырлықтарыңнан Айсулу үйәне аман – есен оралды.
-Мен сендерге қазір «З,Ж» дыбысына арналған жаңылтпаш айтам, ал сендер соны қайталайсыңдар.
Жағажай, жағажай,
Жағажайда Қамажай.
Зу-зу зулап,
Зымырайды ұшақ. (3 түрлі айту, баяу, орта, тез)
-Жарайсыңдар, балалар қазір біз орынымздан тұрып серігіп алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Шапалақты соғайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Қане, қолды жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Алға қарай бір қадам,
Артқа қарай бірқадам.
Жоғары – төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
-Біраз серігіп алдық. Айсулудың әңгімесіне оралайық. Айсулу орман ішінде келе жатыр еді, күннің көзін бұлт басып, қатты жел соғады. Қане бәріміз жел сияқты дыбыс шығарайық.
-Ууу-ууу-ууу...
-Сол қатты желден ағаштардың жапырақтары шулай бастайды. Жапырақтар жел соққанда қандай дыбыс шығарады?
-Шшш-шшш-шшш...
Сендер осы тиіннің тапсырмасын орындаған соң, тиін оған үйіне барар жолды көрсеткен болатын. Сол себепті де, Айсулу сендерге рахметін айтып жатыр. Енді мен қазір сендермен бірге шеңбер жасай отырып, ойын ойнағым келіп тұр. Оны аты «не жақсы? Не жаман» деп аталады.
Ойын «Не жақсы? Не жаман»
Мақсаты: бір – біріне қарама – қарсы сөздерді ажыратуға және олардың мағынасын түсіне білуге үйрету.
Жақсы – жаман
Ақылды – ақылсыз
Мейрімді – мейрімсіз
Еңбекқор – жалқау
Қайырымды – қайырымсыз
Тілалғыш – тілазар
Батыр – қорқақ
Бауырмал – қатігез
Мақал – мәтел, тыйым сөз
Досыңды сатпа, аққуды атпа.
Құстар біздің досымыз.
Құсқа қамқор бол.
Қорытынды бөлім: әңгіме желісін, ондағы әр жәндіктің дауысын балалардан қайталап сұрау, білімдерін бекіту.